Таһа сүресі, 538-ші бөлім, 81-84 аяттар
Таһа сүресі, 538-ші бөлім, 81-84 аяттар
«Таһа» сүресінің 81аяты:
" کُلُوا مِن طَیِّباتِ ما رَزَقْناکُمْ وَلاتَطْغَوْا فیهِ فَیَحِلََّ عَلَیْکُمْ غَضَبی وَ مَن یَحْلِلْ عَلَیْهِ غَضَبی فَقَدْ هَوى "
Біз сендерге берген таза ризықтан жеңдер. Бұнда шектен шықпаңдар. (Өйтсеңдер.) Сендерге ашуым түседі. Ал кімге ашуым түссе, расында сол жоқ болады. (81)
Алдыңғы бағдарламада Құдайдың хазірет Мұсаның ізбасарларына көп жағынан жәрдемдескенін айттық. Оларды Перғауынның шеңгелінен азат еткен соң оларға Өзінің нығметтерін үйіп-төгіп берді. Осы аят былай дейді: «Құдай сендердің ықтиярларыңа берген нәрселерді пайдаланыңдар. Таза, халал нәрселерді іздеңдер. Бүлік шығарып, қырсықтық пен қыңырлыққа салынбаңдар, жеңдер. Алланың шегінен шықпаңдар. Бүлікшілік табиғи түрде илаһи қаһар мен ашу тудырады». Осы аяттан үйренетініміз:1. Ислам тамақтың тазалығы мен саулығына мән беріп, Таза және халал емес нәрсені жеуге рұқсат етпейді. 2.Илаһи нығметтерді пайдалану немесе оларды теріс және күнә жолында қолдану илаһи қаһардың түсуі үшін негіз дайындайды.
«Таһа» сүресінің 82 аяты:
" وَإِنِّی لَغَفّارٌ لِمَن تابَ وَ آمَنَ وَ عَمِلَ صالِحًا ثُمَّ اهْتَدى "
Өйткені, Мен кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілік істеп, тура жолда болса, әлбетте жарылқаймын(82)
.Алдыңғы аятта бассыз және күнәһар адамдарға жасалған қорқытудан соң осы аят тура жолдан тайған адамдардың алдынан илаһи рақымның есіктерін ашып, былай дейді: «Дегенмен азап түсірілудің алдында тәубеге келуге мүмкіндік бар. Сол себепті адам өзінің өткен қателіктерінің орнын толтырып, түзетіп, иман және түзу ғамалмен илаһи жетекшілікті қабылдаса ол илаһи рақым мен кешірімге ие болады. Күнәға өкінудің тәубенің жолында жасалатын алғашқы қадам екендігі белгілі. Бірақ бұл жеткілікті емес, оның белгілері адамның ойы мен ғамалынан көрінуі керек. Сондай-ақ адамның жетекшіліктің тура жолын бетке алып, сол жолмен өмірінде ұдайы түрде жүретіндігі анықталуы керек. Осы аяттан үйренетініміз:1.Құдайдың тәрбиелеу әдісінде қорқытудың қасында ынталандыру, жазалардың қасында сый қатар жүреді. 2.Исламдық көзқараста илаһи рақымнан үміт үзу үлкен күнә саналады. Ешкім тығырыққа тірелмейді. Өйткені кез-келген жағдайда Аллаға қайту және Оның рақымына бөленудің мүмкіндігі болады.
«Таһа» сүресінің 83-84 аяттары:
" وَ ما أَعْجَلَکَ عَن قَوْمِکَ یا مُوسى " ، " قالَ هُمْ أُولاءِ عَلى أَثَرِی وَ عَجِلْتُ إِلَیْکَ رَبِّ لِتَرْضى "
Әй Мұса! Сені қауымыңнан не асықтырды?" (83) (Мұса Ғ.С): "Олар артымда, Раббым, разы болуың үшін Саған асықтым" деді. (84)
Осы аяттар Исраил қауымы мен хазірет Мұса өмірінің келесі бөлігіне тоқталады. Құран Кәрімнің келесі аяттарында Мұса Тауратты алу үшін Тур тауына баруы керек болды. Сол жолда Исраил қауымының біразының оның қасында еріп жүретін болғаны айтылған. Бірақ хазірет Мұсаның Құдаймен мүнәжат ету жолындағы көңіл-күйі мен ынтасының зор болғаны соншалықты, рауаяттар негізі бойынша ол жолда ұйықтамастан, ас ішпестен, басқалар қалыпты түрде жүріп келе жатқанда хазірет асығып, Тур тауына жеткен. Қалай болғанда да хазірет Мұса Тур тауына жетті. Тауратты алу үшін сол жерде бір ай болуы керек болғанымен бұл кездесу тағы он күнге ұзартылып, нәтижесінде хазірет Мұса өзінің қауымынан 40 күн жырақта болды. Осы аяттар хазірет Мұсаның Пәруәрдігерімен Тур тауында ашық сөйлескен сұхбаты айтылған. Ол асығуы мен сабырсыздығының себебін Құдайға деген ынтықтық пен Онымен мүнәжат етуге асығу деп атады. Қарапайым адамдардың мұндай ләззатты түсінбейтіндіктері, оған асықпайтындықтары белгілі. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Кейде қарапайым, дүниеуи істерде асығыстық таныту құпталмағанымен, қайырлы және илаһи істерді атқарудағы асығыстық Құдайдың ризалығына жеткізеді. 2. Адамдар әрекет ету үшін қоғамның жетекшілері алдан көрінулері керек. 3. Құдаймен мүнәжат ету тек Алланың әулелері ғана оны түсінетін ерекше ләззатқа ие.