Таһа сүресі, 525-ші бөлім, 1-6 аяттар
Таһа сүресі, 525-ші бөлім, 1-6 аяттар
Алланың мейірімімен өткен бағдарламада «Мәриям» сүресі аяқталды. Бүгінгі бағдарламада Құран Кәрімнің жиырмасыншы сүресі болып табылатын «Таһа» сүресін бастаймыз.
«Таһа» сүресінің 1-2 аяттары:
" بسْمِ اللَّهِ الرَّحْمنِ الرَّحیمِ " ، " طه " ، " ما أَنزَلْنا عَلَیْکَ الْقُرْآنَ لِتَشْقَى "
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (Мұхаммед Ғ.С. ның бір аты.) Басқа ұғымын Алла біледі. (1) Саған Құранды машақат үшін түсірмедік. (2)
Бұл сүре – Құрандағы жеке әріптерден бастап жазылатын «Әліп, лам және мим» әріптерінен басталатын «Бақара» сүресі мен «Әліп, лам, мим және сад» әріптерінен басталатын «Ағрап» сүрелері сынды 29 сүренің бірі. Бұдан бұрын осы әріптердің Құранның құпияларының қатарына жататындығын, Құдай қай уақытта қаласа олардың сырының адамзат үшін ашылатындығын айттық. Ашылған жағдайда Құранның ұлылығы мен ғажайыбының көбісі айқындалады. Кейбір рауаяттарда да осы әріптердің құпиясына сілтеме жасалған. Осы сүре жеке әріптермен басталып, «Таһа» деген атаумен аталған. Рауаяттарда айтылғандай, «Таһ» исламның ардақты пайғамбарының құпия есімдерінің бірі. Сол себепті келесі аятта хазіретке қаратып, сөз басталған. Құдай «Уа, Мұхаммед!» деудің орнына «Таһ» деген. Келесі аят былай дейді: «Құранды саған өзіңді қиындыққа душар етпеуің үшін түсірдік». (Құранды қырағат етуде болсын, оны уағыздауда болсын). Рауаяттарда пайғамбардың түндерде намаз пен Құранды көп оқығаны соншама, аяқтары ісініп кетіп, қиналатын. Илаһи аяттарды жеткізуде де адамдарға жетекшілік етіп, оларды исламға шақыруда бар ынта-ықыласымен күш салғандықтан Құдай осы аят пен кейбір басқа аяттарда хазіретке арнап: «Неге өзіңді осыншалықты қинайсың?» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Құдай құлдарының діни міндеттерін орындауда қиналып, машақатқа түсуін қаламады. 2. Құран адамдардың өмір істерін қиындату үшін түсірілген жоқ. Әр адам өзінің мүмкіндігі мен шама-шарқына сай міндет пен жауапкершілікке ие.
«Таһа» сүресінің 3-4 аяттары:
سپاریم : " إِلَّا تَذْکِرَةً لِمَن یَخْشى " ، " تَنزیلًا مِمَّنْ خَلَقَ الْأَرْضَ وَالسَّمواتِ الْعُلى "
Бірақ қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік. (3) Жер мен биік көктерді жаратқаннан түсірілді. (4)
Алдыңғы аят ислам пайғамбарына қаратып, «Дін мен Құранды уағыздау жолында өзіңді қиындыққа душар етпе» деді. Осы аяттар былай дейді: «Себебі, мазасыз күйге түсіп, пәксіздікке душар болуға алаңдайтын адамдар ғана осы аяттар оларға ескертетін нәрселерден ғибрат алады». Адамдардың болмыстарындағы діннің ақиқаттарының жиынтығының аманатқа қойылғандығын айтқан жөн. Құдайға иман келтіру де адамның бойында тумысынан қаланған іс. Әрбір адам оны өзінің ұжданынан табады. Сол себепті Құран аяттары тума ақиқаттарды адамның есіне салып, оны өмірлік істермен айналысудың нәтижесінен босатады. Осы аяттардан үйренетініміз.1. Адам әрдайым ескертуді қажет етеді. Құран – ең жақсы ескертуші. 2.Көңілдері күпті және жауапкершілік сезіміне ие адамдар пәктікке жетіп, ластықтан алыс болуды қалап, Құран аяттарын пайдаланады. 3. Құранды түсіруші – жаратылыстың Жаратушысы. Ондай болса жарату мен шариғаттың екеуі де бір ошақтан бастау алады.
«Таһа» сүресінің 5-6 аяттары:
" الرَّحْمنُ عَلَى الْعَرْش ِ اسْتَوى " ، " لَهُ ما فِی السَّمواتِ وَ ما فِی الْأَرْضِ وَ ما بَیْنَهُما وَ ما تَحْتَ الثَّرى
Ол Рахман ғаршыны меңгерді. (5) Көктердегі, жердегі әрі екі арасындағы нәрселермен топырақтың астындағы нәрсе Оған тән. (6)
Алдыңғы аяттар Құдайды аспандар мен жердің Жаратушысы деп таныстырды. Осы аяттар жалғасында былай дейді: «Ол тек Жаратушы ғана емес, сонымен қатар Әмірші де. Жаратылыс істерінің барлығының хикметі (көрінеу және көмес) Оның қолында. «Ғаршы» сөзі «тақ» деген мағынада. Өйткені сұлтандар үкіметті басқару үшін тақта отырады. Осы сөз билік пен салтанат құруды тұспалдап айту саналады. Аяттар Пәруәрдігердің барлық жаратылыстарға толық билігі мен ықпалын, Оның әмірінің әлемнің барлық ұсақ бөлшегіне дейін ықпал ететіндігін баяндайды. Бірақ жаратылыс пен илаһилік және илаһи билік Оның аяқталмайтын рақымы болғандықтан, осы аяттарда Құдай Өзін «Рахман» деп таныстырады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Жаратылыс істерінің даналығы, соның ішінде адамдар Алланың рақымы негізінде.2. Құдайдың жаратылыстың барлық ұсақ бөлшектеріне үстемдігі бірдей. Барлығы Оның алдында мойынсұнып, бағынады.