Жел 12, 2016 20:23 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 534-ші бөлім, 61-66 аяттар

«Таһа» сүресінің 61-62  аяттары:

" قالَ لَهُم مُّوسَى وَیْلَکُمْ لاتَفْتَرُوا عَلَى اللَّهِ کَذِبًا فَیُسْحِتَکُمْ بعَذَابٍ وَقَدْ خابَ مَنِ افْتَرَى 

Мұса (Ғ.С) оларға: "Құрып-ақ қалыңдар! Аллаға өтірік жала жапсырмаңдар. Онда сендерді азаппен жоқ етеді. Расында кім жала жапсырса, мүлде зиянға ұшырайды" деді (61) Олар өзара тартысып, жасырын кеңесті (62).

Алдыңғы бағдарламада Перғауынның хазірет Мұсаның көрсеткен мұғжизалары алдында өзінің ойынша Мұса хазіретті ұятқа қалдырмақ болып, сиқыршыларды шақырғанын айттық. Бірақ хазірет Мұса керісінше, Перғауын мен сиқыршыларды халықтың алдында масқара етіп, өзінің заңдылығын дәлелдеп, бүгінгі күннің тілімен айтқанда, сол қоқан-лоққыны өзі мен хақ дінді таныстыратын мұрсат ретінде пайдалану үшін шараның халықтың алдында өтуін  қалады. Барлығы белгіленген күні жиналған соң хазірет Мұса сиқыршылар мен басқа перғауындықтарға қаратып: «Құдайға серік қосып, Оның мұғжизаларын сиқыр деп атау Құдайға жала жабушылық, әрі жалған айту болып табылады. Бұл өлім мен құрдымға себеп болады. Соңы жеңіліс пен қасіретке соқтырады» деді. Хазірет Мұсаның сөздерінен кейін олар пікір қайшылығына душар болды. Бірақ адамдар түсінбес үшін басқалардан жасырын, бір-бірімен сыбырласып сөйлесті. Хазірет Мұса сиқыршыларға қарсы шығып, күресудің орнына оларды пұттарға табынуды қойып, бір Құдайға құлшылық етуге шақырды. Оның заңдылығының белгісі болған осы қатынасы адамдардың кейбіреулерінің күдік-күмәнға бой алдыруларына себеп болды. Олар Мұсаның Құдайдың пайғамбары болуы әрі оның қауіп-қатерді ескертуі жүзеге асуы ықтимал деп ойлады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Өтірік пен жала арқылы ешқашан нәтижеге жетпейміз. Мұндай жағдайда жеңіліс пен үмітсіздік күтіп тұр. 2. Дұшпандардың арасында да пікір қайшылығы болады. Бірақ олар өздерінің алауыздықтарын мүміндерден жасырады. 

«Таһа» сүресінің 63-64 аяттары:

" قالُوا إِنْ هذانِ لَساحِرانِ یُرِیدانِ أَن یُخْرِجاکُم مِنْ أَرْضِکُم بسِحْرِهِما وَ یَذْهَبا بطَرِیقَتِکُمُ الْمُثْلَى " ، " فَأَجْمِعُوا کَیْدَکُمْ ثُمَّ ائْتوُا صَفًّا وَ قَدْ أَفْلَحَ الْیَوْمَ مَنِ اسْتَعْلَى "

Олар: “Бұл екеуі сиқыршы, сиқырлары арқылы сендерді жерлеріңнен шығаруды, ардақты діндеріңді жоюды қалайды" десті. (63) "Сондықтан барлық сиқырларыңды жинап, сосын қатарланып келіңдер. Расында бүгін кім үстем болса, мұратқа жетеді" (64)

.Хазірет Мұсаның өздері мен адамдардың бір тобына әсер етуінен соң перғауындықтар соның алдын алу үшін Мұса мен Һарунға екі түрлі жала жапты. Перғауындықтар «олар осы сөздері және істерімен билікті қолдарына алып, сендерді өздеріңнің үйлеріңнен қуып шығып, Исраил ұрпағын билікке жеткізуді мақсат етеді» десті.  Сондай-ақ «Бұлар қасиетті әрі ертеден келе жатқан ата-бабаларыңның дінін сендерден тартып алып, сендерді өздерінің дініне енгізуді қалайды» десті. Адамдардың бір тобының бұл екі мәселеге реакция танытып, олардың сөздерін қабылдай қоймайтындықтары табиғи іс. Басқа жақтан сиқыршыларға кез-келген пікір қайшылығынан аулақ болып, бар күштерін жұмылдырып, ол екеуіне қарсы қатаң қарсы тұруға шақырды. Өйткені сол алаңда жеңіске жететін тараптың мерейі үстем болмақ. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пұтқа табынушылар адамдарды Құдай тарапынан тағайындалған ерлерді билікке жетуді көксейтін және әдет-ғұрыптар мен ұлттық мәдениетке қарсы адамдар деп таныстырады.2. Дұшпандар хақпен қарсыласу үшін өздерінің барлық күштері мен мүмкіндіктерін жұмылдырып, сол жолда одақтасады. Егер хақ діннің ізбасарлары арасында бірлік болмаса, жеңіліс табады.

«Таһа» сүресінің 65-66 аяттары:

" قالُوا یا مُوسى إِمّا أَن تُلْقِیَ وَ إِمّا أَن نَکُونَ أَوَّلَ مَنْ أَلْقَى " ، " قالَ بَلْ أَلْقُوا فَإِذا حِبالُهُمْ وَعِصِیُّهُمْ یُخَیََّلُ إِلَیْهِ مِن سِحْرِهِمْ أَنَّها تَسْعَى " 

Олар: "Әй, Мұса! Енді (асаңды) не сен таста немесе біз бұрын тастайық" деді. (65) (Мұса Ғ.С.): "Жоқ, сендер тастаңдар" деді. Сол сәтте олардың (тастаған) жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан Мұса (Ғ.С.) ға жүрген жылан болып көрінді. (66)

Осы алаңда да Мұса қарсыластар ие, соны ұсынатын, майданға әкелетін, олар үшін басқа нәрсе қалмау үшін негіз дайындап қойды. Олар да адамдардың көз алдарында өздерінің сиқырларының құралдарын жерге қойып, Мұса мен Һарун және басқа да адамдар сол жансыз нәрселерге жан бітіп, жерде жүріп бара жатқандай іс жасады. Осы хикаяның жалғасын келесі бағдарламада еститін боламыз. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Хақты қорғауда қарсыластардың өздеріне күмәндарды айтуға рұқсат беру керек. Соңсоң оларды мықты және сындарлы жауаппен майдан алаңынан шығару керек. 2.Сиқыр заттардың ақиқатын өзгертпейді. Бірақ адамның ойы мен түсінігіне әсер етіп, оны басқаша етіп көрсетеді.