Жел 12, 2016 20:38 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 528-ші бөлім, 19-24 аяттар

«Таһа» сүресінің 19-20-21 аяттары:

" قَالَ أَلْقِهَا یَا مُوسَى " ، " فَأَلْقَاهَا فَإِذَا هِیَ حَیَّةٌ تَسْعَى " ، " قَالَ خُذْهَا وَلَا تَخَفْ سَنُعِیدُهَا سِیرَتَهَا الْأُولَى "

«Әй, Мұса! Оны таста!",- деді. (19) Оны тастады. Сонда ол жылан болып жүрді. (20) "Оны ұста, қорықпа! Оны әуелгі халына қайтарамыз" деді (21).

Өткен бағдарламада Мадияннан Мысырға барар жолдағы Туа ойпатында Құдай Мұсаны пайғамбарлыққа таңдап, онымен сөйлескенін, оның пайғамбарлығын жариялаған соң Құдай адамдар оның сөзін қабылдап, оның Құдай тарапынан екендігін білуі үшін хазірет Мұсаға бірнеше мұғжизаның күшін бергенін айттық. Осы аяттар аса таяқ жыланға айналған алғашқы мұғжизаны баяндайды. Мұсаның өзінің де бірінші рет мұндай нәрсені көріп қорқып, өзін кейін тартуы табиғи  жағдай. Себебі Құдай оған алдымен асасын қандай іс үшін жерге тастауы керектігін айтқан жоқ болатын. Шынтуайтында, табиғи қорқыныш сол мұғжизаның илаһилігінің белгісі. Себебі сиқыршылар да соған ұқсас істер жасап, өздерінің істерінен қорықпайды. Өйткені ол олардың өз ойлары мен істерінің жемісі. Пайғамбарлар болса мұғжиза жасауда ешқандай роль атқармайды, Алланың қалауымен, бірақ пайғамбарлардың қолымен орындалады.   Аяттардан үйренетініміз:1. Тіршілік сыйлау және оны алу Құдайдың құдіретімен болатын істер. Жыланның аса таяққа айналып, оның қайтадан бастапқы қалпына қайтып келуі Құдайдың құдіреті мен ілімінің алдында ештеңе емес. 2. Адамдарды шақырып, дінді уағыздау үшін дайындық қажет. Мұса асаны Перғауынның алдына тастап, одан айдаһар шығу үшін алдын ала өзі сол істі көруі керек болды. 

 «Таһа» сүресінің 22-23 аяттары:

" وَاضْمُمْ یَدَکَ إِلَى جَنَاحِکَ تَخْرُجْ بَیْضَاءَ مِنْ غَیْرِ سُوءٍ آیَةً أُخْرَى " ، " لِنُرِیَکَ مِنْ آیَاتِنَا الْکُبْرَى "

"Қолыңды қойныңа тық. Аппақ ақаусыз басқа бір мұғжиза болып шықсын" (22). Саған ірі мүғжизаларымызды көрсету үшін бұл да басқа бір белгі" (23).

Хазірет Мұсаның Құдай ең басында оның өзіне көрсеткен екінші мұғжизасы қолын қойнына салып, алып шыққан кезде қолы алапес ауруынан емес, Алланың қалауымен аппақ болып жарқырауы болды. Бүгінгі Тауратта бұрмалаушылық жасалып, Мұсаның қолының ақ болуын алапес ауруымен байланыстырады. Дегенмен хазірет Мұсаның басқа жердерде қолданған тағы да басқа да мұғжизалары болды. Бірақ осы екі мұғжизасы оның қолы арқылы көрінген  илаһи үлкен мұғжизалар болды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Алланың құдіретінің қолы ашық. Нені қаласа соны орындай алады. Аса сияқты қатты заттарда болсын, адамның қолы арқылы болсын.2.Құдай тарапына адамдарды шақыруға жауапты пайғамбарлар қиын міндетті сенімді түрде атқару үшін өздері Құдайдың белгілерін көріп, танулары керек. 

«Таһа» сүресінің 24 аяты:

" اذْهَبْ إِلَى فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَى "

"Перғауынға бар. Өйткені ол шектен шыққан" (24).

Хазірет Мұсаға пайғамбарлықты жариялаған соң оның алғашқы міндеті Перғауынға бару болды. Перғауын біріншіден, өзін адамдардың Құдайы деп санады. Екіншіден, адамдарды құлдыққа тартып, өзін солардың барлығының иесі санады. Пайғамбарлар халыққа жетекшілік етіп, оларға бағыт-бағдар беруге және бір Құдайға табынуға шықыруға жауапты. Құдай алдымен хазірет Мұсаны Мысыр халқына жіберуі керек еді. Бірақ оның алғашқы міндеті мен ісі барлық бұзақылық пен бүліктің бастауы және қайнары болып табылатын Перғауынға бару керек болды. Адамдардың өздерінің ықтиярлары жоқ үстемшіл билеушілердің езгісіндегі қоғамда Құдай тарапынан тағайындалған ерлердің бірінші міндеті Құдайға құлшылық етуге негіз әзірлену үшін зұлымдықпен күресу болып табылады. Азғын қоғамды түзетуді бүлінген жүйенің қысымымен өмір сүріп жатқан көше мен базардағы қарапайым халықтан емес, күпір мен азғындықтың басшыларынан бастау керек. Адами және илаһи шектен шыққан жүйе өзінің шегінен асып басқыншылық жасап, бүлік шығарады. Оны тағұт басқарған жүйе. Оның жолы хақ пен хақиқатқа қарсы. «Әл-Корси» аятында да тағұтқа күпіршілік ету Құдайға иман келтірудің бастамасы саналған. Тарих бойында Құдайдың әулиелері тағұттарға қарсы тұрып, олармен күресіп, өздерінің ғазиз жандарын сол жолда пида еткен. Осы аяттан үйренетініміз:1.Дін саясаттан бөлек емес. Пайғамбарлар адамдарға жетекшілік ету үшін зорлықшыл басшылармен қақтығысып, олармен күрескен. Үстемшілермен күресте Алланың әулиелері алдыда болып, адамдар соңдарынан ілесулері керек. Себебі бұл күрес көрініс емес, бір міндет.