Жел 13, 2016 19:57 Asia/Almaty

Мәриям сүресі, 522-ші бөлім, 81-86 аяттар

«Мәриям» сүресінің 81-82 аяттары:

" وَاتَّخَذُوا مِن دُون ِ اللَّهِ آلِهَةً لِيَكُونُوا لَهُمْ عِزًّا " ، " كَلَّا سَيَكْفُرُونَ بعِبادَتِهِمْ وَيَكُونُونَ عَلَيْهِمْ ضِدًّا "

Олар өздеріне абырой үшін Алладан өзге тәңір жасап алды. (81) Олай емес, тәңірлері олардың табынуларына қарсы шығып, өздерінің дұшпандарына айналады. (82)

Алдыңғы бағдарламадан адамдардың бір тобының дүниеге тәуелді болып, мал-мүлік пен перзентке ие болуды абырой мен күш-қуаттың белгісі деп санайтындықтарын түсіндік. Осы аят былай дейді: «Кәпірлер абыройды Құдайдан емес, басқалардан талап етеді. Олардың ойдан шығарып, қолдан жасаған пұттары қияметте олардан бас тартып, өздеріне ғибадат еткендер үшін шапағат сұрап, абырой беруде жәрдемдесудің орнына, өздеріне қарсы көтеріліс жасайды». Құранның келесі аяттары да осы негізде дәлелдер келтіреді. Тіпті тас пен ағаштан жасалған пұттарға да Алланың қалауымен қиямет күні тіл бітіп, олар мүшріктер мен өздеріне табынғандарға  жиіркеніш білдіреді. Имам Садық былай дейді: «Осы аяттағы «Құдай» деген сөздің мағынасы адамдар соларға мойынсұнып, солардан абырой тілейтін үлкендер мен басшылар. Себебі осы аяттағы «ғибадат» дегеннің мағынасы сәжде мен рукуғ емес, бағыну және мойынсұну дегенді білдіреді. Құдайдың мақұлығына мойынсұнған адам Жаратушының алдында күнәға батады. Сол мойынсұнушылық мақұлыққа табыну дегенді білдіреді» дейді.  Осы аяттардан үйренетініміз:1. Абырой мен ғиззат сұраудың адамның болмысында тамыры бар. Бірақ адамдардың көбісі дәлелде қателіктерге ұрынып, ғиззатың шынайы қайнары болып табылатын Құдайды іздемейді. 2. Адам Құдайдың орнына соларға үйіріліп, солардан жәрдем тілеген адамдар қияметте өзін Құдай санағанға қарсы шығатын болады. Құдайдан басқаға арқа сүйеу олардың қияметтегі дұшпандықтарына себеп болады. 

«Мәриям» сүресінің 83-84 аяттары:

" أَلَمْ تَرَ أَنّا أَرْسَلْنَا الشَّياطينَ عَلَى الْكَافِرينَ تَؤُزُّهُمْ أَزًّا " ، " فَلَا تَعْجَلْ عَلَيْهِمْ إِنَّما نَعُدُّ لَهُمْ عَدًّا "

(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Кәпірлерге оларға түрткі салатын шайтандарды жібердік. (83) Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз. (84)

Кәпірлердің Құдайдың орнына пұттарға табынып, жасанды құдайларға мойынсұнушылықтарының ешқандай пайдасының болмайтындығын, қияметте өздері мен табынған пұттарының Құдайға қайтып оралатындықтарын айттық. Ондай болса, біз неліктен Құдайдың олардың істерін тезірек тәмамдауына асығып күтеміз? Олардың барлық істері тіркеледі. Тіпті тыныс алған демдері де саналады. Ғұмырды санау, ақиқатында ғұмырдың хаты жазылатын іс-әрекетті санау болып табылады. Шарананың анасының жатырында болуы оның дене тұрғысынан жаратылысының аяқталуына себеп болатындығы сынды адамның дүниеде болуы рухының жаратылысының толығып, кемеліне жетіп, Құдай оған сыйлаған нәрсені ақырына дейін санау үшін қажет. Сондықтан адам, мейлі күнәһар кәпір болсын, болмаса түзу мүмін болсын, Құдайдан біреудің өлімін тілеп, соны жылдамдатуды сұрауына орын жоқ. Күнәһар кәпірден әдетте күнә мен қылмыс көрінетіндіктен, оның осы дүниеде қалу уақыты әрекеттеріне байланысты жазалануы үшін оның күнәларын санайтын уақыт болып табылады. Керісінше, мүміннің осы дүниедегі өмір сүру уақыты соған тең сый алуы үшін оның ізгі және жақсы ғамалдары саналатын уақыт. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Күпіршілікті таңдайтын адамдарға берілетін жазалардың бірі – оларға шайтанның үстемдік етуі. 2.Шайтан адамды азғырады. Алайда оның азғыруы өте қатты болғанымен, ол мәжбүрлемейді.3.Құдайдың сүннеті адамдарға мұрсат беруге негізделеді. Ол кәпірлердің өлімі мен олардың көздерін жоюда асығыстық танытпайды. 

«Мәриям» сүресінің 85-86 аяттары:

" يَوْمَ نَحْشُرُ الْمُتَقينَ إِلَى الرَّحْمنِ وَفْدًا " ، " وَنَسُوقُ الْمُجْرِمينَ إِلَى جَهَنَّمَ وِرْدًا "

 Сол күні тақуаларды Рахманның хұзырына қонақ түрінде жинаймыз. (85) Күнәкарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз. (86)

Осы аяттар адамдарды қияметте «тақуа» және «күнәһар» деп екі топқа бөліп, олардың әрқайсының істерінің соңын қысқа да нұсқа тіркеспен былайша баяндайды:«Құдайдың қонақтары болып табылатын тақуа адамдар жұмаққа нұсқалады. Бірақ күнәһарларға қатысты жағдай басқаша. Шөлдеген түйелерді суғару үшін бастауға айдап баратындығы сынды қылмыскерлерді да тозаққа жібереді. Бірақ ол жерде су жоқ, от қана бар». «Мейірімді Алла жаққа» деген тіркес «жәһаннам жаққа» деген тіркеске қарсы айтылған. Осылайша аяттың мақсатынан тақуалардың жұмақ жаққа шақырылатындығын түсінуге болады. Егер діндарлардың жұмақ жаққа баруы үшін «Мейірімді Құдай жаққа жиналу» деген  анықтама қолданылса, ол жұмақтың Құдайға жақындайтын деңгей екендігін, яғни жұмақ жаққа бару деген, Алла жаққа бару деген мағынаны білдіреді. Осы аяттар «жәһаннамға бару» деген тіркес олардың тозақтық болуларының себебі олардың қылмыстары дегенді түсіндіру үшін күнәһарларға қатысты қолданылған. Мейірімді Құдай жаққа баруды тақуаларға тән деп атаған. Бұл олардың жұмақтық болуларының себебі тақуалықтары мен олардың діндарлықтарында екендіктері анықталуы үшін. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Қиямет – тақуалар мен күнәһарлар арасындағы айырмашылық көрініс беріп, анықталатын күн. Тақулар Жомарт Құдайдың қонақтары болса, күнәһарлар пәстік пен қорлықта тозаққа жіберіледі. 2.Жұмаққа енуден маңыздырақ нәрсе – жұмақтықтарға нәсіп болатын Алланың  рақымына бөлену.3. Жұмақтың кілті – адам өмірінің барлық салаларында көрініс беруі тиіс илаһи тақуалық.