Таһа сүресі, 545-ші бөлім, 115-120 аяттар
Таһа сүресі, 545-ші бөлім, 115-120 аяттар
«Таһа» сүресінің 115 аяты:
" وَلَقَدْ عَهِدْنا إِلى آدَمَ مِن قَبْلُ فَنَسِیَ وَلَمْ نَجِدْ لَهُ عَزْمًا "
Рас бұрын Адаммен келісім жасаған едік. Алайда, ол ұмытты. Оны келісімге тұрақты таппадық. (115)
Осы жерге дейін «Таһа» сүресі хазірет Мұса мен Исраил қауымының бастарынан кешкен оқиғалары және олардың Перғауынмен күресі туралы болды. Осы сүренің қалған аяттары хазірет Адам мен оның зайыбы Хауа және шайтанның олармен жауластығы жайлы болмақ. Құран Кәрімнің басқа аяттарынан белгілі болғандай, Адам мен Хауа тіршіліктің басында ол жерде рахат пен тыныштық үшін барлығы дайын болған жұмақ сынды бақта өмір сүрген. Олар ол кезде жұмыс істеуге міндетті емес еді. Екеуі илаһи нығметтерден еркін пайдаланатын. Осылай бола тұра Құдай оларға ағаштардың біріне жақындамауға, оның жемісін жемеуге және шайтанның алдауынан абай болуға кеңес берген еді. Бірақ олар Құдайдың кеңестеріне шынайы түрде мән бермеді. Сол себепті бір күні жаза басып, жұмақтан қуылды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Мықты ерік-жігердің болмауы илаһи айыптауға душар етеді.2.Құдай адаммен өзінің ұлылығын сақтау үшін келісімшарт жасасты. Алайда адам келісімге берік емес.
«Таһа» сүресінің 116-117 аяттары:
" وَإِذْ قُلْنا لِلْمَلائِکَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلّا إِبْلِیسَ أَبى " ، " فَقُلْنا یا آدَمُ إِنَّ هذا عَدُوٌّ لَّکَ وَ لِزَوْجِکَ فَلا یُخْرِجَنَّکُما مِنَ الْجَنَّةِ فَتَشْقى "
Сол уақытта періштелерге: "Адамға сәжде қылыңдар!",- дедік. Сонда олар сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай бас тартты. (116) Сонда Адамға: "Күдіксіз, осы саған да жұбайыңа да дұшпан. Екеуіңді жаннаттан шығарып жібермесін. Сонда машақат тартасыңдар" дедік. (117)
Адамды жаратқан соң оның періштелерден артықтығы белгілі болу үшін Құдай оларға Адамның алдында тағзым етіп, мойынсұнушылық танытып, сәждеге жығылуға бұйрық берді. Заты жын болғанымен көп ғибадат еткені үшін періштелердің қатарынан орын алған Ібіліс те Алланың сол бұйрығын орындауға міндетті болды. Алайда ол Алланың бұйрығын қабылдамай, бағынбаушылық танытты. Құдай сол кезден-ақ Ібілістің адамзат ұрпағымен дұшпандығын ескертіп, оның соңынан ерудің қорлық пен бақытсыздықтың себебі болатындығын, адамды тыныштық пен рахаттан айыратындығын біліңдер деп ескертті. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Адам жаратылыстағы барлық мақұлықтардан, тіпті періштелер мен жындардан да артық. Құдай оған осы ұлылықты сыйлады.2. Шайтан адамның жаратылысының ең басынан оған дұшпан болды. Оның дұшпандығы қияметке дейін жалғасады.
«Таһа» сүресінің 118-119 аяттары:
" إِنَّ لَکَ أَلَّا تَجُوعَ فیها وَلا تَعْرى " ، " وَأَنَّکَ لا تَظمَؤُا فیها وَلا تَضْحى "
Күдіксіз сен жаннатта, аш-жалаңаш қалмайсың. (118) Сондай-ақ онда шөлдемейсің де күннің ыстығы өтпейді. (119)
Құдайдың Адам мен зайыбы Хауа үшін олардың жаратылыстарының басында әзірлеген мекенін «Бұл орасан зор нығметтерге толы бақ» деп суреттейді. Сол себепті ол жерде ешқашан аш болмайсың, ол жердің ауасының жағымдылығы сондай, шөлдейтіндей, мазаң кетіп, қиналатындай ыстық болмайды. Адамның алғашқы қажеттіліктерінің барлығы: су, қорек, киім, баспана сол жерде дайын еді. Сол нығметтерге қол жеткізу үшін ешқандаай қиындық көріп, еңбек етудің қажеті жоқ болатын. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Бұл дүниедегі өмір аштық, шөлдеу сияқты қиындықтар мен машақатқа толы. Бұл қиындықтар шайтанның соңынан ерудің салдарлары болып табылады. 2.Илаһи бұйрықтарды орындау адамды ол жерде ешқандай қиындық пен тауқімет болмайтын жұмаққа енгізеді.
«Таһа» сүресінің 120 аяты:
" فَوَسْوَسَ إِلَیْهِ الشَّیْطَانُ قالَ یا آدَمُ هَلْ أَدُلُّکَ عَلى شَجَرَةِ الْخُلْدِ وَ مُلْکٍ لّا یَبْلى "
Ақыр шайтан оған азғыру жүргізіп: "Әй, Адам! Саған мәңгілік ағашын және таусылмайтын салтанатты көрсетейін бе?",- деді. (120)
Ақыр-соңы Құдайдың адамға ескерткені дәл келді. Оқиға былай болды: Адамның алдында сәждеге жығылмаған шайтан оған басқа бір танымайтын кейіпте көрініп, аяр сөздерімен Құдай оған тыйым салған нәрсені сондай бір құнды бағалы және тұрақты нәрсе етіп көрсетіп, оны азғырды. Мәңгілік өмір сүріп, шексіз құдіретке ие болғысы келген Адам соның бәрін оған уәде еткен шайттанның сөздеріне алданып қалды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Шайтан адамды мәжбүрлемейді, бірақ азғырады. 2. Шайтан адамның нәпсілік талап-тілектері арқылы әсер етеді. Себебі сол істерге алдану үшін негіз көбірек.