Таһа сүресі, 533-ші бөлім, 55-60 аяттар
Таһа сүресі, 533-ші бөлім, 55-60 аяттар
«Таһа» сүресінің 55 аяты:
" مِنْها خَلَقْنَاکُمْ وَ فیها نُعیدُکُمْ وَ مِنْها نُخْرِجُکُمْ تارَةً أُخْرَى "
Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз. (55)
Алдыңғы бағдарламада Құран Кәрімнің хазірет Мұсаның таухид пен қямет туралы сөздеріне сәйкес Құдайдың жердегі нығметтерін баяндағанда бірнеше аят келтіргенін айттық. Бұл нығметтер Бір Құдайдың белгілерінің дәлелі.Қиямет тақырыбына арналған осы аят та жер туралы баяндап былай дейді: «Сендердің тіршіліктерің мен өсіп-өркендеулеріңнің бастауы болған осы жер өлімнен кейін де сендердің денелеріңді қияметті қайтару үшін аманатқа алады». Хазірет Әли намаздағы сәжделерді осы аятқа жасалған сілтеме деп санап, былай деді: «Бірінші сәжденің мағынасы мынадай: «Уа, Құдайым! Мен басында топырақ болғам». Сәждеден бас көтерген кез мынадай мағынаны білдіреді: «Сен мені топырақтан жараттың». Екінші сәжде, яғни мені топыраққа қайтарған соң, одан тұрғызасың». Яғни қияметте мені қайтадан топырақтан шығарасың». Осы аяттан үйренетініміз:1. Адамның жердегі бастауы мен жаратылысы топырақтан. Ондай болса осыншама тәкәппарлық пен менмендіктің барлығының не қажеті бар?2. Өлім өмірдің аяқталуы емес. Жер біздің денемізді қияметке дейін аманатқа сақтаушы.
«Таһа» сүресінің 56-57 аяттары:
" وَلَقَدْ أَرَیْناهُ آیاتِنا کُلَّها فَکَذَّبَ وَأَبى " ، " قَالَ أَجِئْتَنا لِتُخْرِجَنا مِنْ أَرْضِنا بسِحْرِِکَ یا مُوسَى "
Перғауынға барлық мұғжизаларымызды көрсеттік. Бірақ ол жасынға шығарып бас тартты. (56) "Әй Мұса! Сиқырың арқылы бізді жерімізден шығару үшін келдің бе?",- деді, (57)
Бұл аяттар хазірет Мұса мен Перғауынның сұхбатына қайта оралып, былай дейді: «Перғауын Мұсаның заңдылығының дәлелі болған әртүрлі мұғжизаларды, соның ішінде асаның аждаһаларға айналуын, хазірет Мұсаның қолының аппақ болып, нұрланып, жарқырағанын көрді. Бірақ барлығын теріске шығарып, оны Перғауынның билігін құлатып, тәжі бен тағын одан тартып алып, билік басына өзі отыруды мақсат еткен сиқыршы деп атады. Перғауынның көзқарасы бойынша хазірет Мұсаның шақыруы оның жүйесі үшін қауіптің бір түрі саналды. Өйткені перғауындық жүйеде ауыр жұмыстарды атқаратын құлдар мен жұмыс күші саналатын Исраил ұрпағын азат ету оның үкіметінің негіздерінің шайқалуына себеп болады. Сол себепті хазірет Мұсаны елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтірумен айыптады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Мұғжизалар адамдарға дәлелді аяқтау үшін қажет. Бірақ адамдардың бір тобы қырсығып, ең айқын мұғжизаларды да қабылдамай, оны сиқыр, жады деп атаған кезде не істеу керек?2. Үстемшіл үкіметтер үнемі өздерінің қарсыластарын қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзушылар деп айыптап, олардың отансүйгіштік сезімдерін олардың өздеріне қарсы пайдаланады.
«Таһа» сүресінің 58-59-60 аяттары:
" فَلَنَأْتِیَنَّکَ بسِحْرٍ مِثْلِهِ فَاجْعَلْ بَیْنَنا وَبَیْنَکَ مَوْعِدًا لا نُخْلِفُهُ نَحْنُ وَلا أَنتَ مَکانًا سُوًى " ، " قَالَ مَوْعِدُکُمْ یَوْمُ الزّینَةِ وَأَن یُحْشَرَ النّاسُ ضُحًى " ، " فَتَوَلّى فِرْعَوْنُ فَجَمَعَ کَیْدَهُ ثُمَّ أَتَى "
"Әрине біз де сол тәрізді сиқыр әкелеміз. Ендеше бізбен өз араңда бір уәделі жер белгіле. Біз де сен де айнымайтын ыңғайлы бір орын болсын" деді. (58) (Мұса Ғ.С.): Табысатын уақтымыз мереке күнгі ел жиналатын сәске болсын" деді (59). Сонда Перғауын бұрылып кетті де сиқыршыларын жинап келді (60)
.Осы аяттар сиқыршылардың қаланың үлкен алаңына жиналған оқиғаны баяндайды. Ол барлық адамдар мерекелік шараға қатысу үшін сол жерге жиналған айт күні болды. Басқа аяттарда осы оқиғаның жай-жапсары көбірек баяндалған. «Ағраф» және «Шұғыра» сүрелері аяттарының негізі бойынша Перғауын Мұса мен Һарунмен дауласқан соң өзінің кеңесшілерімен жиналыс өткізіп, олардан Мысырдың түкпір-түкпіріндегі сиқыршыларды астанаға шақырып, түрлі ынталандырулар мен қоқан-лоққы жасау арқылы Мұсаның алдына жинауға бұйырады. Ол өзінің осы ісімен һәм Мұсаның адамдардың арасына қайтып келе алмауы үшін абыройын қоғамдық деңгейде төккісі келді, һәм өзінің перғауындық күшін тағы да халыққа көрсеткісі келді. Бәлкім Мұса мен ағасы өздерінің істерінен бас тартар деп Перғауынның бар күшін салғаны қызық. Бірақ өздерінің жолдарының заңдылығы мен илаһи қолдау мен жетекшілікке толығымен сенетін олардың жүректері қорқынышқа бой алдырмағандарымен қатар, халықтың алдына шығуға өздерінің дайын екендіктерін де мәлімдеді. Мұса мен Һарун сол мұрсатты перғауындық жүйені әшкерелеп, өздерінің заңдылықтары мен шынайылықтарны көрсету үшін пайдалануды қалады. Бүгінгі күннің тілімен айтқанда қоқан-лоққыны өздері үшін үлкен мүмкіндікке айналдырмақ болды. 1.Айт-мереке сияқты шаттық пен қуанышты кездерді илаһи ақиқаттарды баяндау үшін ыңғайлы әдіспен пайдалануға болады. 2.Жалпы халықтың ортасында кейбір діни белгілер мен пікірлерді көрсетіп, баяндау хазірет Мұсаның перғауынмен қатынас жасау түрінен үйреніп, жүзеге асыруға болатын тәсілдердің бірі.