Жел 12, 2016 20:01 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 542-ші бөлім, 99-104 аяттар

«Таһа» сүресінің 99 аяты:

" کَذلِکَ نَقُصُّ عَلَیْکَ مِنْ أَنباء ما قَدْ سَبَقَ وَقَدْ اتَیْناکَ مِن لَدُنّا ذِکْرًا "

(Мұхаммед Ғ.С.) өстіп, саған кейбір болып өткен уақиғаларды баян етеміз. Сондай-ақ саған өз қасымыздан зікірдің мәйегі болатын Құранды бердік. (99)

Осы сүренің 90-нан астам аятының әр жерінде баяндалған хазірет Мұсаның өмірінің соңғы бөлімінде Құдай ислам пайғамбарына қаратып былай дейді: «Құранның басқа аяттары сияқты ескерту мен еске салудың мәйегі болып, адамдарға ғибрат болу үшін бұрынғы қауымдар мен олардың пайғамбарларының оқиғасын саған уәхи түрінде баяндаймыз. Тәрбиелеу әдістерінің біріне бұрынғылардың хабарларын баяндап, көрініп, сезілетіндей, олар үшін түсінікті бұрынғылардың жақсы және жаман соңдары мен нәтижелерін баяндау жататындығында шүбә жоқ. Бұрынғылардың тарихын еске салу шын мәнінде бүгінгі өмірде бұрынғылардың тәжірибелерін пайдалану деген мағынада. Бұл барлық халықтар мен ұлттардың арасында қабылданған іс. Басқаша айтқанда, адамдардардың бір тобы ғана түсінетін интеллектуалды және қисынды құрғақ дәлелдерді қажет етпей, жалпы халық бұрынғылардың тағдырларына назар аударып, содан ғибрат алуы керек. Осы аяттан үйренетініміз:1. Құранның хикаялары ең жақсы хикаялар. Себебі оның Айтушысы – Құдай, қаратып айтылған адамы – пайғамбар. Оқиғалары – ойдан шығарылмаған, өмірде болған шынайы оқиғалар. 2. Құран пайғамбарлардың тарихын баяндап, оларды бұрмалаушылық пен түзету енгізуден сақтайды. 

«Таһа» сүресінің 100 және 101аяттары:

" مَنْ أَعْرَضَ عَنْهُ فَاِنَّهُ یَحْمِلُ یَوْمَ الْقِیامَةِ وِزْرًا " ، " خالِدینَ فیهِ وَساءَ لَهُمْ یَوْمَ الْقِیامَةِ حِمْلًا "

Кім Құраннан бет бұрса, сонда күдіксіз оған қиямет күнінде күнә жүктеледі (100). Олар ол бейнетте мүлде қалады. Олар үшін қиямет күні нендей жаман жүк. (101)

Құран адамның осы дүние мен ақыреттегі бақыты үшін анық және түсінікті ақиқаттарды еске салғанына қарамастан адамдардың бір тобы: кәпірлер болсын, күнаһар мұсылмандар болсын оның ескертулеріне мән бермей, одан сабақ алмайды. Мұндай әрекеттің соңы осы дүние мен ақыреттегі кіріптарлық болмақ. Бұл дүниедегі өмір қысқа. Қалай болғанымен жылдам өте шығады. Бірақ маңыздысы –аяқталмайтын, бітпейтін қияметтегі күнәнің жүгі. Одан қашып құтылатын жол жоқ. Осы аяттан үйренетініміз:1.Күнә – қияметте көрініс беретін, күнәһарды кіріптар ететін ауыр жүк. 2.Күнәнің әсері көрінбей немесе жоғалып кетпейді. Ол күнәһардың  отқа түсуіне себеп болады.

«Таһа» сүресінің 102 аяты:

" یَوْمَ یُنفَخُ فِی الصُّورِ وَنَحْشُرُ الْمُجْرِمینَ یَوْمَئِذٍ زُرْقًا " ، " یَتَخافَتُونَ بَیْنَهُمْ إِن لَبِثْتُمْ إِلّا عَشْرًا "

Сүр үрілген күні күнәкарларды көздері көгерген, соқыр түрде жинаймыз. (102)

Олар араларында: "Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық" деп сыбырласады. (23-С. 113-А.) (103)Осы аяттар қияметтегі күнәһарлардың жағдайын суреттеп, алдымен былай дейді: «Қиямет күні сүрдің үрленуімен басталады». Құранның басқа аяттарынан дүниенің соңы мен қияметтің басталуы екі қатты әрекет және қатты дауыспен қатар болып, сүрдің үніне ауысатындығы белгілі.  Осы дүниедегі мықты денелі адамдарды қияметте көргендер шошиды. Олар қияметте көгерген денемен, көздері көрмей жиналады. Осы дүниедегі өмірдің ұзақтығы немесе өлімнен кейінгі барзах әлемінде тоқтайтын уақыттың қысқалығы соншалықты, адамдар оны он күннен артық деп санамайды. Бұл қияметтің ұлылығы мен зор болуынан және қорқыныштан туындап, олардың бойларын билеп, әсер еткендіктен. Осы аяттан үйренетініміз:1.Шешім қабылдағанда осы дүниедегі өмір мен ақыреттің арасын салыстырып, істердің тұрақты әсерлеріне назар аударайық.2. Күнәһарлардың алдында әсіздік танытпайық. Керісінше олардың қор әрі пәс екендіктерін білейік.

«Таһа» сүресінің 104 аяты:

" نَحْنُ أَعْلَمُ بِما یَقُولُونَ إِذْ یَقُولُ أَمْثَلُهُمْ طَرِیقَةً إِن لَبِثْتُمْ إِلّا یَوْمًا "

Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардың ең туралары: "Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар" дейді. (104)

 Бұл дүниенің өмірін он күн деп көрген адамдардың сөзіне қарсы Құран былай дейді: «Құдай осы дүние мен ақыреттің шындығынан барлығынан да хабардар. Бірақ осы дүниенің өмірін он күн деп санағандар осы уақытты ұзақ уақыт деп санады. Себебі ақылды, парасатты адамдар бұл дүниені бір күннен артық санамайды. Бүл дүниедегі ғұмырдың ақыреттің алдында бұдан артық еместігі түсінікті». Осы аяттан үйренетініміз:1.Ақылдырақ адам бұл дүниедегі өмірді қысқарақ деп санайды.2.Жаратылыстың Жаратушысы – Құдай дүниені пәни, ал оның оның тауарын түкке тұрғысыз санайды. Реалист адамдар да осы ақиқатты өздерінің шара-шарықтарына қарай түсінеді.