Жел 12, 2016 20:32 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 531-ші бөлім, 43-48 аяттар

«Таһа» сүресінің 43-44 аяттары:

" اذْهَبا إِلَى فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَى " ، " فَقُولا لَهُ قَوْلًا لَیِّنًا لَّعَلَّهُ یَتَذَکَّرُ أَوْ یَخْشی " 

Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан." (43) "Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар" (44).

Хазірет Мұса мен ағасы Һарунның алғашқы міндеті Перғауынды таухид пен Исраил ұрпағына зұлымдық пен жәбір көрсетуді тоқтатуға шақыру болды. Барлық істердің басында Перғауын тұрған жүйеде кез-келген түзету жолындағы істі соның өзінен бастау керек болды. Себебі Перғауын барлық мәселелер мен бақытсыздықтардың себебі еді. Одан төменірек деңгейдегі әрбір іс я жеңіліс тауып, я оның әсері тым аз болады. Бағыт-бағдар беріп, уағыз айту айтылып отырған адамға әсер ету үшін жұмсақ тілмен, ақырын айтылу керек екендігі түсінікті. Қисынды дәлелдерді қабылдап, иман келтіретіндей немесе тым болмаса илаһи жазадан қорқып зұлымдық пен жауыздықты қоятындай болуы керек. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Илаһи пайғамбарлар саяси және қоғамдық істерден алыс болмағандарымен қатар оларға Құдай тарапынан берілген алғашқы міндет қоғамды түзетіп, оларға бағыт-бағдар беру болды. Осы түзетудің әсерлерінің қоғамның барлық деңгейлерінен, соның ішінде экономикалық, қоғамдық және саяси салалардан көрініс табатындығы анық.2. Қатігез қылықтарымыз бен сөздеріміз арқылы басқалар біздің хақ сөзімізді қабылдайды деп күтпеу керек. 

«Таһа» сүресінің 45-46 аяттары:

" قالا رَبَّنَا إِنَّنَا نَخَافُ أَن یَفْرُطَ عَلَیْنا أَوْ أَن یَطْغَى " ، " قالَ لَا تَخافا إِنَّنی مَعَکُمَا أَسْمَعُ وَ أَرَى "

 (Мұса мен Һарүн Ғ.С.): "Раббымыз! Оның өктемдік қылуынан немесе шектен шығуынан қорқамыз" деді. (45) (Алла Т.): "Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін, көремін" деді. (46)

Перғауын сарайында болу, оның өзі бағыт-бағдар беріп, оны таухидке шақыру мақсатында қауіпті және салдары болжаусыз іс болды. Олар өздерінің сөздерін айтып үлгерместен, илаһи белгілер мен мұғжизаларды көрсетпес бұрын Перғауын оларды құрықтап, зынданға тастап, азаптауға бұйырып, Исраил ұрпағы өмірлерінің қиындықтарын арттыруы мүмкін. Сол себепті хазірет Мұса мен ағасы Һарун өздерінің қисынды қорқыныштарын баяндайды. Құдай оларға «Мен өзім сендерге жар болып, қастарыңда боламын, сендер мен Перғауынның арасында болатын нәрселерді көремін, естимін. Сондықтан алаңдамаңдар» деді. Осы аяттардан үйренетініміз.1.Әрбір істің қандай нәтижесі мен салдарлары болатынын болжап, қажетті алдын-алу шараларын қамдау керек.2. «Құдай барлық жерде. Ол көріп және естіп тұр» дегенге сену мүміндерді қиындықтар мен мәселелермен кездескенде жігерлендіріп, рухтандыратын фактор.

 " فَأْتِیاهُ فَقُولا إِنّا رَسُولا رَبِّکَ فَأَرْسِلْ مَعَنا بَنی إِسْرائیلَ وَ لا تُعَذِّبْهُمْ قَدْ جِئْناکَ بِآیَةٍ مِن رَبِّکَ وَالسَّلامُ عَلَى مَنِ اتَّبَعَ الْهُدى " ، " إِنَّا قَدْ أُوحِیَ إِلَیْنا أَنَّ الْعَذَابَ عَلَى مَن کَذَّبَ وَ تَوَلَّى "

«Таһа» сүресінің 47-48 аяттары:

Екеуің барып, Біз, Раббыңның саған жіберген елшісіміз; ал енді Израил ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Енді оларды қинама, саған Раббыңның мұғжизасымен келдік. Есендік тура жолдағыларға болсын" деңдер. (47) "Бізді жасынға шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді." (48)

Құдай тағы да Перғауынға бару туралы үкім шығарады: Мұса мен Һарунның Перғауынға не айтуы керек соны естеріне салады. Міндеттің бірінші қадамы Исраил ұрпағын Перғауынның үстемдігінен құтқару. Екінші қадам ынталандыру және қорқыту арқылы  Алланың белгілері мен мұғжизаларын ұсыну: хақты қабылдаған жағдайда Алланың рақымшылығына бөленеді, ал хақты теріске шығарып, одан теріс айналған жағдайда Алланың қаһарына ұшырайды. Хазірет Мұса ең бірінші әрекетінде мақұрымдар мен жәбірленушілердің хақысын қорғап, оларды Перғауынның шеңгелінен құтқаруды ойлауы керек болды. Ең басында қалыпты түрде былай деп айтуы керек еді: біз сені шерк пен күпіршіліктен құтқарып, таухид пен Құдайға табынуға шақыратын  Пәруірдігеріңнің елшілеріміз. Бұл діни жетекшілердің адамдардың алдындағы терең жауапкершіліктерін көрсетеді. Тіпті егер Перғауын Құдайға иман келтірмесе де тым болмағанда зұлымдық жасауды қойып, Исраил ұрпағын құлдықтан босатады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Жетекшілік ету мен насихаттауда алдымен қауымның үлкендеріне бару керек. Себебі қоғамның істері олардың басшыларын түзету арқылы жүзеге асады. 2. Тағұтпен күрес және халықты азат ету пайғамбарлардың міндеттері мен жауапкершіліктеріндегі басты іс. 3. Адам мен қоғамның қауіпсіздігі және саулығы илаһи тәлім-тәрбиені іске асырумен байланысты. Одан басқа жолды таңдау осы дүниедегі қиындықтар мен ақыреттегі қаһар мен азапқа ұшыратады.