Жел 12, 2016 20:18 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 536-шы бөлім, 72-76 аяттар

«Таһа» сүресінің 72-73 аяттары:

" قالُوا لَن نُّؤْثِرَکَ عَلى ما جاءَنا مِنَ الْبَیِّناتِ وَالَّذِی فَطَرَنا فَاقْضِ ما أَنتَ قاضٍ إِنَّما تَقْضی هذِهِ الْحَیوةَ الدُّنْیا " ، " إِنَّا آمَنّا بِرَبِّنا لِیَغْفِرَ لَنا خَطایانا وَما أَکْرَهْتَنا عَلَیْهِ مِنَ السِّحْرِ وَاللَّهُ خَیْرٌ وَأَبْقى" 

Олар: "Бізге келген ашық мұғжизалардан сондай-ақ бізді жаратқаннан, сені артық көре алмаймыз. Дереу не үкім берсең бер. Әрине сен осы дүниеде ғана ықпал жүргізе аласың" деді. (72) "Күдіксіз біз, қателіктерімізді және сен бізді зорлаған сиқырды кешіруі үшін Раббымызға иман келтірдік. Сондай-ақ Алла (Т.) хайырлы да тұрақты." (73)

Алдыңғы бағдарламада сиқыршылардың хазірет Мұсаның мұғжизаларын көріп, оның ісінің сиқыр мен жады емес, асаны айдаһарға айналдыруының ғайыптың құдіреті негізінде екендігіне сенгенін айттық. Сол себепті сиқыршылардың барлығы Мұсаға иман келтіріп, Перғауын мен қалың халықтың алдында сәждеге жығылды. Олар Мұсаның Құдайына иман келтіргендері тура айтты. Мұндайды көрген Перғауын оларды қатаң азаптайтындығын айтып, қорқытты деп айттық. Осы аяттар былай дейді: «Перғауынның қоқан-лоққысына қарсы жаңадан иман келтірген сиқыршылар қорықпағандарымен қоса артқа да шегінген жоқ. Керісінше «Біз сені өзіміздің Жаратушымыздан артық санай алмаймыз. Біз теріске шығаруға болмайтын анық мұғжизаларды көрдік. Сен де бізге қарсы не істегің келсе, соны істей аласың. Мұның барлығы бірнеше күндік өмірге ғана қатысты. Бірақ, ақырет біздікі. Себебі, Құдай біздің бұрынғы істерімізді кешіріп, халықтың алдында Мұсаны ұятқа қалдыру үшін қастандық жасаған күнәмізді кешіреді деген үміт бар. Себебі, біз ондай істі жасауды мақсат еткен жоқпыз. Сен бізді осы іске мәжбүрледің» деген мықты да нақты жауап берді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адамның құны оның пікірі мен ақидасында. Қорқыту арқылы адамдардың сенімдерін өзгерту мүмкін емес. 2.Нағыз иманның белгісі – діни және илаһи құндылықтар жолында өзінің барлық болмысын пида ету үшін дайын болуда.3.Әлемнің алпауыт елдерінің күші Құдайдың шексіз құдіретінің алдында түкке тұрғысыз. Құдайға иман келтірген адам ешқандай күштен қорықпайды. 

«Таһа» сүресінің 74-75-76 аяттары:

" إِنَّهُ مَن یَأْتِ رَبَّهُ مُجْرِمًا فَإِنَّ لَهُ جَهَنَّمَ لا یَمُوتُ فِیها وَلا یَحْیی " ، " وَ مَنْ یَأْتِهِ مُؤْمِنًا قَدْ عَمِلَ الصَّالِحاتِ فَأُوْلَئِکَ لَهُمُ الدَّرَجاتُ الْعُلى " ، " جَنّاتُ عَدْنٍ تَجْری مِن تَحْتِهَا الْأَنْهارُ خالِدینَ فیها وَذَلِکَ جَزاءُ مَن تَزَکّى "

Күдіксіз кім Раббына күнәкар болып келсе, рас оған тозақ бар: онда ол өлмейді де тіршілік өмір де сүрмейді. (74) Ал кім Оған иман келтіріп, рас ізгі іс істеп келсе, міне соларға жоғары дәрежелер бар: (75) Астынан өзендер ағатын Ғадын бақшалары; Олар онда мәңгі қалады. Пәк болған кісінің сыйлығы осы. (76)

Осы аяттар Перғауынның қоқан-лоққысына қарсы айтылған. Перғауын алдымен сиқыршыларды ынталандыру үшін оларға егер Мұсаны әшкере етсеңдер менің сарайыма енесіңдер деді. Осы аяттар былай дейді: «Иман келтіріп, ізгі ғамал иесі болған әркім Құдайдың жанында ең жоғары деңгейге жетіп, жұмақтық мәңгілік нығметтерге бөленеді». Перғауын қорқытып былай деді: «Мен сендердің аяқ-қолдарыңды шауып тастаймын. Сендерді бұл дүниеден азаппен кетулерің үшін дарға асамын». Аяттар былай дейді: «Тозақ азабының қаттылығы сондай, оған кірген адам тіршіліктен ештеңе түсінбейтін болады. Тыныштық табатындай не өлмейді, тіршілікті сезінетіндей не жақсылық пен тыныштықта болмайды».Осы үш аят сиқыршылардың сөздері ме, әлде олардың айтқандарын толықтыру үшін Құдай тарапынан түскен жеке аяттар ма деген мәселе бойынша, тәпсіршілер қарама-қайшы пікірге ие. Бірақ, екінші нұсқа көңілге қонымдырақ көрінеді. Себебі, сиқыршылардың тез арада мүміндер мен күнәһарлардың қияметтегі соңдары мен нәтижелерінен хабардар бола қоюы және жұмақ пен тозақты осылай сипаттап, егжей-тегжейлі түрде баяндауы қалыпты емес. Егер Құдай олардың жүректері мен тілдеріне аян түсірсе жағдай басқаша. Қалай болғанда да осы оқиғадағы маңызды нәрсе, ол сиқыршылардың имандары үшін негіз дайындаған олардың ішкі төңкерістері мен өзгерістері. Бұл адамның ой мен ғамалды өзгертудегі мүмкіндігі мен қабілетін көрсетеді. Сиқыршылардың иман келтіру хикаясы адам өмір кеңістігі мен қоғамға тәуелді және отбасы мен қоғам оны қалай тәрбиеселсе солай өмір сүруге мәжбүр деп санайтын адамдардың көзқарастарына қарсы. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Адам қалау мен ерікке ие. Ол әр сәтте дінсіздіктен иман келтіруге немесе иманнан дінсіздікке бет бұруы мүмкін.2. Адамның соңы мен нәтижесі маңызды. Өмір бойы дінсіз болып, бірақ өмірінің соңында дүниеден иманды болып өтетін адамдар қаншама. Керісінше өмір бойы ғибадат етіп, бірақ күпіршілікке салынып, шерк келтіріп дүние салатындар да жиі кездеседі. 3. Тақуалық – осы дүние мен ақыретте бақытқа жеткізетін жол. Жүрек пен көз және тілдің пәктігі  адамды кез-келген ауытқушылық пен бұрмаланушылықтан сақтап, оны аман-есен Алланың жұмағына енгізеді.