Жел 12, 2016 20:40 Asia/Almaty

Таһа сүресі, 527-ші бөлім, 13-18 аяттар

«Таһа» сүресінің 13-14 аяттары:

" وَأَنَا اخْتَرْتُکَ فَاسْتَمِعْ لِما یُوحى" ، " إِنَّنی أَنَا اللَّهُ لا إِلَهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدْنی وَأَقِمِ الصَّلَاةَ لِذِکْری "

«(Мұса) Мен сені таңдадым. Енді уахи етілгендерді тыңда" (13). "Рас, Мен Алламын. Менен басқа Құдай жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл. Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында." (14)

Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның Мадиян аймағынан Мысыр жаққа хижрат еткен кезде орта жолда қасиетті Туа жеріне жетіп, сол жерде Құдайдың дауысын естігенін айттық. Осы аяттар Құдайдың оған: «Сені пайғамбарлыққа таңдадым. Бұдан былай уәхидің түсірілуіне дайын бол. Оны  тыңдап, қабылда. Бір Құдайдан басқаға табынба. Үнемі Мені есте сақтау үшін табынудың ең жақсы түрі намазды орында» деп хабарлағанын баяндайды. Пайғамбарлар басқаларды Құдайға табынып, Оған ғибадат етуге шақыру үшін тағайындалатындықтарына қарамастан Құдай алдымен, олардың Құдайға құлшылық жасап, ғибадат етуге және намаз оқуға міндетті емес деп ойламаулары үшін өздеріне қаратып айтады. Бұл дінді уағыздаушылардың барлығы адамдарды діни тағылымдарға табандылық танытуға шақырудан бұрын адамдарға үлгі болу үшін өздері соларды орындауы тиіс дәріс болып табылады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Ақидалардың принциптерінің басында Құдайдың жалғыздығына деген таухид пен мағрифат, ал барлық ғибадаттардың басында намаз оқу тұрады. 2.    Барлық аспандық діндердің бірінші нұсқауы және іс жүзіндегі бағдарламасы жаратылыстың Жаратушысына намаз оқу түрінде табынуға шақыру. 3.    Намаздың қалпы мен түрінің жалғыз өзі жеткілікті емес. Намаздың рухы оған мағына мен құндылық сыйлайтын Құдайды еске алуда.

 «Таһа» сүресінің 15-16 аяттары:

" إِنَّ السَّاعَةَ ءاتِیَةٌ أَکَادُ أُخْفیها لِتُجْزَى کُلُّ نَفْس ٍ بِما تَسْعى " ، " فَلاَ یَصُدَّنَّکَ عَنْها مَنْ لاَ یُؤمِنُ بِها وَاتَّبَعَ هَواهُ فَتَرْدى "

(Мұса) "Әркім істегенінің бодауын алу үшін Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық келеді." (15) "Ендеше, сені қияметке сенбей, көңілдері тартқанына ілескендер, (қияметке сенуден) тоспасын. Онда жоқ боласың." (16)

)Барлық аспандық діндердің екі негізі саналатын таухид пен набоваттың принциптерінен кейін осы аяттар барлық әмбиелердің үшінші тағылымының негізіне сілтеме жасап былай дейді: «Қияметтің болатын уақыты, тіпті пайғамбарларға да белгісіз және Құдайдан басқа ешкім одан хабардар болмағанымен оның болатындығы кесімді. Адамдардың барлығы қияметке енеді. Еш адамның өз өлімінің уақытын білмейтіндігі сынды еш адам өлімнен қашып құтыла алмайды. Барша: мықтысы да әлсізі де ақыр-соңында бір күні өліммен бетпе-бет келеді». Қияметтің пәлсапасы да осы аяттарда былайша баяндалған: әркім өзі іс-әрекетінің жазасы мен сыйын алу үшін, яғни ізгі ғамал иесі жұмаққа, ал күнәһар тозаққа баруы үшін Құдай баршаны қияметтің сотына жинайды. Себебі дүние адамдардың амалдарының сыйы мен жазасын беретін жеткілікті мүмкіндіктерге ие емес. Сол себепті илаһи әділет дүниенің соңында және қияметте әр адам өзінің ғамалы мен іс-әрекетінің нәтижесін алуды талап етеді. Аяттардың жалғасы былай дейді. «Адамдардың көбісі осы дүниеден кейінгі өмір мен қияметті қабылдағылары келмейді Әртүрлі сауалдар мен күмән-шүбәларды алға тартып, басқаларды да қиямет пен о дүниедегі өмірді теріске шығаруға мәжбүрлегісі келеді. Сол себепті мүміндер өздерінің иамандары тұрғысынан әлсіздік танытудан сақ болулары керек.  Осы аяттардан үйренетініміз:1.Уақыты жасырын болғанымен қияметтің болатындығы сөзсіз. 2.Қияметті теріске шығарудың тамыры нәпсілік талап-тілектерге еруде. Кейбір адмдар рұқсат етілмеген талап-тілектерге жету жолында өздерін еркін сезініп, қияметте жауап беретіндігі туралы ойдан босап, қияметтің негізін жоққа шығарады. 3. Мүміндер өздерінің имандарына мықты және тұрақты болып, дінді сақтаудағы ке-келген осалдықтың құрдым мен жаман салдарға себеп болатындығын білулері керек. 

«Таһа» сүресінің 17-18 аяттары:

" وَما تِلْکَ بِیَمِینِکَ یا مُوسى " ، " قَالَ هِیَ عَصایَ أَتَوَکَّؤُا عَلَیْها وَأَهُشُّ بِها عَلَى غَنَمی وَلِیَ فیها مَآرِبُ أُخْرى "

Әй, Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?" 17) (Мұса Ғ.С.): "Ол таяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма жапырақ қағып беремін әрі онда басқа да істерім бар" деді. (18)

Пайғамбарлық дәрежесіне жеткізудің алдында және Құдайдың таухид пен қияметті қуаттауынан бұрын бір Алла Мұсаны оның растығын куәландыратын мұғжизаламен жабдықтағысы келді. Сол себепті әдетте шопандар қолдарына ұстап жүретін ағаш таяқты бірінші мұғжиза ретінде пайдаланды. Алдымен Мұсадан «Қолыңа ұстап тұғанын не нәрсе және қандай іске жарайды?» деп сұрады. Құдайдың сауалдың жауабын біліп тұрғаны анық, бірақ сол сауал аса таяқ арқылы мұғжиза жасау үшін бастама болды. Бірақ одан хабарсыз Мұса ағаш таяқтың қарапайым қолданысын айтты. Келесі бағдарламада осы мұғжиза мен басқа мұғжизалардың оқиғаларын егжей-тегжейлі баяндаймыз. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Шопандық әмбиелердің кәсібі болды. Қиын да оқиғаларға толы іс оларды үлкен міндеттерді қабылдауға дайындады.2.Құдай өзінің күшін көрсету үшін ағаш таяқ сияқты ең қарапайым құралдарды қолданады.