Жел 12, 2016 20:06 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 541-ші бөлім, 95-98 аяттар

«Таһа» сүресінің 95-96  аяттары:

" قالَ فَما خَطْبُکَ یا سامِرِیُّ " ، " قالَ بَصُرْتُ بِما لَمْ یَبْصُرُوا بِهِ فَقَبَضْتُ قَبْضَةً مِنْ أَثَرِِ الرَّسُولِ فَنَبَذْتُها وَکَذلِکَ سَوَّلَتْ لی نَفْسی "

(Мұса Ғ.С): "Әй, Сәміри! Жә, сенің істегенің не?",- деді. (95) (Сәміри): "Олар көрмеген бір нәрсе көрдім. Елшінің (Жебрейіл Ғ.С.) ізінен бір уыс топырақ алып, оны ішіне салдым. Оны маған нәпсім жақсы көрсетті" деді. (96)

.Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның Тур тауынан қайтып оралғанда таухид дінінен бас тартып, шерккке бет бұрған пұтқа табынушы қалың халықпен бетпе-бет келгенін айттық. Хазірет Мұса алдымен ағасы Һарунға қатаң қатынас жасап, оның түсінік беріуін сұрады. Сол кезде Һарун қауымның өзінің бұйрығынан бас тартқанын айтты. Бірақ сол бұрмаланушылықтың себепкері Самерие есімді адам мен оның жасаған алтын бұзауы болды. Осы аяттарда хазірет оны «неге мұндай іске  бардың?» деп, сұрақтың астына алды. Самери: «Мен басында Құдайдың елшісі ретінде сен әкелген дінге иман келтірген едім. Тіпті басқалар оны білмеген ақиқаттарға қол жеткіздім.  Бірақ нәпсіге беріліп үйренген нәрсемді лақтырып тастадым» деп жауап берді.  Рауаяттарда бірде хазірет Әли Басра халқының алдында сөз сөйлеп жатқанда сол кездегі данышпандардың бірі болған Хасан Басри хазіреттің айтқан сөздерін жазып алып отырады. Имам дауыстап, оған қарап: «Бұл адам менің сөздерімді жазып алып, кейін болашақта маған қарсы сөз айтатын, халықты бұрмалаушылыққа тартатын осы үмбеттің Самериі» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Қоғамның жетекшілері қырағы болулары керек. Өйткені Самери сияқты адамдардың тура жолдан таюларына себеп болатын адамдар жеткілікті. 2.    Нәпсілік тілек кей-кейде адамдардың имандарын зая етеді. Нәпсілік тілекке еру тіпті бір ел мен халықтың тура жолдан таюының факторы да болуы мүмкін. Өзінің нәпсісіне алданғана дам басқаларды да алдай алады. 

 «Таһа» сүресінің 97-аяты:

" قالَ فَاذْهَبْ فَإِنَّ لَکَ فِی الْحَیوةِ أَن تَقُولَ لا مِساسَ وَإِنَّ لَکَ مَوْعِدًا لَنْ تُخْلَفَهُ وَانظُرْ إِلى إِلَهِکَ الَّذی ظَلْتَ عَلَیْهِ عاکِفًا لَنُحَرِّقَنَّهُ ثُمَّ لَنَنسِفَنَّهُ فِی الْیَمِّ نَسْفًا " 

(Мұса Ғ.С.): Самериге "Енді кет! Сенің жазаң осы дүниедегі өмірде. Өмірің бойынша: “Маған жұғыспа” деп өтесің. Қияметте де күдіксіз саған әсте өзгермейтін бір жаза тағы бар. Бұлжымай табынған тәңіріңе қара! Әлбетте оны өртеп, сонан соң дәрияға тастап жібереміз." (97)

Самеридің жауабы кешірім сұрап, сылтау айтқаннан басқа ештеңе болмағаны, хазірет Мұсаның оны қабылдамағаны түсінікті. Сол себепті оны жер аударуға бұйырып: «Сенің бұл дүниедегі жазаң дамдармен өмір сүре алмайтындай, бір ауруға шалдығып, жұрттан оқшау қалатын боласың. Ақыреттегі жазасының өз орнында екендігі өз-өзінен түсінікті. Дүниеде тартатын азабы оның ақыреттегі азабын еш азайта алмайды» деді. Самеридің жағдайын анықтаған соң хазірет Мұса бұзаудың мүсініне қатысты оның алтыннан жасалғанына қарамастан кесімді шешім қабылдап, былай деді: «Бұзаудың мүсінін құрту керек». Одан еш белгі қалмады. Ислам пайғамбары да Меккені жеңіп алған соң барлық пұттарды сындырып, бөлшектетті. Олардың кейбіреулері өте қымбат болғандарына қарамастан, күпіршілік пен шерктің символдары болғандықтан оларды тіпті көне мұралар деген атпен сақтауға да болмайды. Олар шеркке малынған пікірді оятуға себеп болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Бейбастақ, азғындарды қоғамнан қуу илаһи ерлердің әдістеріне жатады. Идеялық және мәдени бұрмалаушы адамдарға бойкот жариялап, оларды қоғамнан аластату илаһи жетекшілердің міндеттері болып табылады. 2. Күнә мен бұрмалаушылықтың құралы қымбат болса да оларды жою керек. Күпір мен шерктің белгісін сылтау айтып немесе ақтап, сақтамау керек.

«Таһа» сүресінің 98- аяты:

" إِنَّما إِلهُکُمُ اللهُ الَّذی لا إِلهَ إِلَّا هُوَ وَسِعَ کُلَّ شَیء ٍ عِلْمًا " 

"Құдайларың Алла ғана. Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Білімі әр нәрсені сидырады." (98)

Самериді елден аластатып, оның жасаған құдайын жойған соң хазірет Мұса шеркке салынған қауымына былай деді: «Бір Құдайдан басқа ешкімге табынып, ғибадат етпеңдер. Одан басқа еш нәрсе де ешкім де Құдай бола алмайды. Сендердің мүдделерің мен зарарларыңнан хабардар Құдайға табыныңдар. Ол жақсылық жасау мен зарарды залалсыздандыруда құдіретті. Осы аяттан үйренетініміз:1.Жалғанды теріске шығарғанда соның орнын басатын хақты баяндандаңдар. Әлемнің Пәруәрдігерінен басқа бізді Өзінің алдында тағзым еткізетін, біздің өткеніміз бен бүгініміз және болашағымыздан ешкімнің хабары жоқ.