Жел 12, 2016 19:48 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 546-шы бөлім, 121-126 аяттар

«Таһа» сүресінің 121-122 аяттары:

" فَأَکَلا مِنها فَبَدَتْ لهَُمَا سَوْءَاتُهُمَا وَ طَفِقَا یخَْصِفَانِ عَلَیهِْمَا مِن وَرَقِ الجَْنَّةِ وَ عَصَی ءَادَمُ رَبَّهُ فَغَوَى‏ " ، " ثمُ‏َّ اجْتَبَاهُ رَبُّهُ فَتَابَ عَلَیْهِ وَ هَدَى "

Сонда екеуі, одан жеді. Дереу үятты жерлері көрінді. Сондықтан екеуі де үстеріне жаннаттың жапырақтарын жаба бастады. Адам (Ғ.С.) Раббына күнәкар болып, жолдан тайды. (121) Сонан кейін Раббы оны есіркеп, тәубесін қабыл етіп, тура жолға салды. (122)

Алдыңғы бағдарламада Құдай Адам мен зайыбына шайттанның алдауына түсіп қалмауды, өйткені ол сендердің дұшпандарың. Ол осы нығметке толы пейіштен сендерді шығаруды мақсат ететді деп ескертті дедік. Алайда шайтанның азғырғаны соншалықты олар тыйым салынған жемісті жеді. Алғашқы белгісі олардың бойларындағы жұмақтық киімдері шешіліп, олар өздерін тұттай жалаңаш көрді. Сол кезде ағаштың жапырақтарымен денелерін жабуға мәжбүр болды. Шайттанның сол ағаштың жемісін жеу арқылы жоғарырақ, мәңгілік дәрежелерге жетесіңдер деген уәдесі шайтанның басқа да уәделері сынды жалған болды. Оларды мақсаттарына жеткізбей, үмітсіз жөндеріне қоя берді. Осы оқиғада Адам мен зайыбы ойлаған ойларына жетпегендерімен қатар, Құдайға бағынбаушылық танытып, Оған жақын болу дәрежесін жоғалтты. Дегенмен Құдай Адамды өзінің рақымынан мәңгілікке аластатқан жоқ. Керісінше Өзінің мейірімін оған қайтарып, жетекшілік етіп, тәубесін қабылдады. Тіпті оны басқа құлдарына жетекшілік ету үшін тағайындады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Бүгінде адамзат қоғамдарында кең таралған жалаңаштық – шайтанның бұйрықтарына ерудің бірі және Құдайға бағынбаушылықтың өрескел түрі. Алғашқы Адам да қапылдық пен Құдайға бағынбаушылықтың салдарынан жалаңаш қалған болатын.2.    Құдайға бағынбаушылық адамды бақытттан кенде етіп, оны адасушылыққа салады.3.    Адам мен Құдайдың байланысында тығырық жоқ. Тәубеге келу және қайта оралу жолы әрдайым ашық.

«Тәубе» сүресінің 123-124 аяттары:

" قَالَ اهْبِطَا مِنْهَا جَمِیعًا بَعْضُُُُُکُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ فَإِمَّا یَأْتِیَنَّکُم مِّنّی هُدًى فَمَنِ اتَّبَعَ هُدَاىَ فَلا یَضِلُّ وَ لا یَشْقَى‏ " ، " وَ مَنْ أَعْرَضَ عَن ذِکْرِى فَإِنَّ لَهُ مَعِیشَةً ضَنکاً وَ نَحَْشُرُهُ یَوْمَ الْقِیامَةِ أَعْمَى‏" 

Бір-біріңе дұшпан болған бойда жаннаттан түгел түсіңдер. Егер екеуің тарапымнан бір туралық келіп, кім тура жолыма ілессе, сонда ол адаспайды да машақат тартпайды. (123) Ал кім үгітімнен бет бұрса, сонда күдіксіз оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ оны соқыр түрде жинаймыз. (124)

