Жел 12, 2016 20:08 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 540-шы бөлім, 90-94 аяттар

«Таһа» сүресінің 90-91 аяттары:

" وَلَقَدْ قالَ لَهُمْ هَارُونُ مِن قَبْلُ یا قَوْمِ إِنَّما فُتِنتُم بِهِ وَإِنَّ رَبَّکُمُ الرَّحْمنُ فَاتَّبِعُونی وَأَطیعُوا أَمْرِی " ، " قَالُوا لَن نَّبْرَحَ عَلَیْهِ عاکِفینَ حَتَّى یَرْجِعَ إِلَیْنا مُوسى "

Рас бұрын Һарүн да оларға: "Әй, елім! Шынында сендер осы арқылы сыналдыңдар. Күдіксіз Раббыларың мейірімді. Сондықтан маған еріп, әміріме бой ұсыныңдар!",- деген еді. (90) Олар: "Мұса бізге қайтқанға дейін бұзауға табынудан тапжылмаймыз" десті. (91

Алдыңғы бағдарламаларда хазірет Мұса қауымының арасында болмаған кезде, яғни хазірет  Тур тауында болған кезеңде Самери есімді тура жолдан тайған адамның адамдардың үлкен бөлігін хақ жолынан тайдырып, олардың арасында бұзауға табынушылықты таратқанын айтқан болатынбыз. Осы аяттар былай дейді: «Оның орнына хазірет Мұсаның ағасы хазірет Һарун Исраил қауымының арасында қалған болатын. Ол адамдарға сол алтын бұзау мен оның табиғи емес дауысына алданып қалмау туралы ескерту жасап былай деген болатын: «Бұл құралдардың барлығы Жаратушыларың және Пәруәрдігерлерің, барлық нығметтердің Иесі –бір Құдайға қаншалықты иман келтіретіндіктерің белгілі болуы үшін сендерге берілген бір сынақ. Самеридің бұрмаланған ақидаларына ерудің орнына нағыз Пәруәрдігерге нұсқайтын менің сөзіме еріңдер. Хазірет Мұсаның Тур тауына кетер алдында мені өзінің орынбасары етіп тағайындағанын, маған бағынуды сендерге міндет еткенін ұмыттыңдар ма?» Бірақ Исраил ұрпағы бұрыс жолда табандап тұрып алып, Һарунның анық қисынын қабылдамай, хазірет Мұса Тур тауынан қайтып келгенше бұзауға табынушылықтарын жалғастыра берді. Осы аяттардан үйренетініміз.1.Мүміндердің нағыз Құдайға қаншалықты иман келтіріп, өздерінің ақидаларыңдағы бұрмаланған ойлар мен пікірлерге қарсы қаншалықты орнықты екендіктері анықталуы үшін олар сынаққа түсті. 2.Бүліктер мен сынақтарда илаһи пәк әулиелерге еру адамды бұрмалаушылықтың қатерінен сақтайды. 

«Таһа» сүресінің 92-93 аяттары:

" قالَ یا هارُونُ ما مَنَعَکَ إِذْ رَأَیْتَهُمْ ضَلُّوا " ، " أَلَّا تَتَّبِعَنِ أَفَعَصَیْتَ أَمْرِی "

(Мұса Ғ.С.): "Әй, Һарүн! Бұлардың адасқанын көргенде, артымнан келуіңнен сені тосқан не? Немесе әміріме қарсы келдің бе?",- деді (92-93)

.Хазірет Мұса Тур тауына барғысы келгенде ағасы Һаруннан адамдардың арасында қалып, қоғамда бұзықтық пен бұрмалаушылықтың таралуына жол бермеуді сұраған болатын. Сол себепті қайтып келген кезде оны шақырып алып: «Неліктен менің тапсырмамды орындамадың, жөнсіз бұрмалаушыларға қарсы бұзауға табынушылармен қарсыласпай, менің бұйрықтарыма қарсы әрекет еттің» деп айыптады. Хазірет Мұсаның жанашырлығы мен алаңдаушылығының ағасымен осылай қатаң қатынас көрсетіп, бір қарағанда оны кінәлі деп санауыына себеп болғандығы анық. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Қоғамның жетекшілері адамдардың ой және ақидалық бұрмаланушылықтарына да жауапты. Олар мұндай жауапкершіліктен өздерін босата алмайды.  2.Жаман нәтиже мен хақ жолынан адасудың қатері иманды адамдарға қауіп төндіреді.

«Таһа» сүресінің 94 аяты:  

 " قالَ یَابْنَ أُمَّ لا تَأْخُذْ بِلِحْیَتِی وَلا بِرَأْسی إِنِّی خَشیتُ أَن تَقُولَ فَرَّقْتَ بَیْنَ بَنی إِسْرائِیلَ وَلَمْ تَرْقُبْ قَوْلی " 

(һарүн): "Әй, анамның ұлы! Сақалым мен шашыма жармаспашы. Исраил ұрпақтарының арасына іріткі салдың, сөзімді елемедің деуіңнен қорықтым" деді (94)

.Хазірет Мұсаның ағасы Һарунды Исраил ұрпағын неліктен өзі жоқта бұзауға табынып кетті деп қатты ашуланып, айыптағанын  айттық. Осы аятта һарун өзін қорғап, былай дейді: «Біз екеуіміз бір анадан дүниеге келдік. Сен менің інімсің. Ашуланып менің сақалым мен шашыма жармаспай, маған мейірімділікпен қатынас жасауың керек. Алайда осы бұрмаланушылыққа қарсы мен әрекет етіп, оларға ескерту жасадым. Бірақ олар тыңдамағандарымен қоймай, мені өлтіре жаздады. Мен қоғамның бірлігін сақтау үшін, мүмін және бұзауға табынушы екі топ бір-бірімен қырылыспас үшін, сондай-ақ қоғам жікке бөлінбес үшін соншама ескерту жасаған соң өзіңіз келіп, соларға қатысты шешім қабылдасын деп үшін оларды жөндеріне қалдырдым. Өйткені өзің кетеріңде маған адамдардың арасында түзету әдісімен әрекет етуімді, қоғамда бейбастақтыққа бұзылушылыққа себеп болатын кез-келген істен абай болуымды тапсырған болатынсың. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Бұрмаланушылыққа қарсы ашу-ыза білдіру діни қайраттың белгісі әрі илаһи әулиелердің қасиеттері. 2.Қоғамдағы бұрмаланушылыққа қатынас жасау қоғамдағы таптардың арасында ұрыс пен қақтығыстың көрініс табуына ұласпауы керек. Оның ауыр салдары болады.