Жел 12, 2016 20:11 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 539-шы бөлім, 85-89 аяттар

«Таһа» сүресінің 85 аяты:

" قالَ فَإِنَّا قَدْ فَتَنَّا قَوْمَکَ مِن بَعْدِکَ وَأَضَلَّهُمُ السّامِرِیُّ "(Алла):

"Рас Біз сенен кейін еліңді сынадық. Сондай-ақ оларды Сәміри жолдан шығарды" деді. (85)

Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның Тауратты алу үшін қырық күн Тур тауында қалып, еліне қайтпағанын айттық. Сол кезеңнің соңында Құдай Мұсаға «Сен біраз уақыт осы жерде болғанда Самери есімді адам сенің қауымыңды Құдайға табыну және таухид жолынан шығару үшін негіз дайындады. Адамдар да сол сынақта күдік-күмәнға бой алдырып, шерк пен пұтқа табынушылыққа бет бұрды» деген хабар берді. Дегенмен пұтқа табынушылыққа бет бұру үшін негіз Мысыр халқының арасында мұның алдында-ақ болған еді. Олар Ніл өзенінен өтіп бара жатқанда пұтқа табынушы елді көргенде өздеріне пұт жасау туралы өтініш жасаған болатын. Хазірет Мұсаның қырық күн болмауы Самериге пұтқа табынушылықты халықтың арасында тарату үшін осы мүмкіндікті қалыптастырды. Хазірет Мұса Тур тауына баратын кезде өзінің орнына ағасы Һарунды қалдырғанымен адамдар оның сөздері мен ескертулеріне көңіл бөлмей, тіпті насихат-уағыз айтып, бағдар беруді доғар деп оны қорқытты да. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Аспандық жетекшінің жоқ кезеңі – сынақ пен бүлік кезеңі. Сол кезеңде көп адамдар тура жолдан таюы мүмкін. 2.    Мүміндер дайым илаһи сынаққа алынады. Олар бұрмалаушылық пен адасушылықтың қаупінен аман болмайды.

«Таһа» сүресінің 86 аяты:

" فَرَجَعَ مُوسى إِلى قَوْمِهِ غَضْبانَ أَسِفًا قالَ یا قَوْمِ أَلَمْ یَعِدْکُمْ رَبُّکُمْ وَعْدًا حَسَنًا أَفَطالَ عَلَیْکُمُ الْعَهْدُ أَمْ أَرَدتُّمْ أَن یَحِلََّ عَلَیْکُمْ غَضَبٌ مِن رَبِّکُمْ فَأَخْلَفْتُم مَّوْعِدی "

Сонда Мұса (Ғ.С.) ашуланып, кейіген түрде еліне қайтты да: "Әй, елім! Раббыларың сендерге жақсы уәде қылмап па еді? Сендерге уәде ұзақ келді ме? Немесе өздеріңе Раббыларыңның қаһары келуін қалап, уәдемнен айныдыңдар ма?",-деді. (86)

Хазірет Мұса Тур тауына барар алдында халыққа «Құдай Тауратты түсіруге уәде берді. Мен Тауратты алу үшін Тур тауына барамын» деп хабарлап, өзінің көзі жоқта Һарунға бағынып, кердеңдік танытпауға уәде алған болатын. Бірақ адамдар уәделерінен тайып, Һарунды тыңдамады. Сол себепті хазірет Мұса Тур тауынан оралған кезде Таураттың түсірілуіне қуанудың орнына ашулы болды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Күпіршілік пен адасушылыққа қарсы діни қайрат пен жігерден туған ашу-ыза Құдайдың әулиелерінің ерекшеліктеріне жатады. 2.Пайғамбарлар мен Құдайдың әулиелерінің ашулануы Құдайдың да ашу-ызасын тудырады. 3.Уәдеде тұрмау және илаһи келісімді бұзу қоғамда бұрмалаушылық пен реакция тудырады.

 «Таһа» сүресінің 87 аяты:

" قالُوا ما أَخْلَفْنا مَوْعِدَکَ بِمَلْکِنا وَلَکِنَّا حُمِّلْنا أَوْزارًا مِن زینَةِ الْقَوْمِ فَقَذَفْناها فَکَذَلِکَ أَلْقَى السَّامِرِیُّ "

Олар: "Уәдеңнен өздігімізден таймадық. Бірақ бізге ол елдің сәндік-бұйымдары артылған еді. (Алып шыққан едік.) Сонда оларды отқа салдық. Сәміри осылайша сендірді" деді. (87).

Өздерінің істеріне өкінген Исраил қауымы кешірім сұрауа кірісті. Олар: «Біз бұл істі не өз еркімізбен, не білімділігімізбен, не әдейі жасаған жоқпыз. Бірақ Самеридің сендірулерінің әсер еткені сондай, ол не айтса еркімізден тыс соны істедік. Перғауындықтардан алып келген барлық алтын бұйымдарымызды Самеридің мүсін жасайтын пешіне тастадық. Самериді де бар алтынын пешке тастап, содан алтын бұзау жасады» десті.Осы аяттардан үйренетініміз.1.Күнәһарлар өздерінің күнәларын ақтау үшін басқаларды кінәлі етіп, соларды өздерінің жазып, жаңылғандарының себебі деп атайды. Бірақ бұл олардың жазасын жеңілдетпейді.2.Әшекей бұйымдар – халықты тура жолдан тайдырудағы құралдардың бірі. Әсіресе дұшпан сол арқылы жоспар құрса. 

«Таһа» сүресінің 88-89 аяттары:

" فَأَخْرَجَ لَهُمْ عِجْلًا جَسَدًا لَهُ خُوارٌ فَقالُوا هذا إِلَهُکُمْ وَ إِلهُ مُوسى فَنَسِیَ " ، " أَفَلا یَرَوْنَ أَلَّا یَرْجِعُ إِلَیْهِمْ قَوْلًا وَ لایَمْلِکُ لَهُمْ ضَرًّا وَ لانَفْعًا "

Сонда Сәміри оларға мөңіреген бір бузаудың мүсінін шығарды да олар: "Сендердің де оны ұмытқан Мұсаның да тәңірі осы. Бірақ ол жаңылды" десті. (88) Олар оның өздеріне жауап қайтармағанын, сондай-ақ олар үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емес екендігін көрмей ме? (89)

Самери адамдардан жинап алған әшекей бұйымдардан алтын бұзаудың мүсінін жасады. Қолданған айла-шарғысының нәтижесінде бұзаудан мөңіреген үн естілетін. Осы нәрсе адамдардың назарын аударуға себеп болды. Самери «Мұса да Тур тауына барғанша осы бұзауға келіп, осыған бағыну керек» деген уәж айтты.  Құдай осы бір жөнсіз әрекетті даттап былай дейді: «Олар бұзаудың дауысын естіп, бір Құдайдан қалай қол үзді? Бірақ олар оның қолынан ештеңенің келмейтіндігін, оларға не пайда, не зиян келтірмейтінін көрді». Нағыз Құдай тым болмағанда өзінің құлдарының қажеттіліктерін орындай алуы керек.  Осы аяттардан үйренетініміз:1.Хақ жолының дұшпандары адамдарды тура жолдан тайдырып, адастыру үшін өнер құралдарынан көп пайдаланады. 2. Көп адамдардың ақылдары көздерінде. Олар Құдайды өз көздерімен көрмейінше иман келтіргілері келмейді.