Құдай адамның күнәсін кешіргенімен оны мен зайыбына енді жұмақтан орын болмады. Олар мен шайтанды пейіштен шығарып, жерге қоныстандыру үкімі шығарылды. Олардың арасындағы дұшпандық жалғасатын болды. Сол кезде Құран Кәрім адамдарға жетекшілік етудегі илаһи сүннетке тоқталып: «Сендерге пайғамбар жіберген кезде оның соңынан еріңдер. Сендердің бақыттарың соған байланысты. Егер ол айтқан сөздерге мән бермей, Құдайды ұмытсаңдар, осы дүние мен ақыретте де қиындықтарға ұшырайсыңдар. Бұл дүниеде қысылып ғұмыр кешіп, ақыретте соқыр күйде жиналасыңдар. Ақыреттегі бақыт, яғни мәңгілік пейіштің жолын таба алмайтындай күйде боласыңдар. Бірақ өмірде қысылып өмір сүресіңдер деген жоқтық пен кедейшілік деген мағынада ем ес. Себебі сараңдықтары мен ашкөздіктеріне байланысты үнемі қорқыныш пен алаңдаушылықта өмір сүріп,  тыныштық пен рахаттан кенде байлар қаншама. Құдайды ұмытып, онымен байланысын үзген адамның оның бауыр басатын дүниеден басқа ештеңесі болмайтындығы, соны өзінің мақсат-мұраты санайтындығы түсінікті жағдай. Нәтижесінде өзінің бүкіл талпынысын соған бағыттап, күннен күнге соны көбірек дамытып, тек сонымен айналысады. Бірақ оның бұл сараңдығы пен ашкөздігінің таусылмайтындығы және қол жеткізген табысының оны қанағаттандырмайтындығы шүбәсіз. мұндай адамның қиындықтардың пайда болуы мен  ауыртпалықтардың  көрініс табуынан және ауру мен ажалдың жақындап қалуынан туындайтын қайғы мен алаңдаушылыққа көзжұмбайлық танытып, әрдайым орындалмаған армандарының ортасында және қол жеткізгендерінен айырылып қалудан қорқып өмір сүреді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адамның бақыты мен құтқарылуы илаһи пайғамбарлардың соңдарынан ерудің арқасында.2. Адам материалдық тұрғыдан деңгейі жоғары  болғанымен Құдайды естен шығару алаңдаушылық пен қасіретке себеп болады. 3.Осы дүниеде рухани ақиқаттарды көруге дайын емес адам қияметке соқыр күйде келеді. Бұл оның істерінің салдары.    

«Таһа» сүресінің 125-126 аяттары:

" قَالَ رَبّ‏ِ لِمَ حَشَرْتَنىِ أَعْمَى‏ وَ قَدْ کُنتُ بَصِیرًا " ، " قَالَ کَذلِکَ أَتَتْکَ ءَایَاتُنَا فَنَسِیتَهََا وَ کَذالِکَ الْیَوْمَ تُنسَی‏ " 

"Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Расында мен көретін едім" дейді. (125) (Алла): "Міне осылай. Өйткені саған аяттарымыз келген еді. Сонда сен оны ұмытқан едің. Сол сияқты бүгін сен де ұмытыларсың" дейді. (126)

Ақырет адамның іс-әрекетінің көрініс болғандықтан адамдардың арасындағы Құдайды еске салатын аспандық кітаптар мен илаһи пайғамбарларға көзжұмбайлық таныту адамның қияметте көр соқыр болып клеуіне себеп болады. Оның ешбір наразылығы еш жерге жетпейді. Осы аяттар негізі бойынша кәпірлер ғана емес, сондай-ақ Құранға мән бермейтін, сондай-ақ Құдайды еске алу болып табылатын намаз оқуда солқылдақтық танытатын мұсылмандар да осы дүние мен ақыретте осындай салдар мен нәтижеге душар болады. Осы аяттардан үйренетініміз.1.Илаһи жазалар әділ. Олар адамның күнәсіне сәйкес беріледі. 2. Осы дүниеде көздің көруі адам үшін маңызды болғанымен, қияметте адам жұмақтың сұлулығы мен нығметтерін көре алуы үшін көздің көруі маңыздырақ.