Мәриям сүресі, 520-шы бөлім, 71-74 аяттар
Мәриям сүресі, 520-шы бөлім, 71-74 аяттар
«Мәриям» сүресінің 71-72 аяттары:
" وَ إِنْ مِنْکُمْ إِلّا وارِدُها کانَ عَلى رَبِّکَ حَتْماً مَقْضِیّاً " ، " ثُمَّ نُنَجِّی الَّذینَ اتَّقَوْا وَ نَذَرُ الظّالِمِینَ فیها جِثِیّاً "
Сендерден тозаққа келмейтін (сыраттан өтпейтін) ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа түжырымды, міндетті бір үкім. (71) Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақта жүгіндіріп қоямыз. (72)
Алдыңғы бағдарламада қияметтің және жаза мен сыйдың ерекшеліктері баяндалды. Осы аяттар жұмақтықтардың тозақтан өтетін тәсіліне тоқталып, былай дейді: «Адамдардың барлығы, жақсысы болсын, жаманы болсын, алдымен тозаққа енеді. Бірақ Алланың елшісінің рауаяттары негізі бойынша, оттың Ибраһим үшін суып, күйдірмейтін күйге енгені сынды ізгі адамдар үшін де сондай күйге енеді. Себебі негізінен от пәк және иманды адамдар үшін қатер емес. Сол себепті олар тозақтан жылдам өтіп, Алланың қауіпсіз жұмағына кіреді. Бірақ жаман іс істеген адамдар өздері жаққан отқа түсіп, құтқарылатын жол таба алмайды. Рауаяттар негізі бойынша, «сират» көпірі тозақтың үстінде. Одан барлығы өтеді. Жұмақтықтар одан жылдам өтіп, отқа шырмалмайды. Алайда тозақтықтар одан өте алмай, отқа құлайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Баршаның тағдырын шешетін қиямет сотынан басқа, тозақ әшкере және ашық түрде қай адамдардың жұмаққа лайық екендіктерін, қай адамдардың отқа түсетіндіктерін көрсетеді. 2. Тозақтан құтылудың жолы – тақуалық, құдайға табынушылық. Дінсіздіктің кез-келген түрі зұлымдық болып табылады: өзіне, қоғамға немесе аспандық мектепке жасалған зұлымдық.
«Мәриям» сүресінің 73 аяты:
" وَ إِذا تُتْلى عَلَیْهِمْ آیاتُنا بَیِّناتٍ قالَ الَّذینَ کَفَرُوا لِلَّذینَ آمَنُوا أَیُّ الْفَریقَیْن ِ خَیْرٌ مَقاماً وَ أَحْسَنُ نَدِیّاً "
Өздеріне ашық түрде аяттарымыз оқылған заманда кәпірлер, (байлықтарын салыстырып) мүміндерге: "Екі топтың қайсысы жағдайда жақсы, жиналыста көркем?",- деді (73).
Осы аят Аммар, Біләл және Хабаб сынды жарлы-жақыбайлардың пайғамбарға иман келтіргендерін көрген кезде Меккенің үлкендерінің өздерін артық санап, тектіліктерін бұлдап, оларды кемсітіп, келемеждеп: «Қоғамның құлдарын қоғамның ақсүйектерімен қалайша теңестіруге болады» дегендері туралы айтады. Олар сол кезде биліктің жоғары шыңында, ал бұлар болса кедейшілік пен қиыншылықтың шырмауында тұрды. Байлар өздерін жоғары және артық, ал кедейлерді қоғамда ешқандай орынға ие емес, төмен адамдар деп санады. Алайда хақ пен жалғандықтың өлшемі байлық пен құдірет емес, дұрыс ақида мен қисын болып табылады. Осы аяттан үйренентініміз:1. Хақ пен жалғанның өлшемі – байлық пен құдірет емес, ақыл мен қисын. Егер кәпірлер жақсы өмір сүрсе, бұл олардың дұрыстығының немесе Құдайдың оларға жасаған рақымшылығы мен көңіл бөлуі дегенді білдірмейді. 2. Мақтаншақтық пен өзін жоғары санау күпіршілік пен теріске шығаруда негіз саналады.
«Мәриям» сүресінің 74 аяты:
" وَ کَمْ أَهْلَکْنا قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْن ٍ هُمْ أَحْسَنُ أَثاثاً وَ رِءْیاً "
Бұлардан бұрынғы нәсілден талайды жоқ еттік. Олар дүниелікте әрі көріністе бұлардан артық еді. (74)
Осы аят кесімді және орнықты сөзбен тәкәппарлар мен мақтаншақтарға қаратып: «Мүміндерге осылай кемсітіп қарайтындай, оларды қауқарсыз және түкке тұрғысыз деп санайтындай тарихты ұмыттыңдар ма? Егер байлық пен құдірет және мал-мүлік Алланың жанында байлардың мәртебесі мен ұлылықтарына себеп болғанда, неліктен Құдай олардың көздерін жойып, сұм тағдырға ұшыратты?» дейді. Бақуаттылықтың мүмкіндіктері бақыттың белгісі емес, сондай-ақ олар Алланың қаһарының алдын ала алмайды. Керісінше, көп жағдайларда байлық пен мәртебе және лауазым адамның тәкәппарлығы мен қапылдығына себеп болып, соңы көзінің жойылуына соқтырған оның бүлік шығаруы мен қырсығуына себеп болған. Осы аяттан үйренетініміз:1.Тарихтан ғибрат алу керек. Зорлықшылар мен пұтқа табынушылардың күйреуі және көздерінің жойылуы хақ пен жалғанды танудың және ғибрат пен сабақ алатын ең жақсы қайнар көз. 2. Байлар сонымен мақтанатын байлық пен жылтырақ тұрақсыз дүние не осы дүниеде құтқарылуға көмектеспейді, не ақыретте. Сырты сұлу, бірақ іші лас, былғаныш.