Жел 13, 2016 20:05 Asia/Almaty

Мәриям сүресі, 517-ші бөлім, 56-60 аяттар

«Мәриям» сүресінің 56-57 аяттары:

" وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِدْريسَ إِنَّهُ كَانَ صِدّيقًا نَبِيًّا " ، " وَرَفَعْناهُ مَكَانًا عَلِيًّا "

(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыдырыс (Ғ.С.) ды ескер. Өйткені, ол шыншыл бір пайғамбар еді. (56) Оны жоғары орынға көтердік. (57) 

Өткен бағдарламада Ибраһим, Мұса, Ысмайыл сынды пайғамбарлардың есімдері Алланың құрметімен қатар аталды. Осы аяттар хазірет Нұхтан бұрын болған Алланың үлкен пайғамбарларының бірі Ыдырыстың есімін атайды. Оның есімі Тауратта «Ахнұх» деп жазылған. Рауаяттарда ол хазіреттің адамдарға киім тігуді үйреткен алғашқы адам болғандығы айтылған. Ыдырыс астрономия мен арифметика ғылымдарын меңгеріп, қаламмен жазу жазған.Осы аяттардан үйренентініміз:1.    Шыншылдық пен түзу ғамал иесі болу олардың ізбасарлары үшін үлгі болуы тиіс Алланың пайғамбарларының айшықты ерекшеліктеріне жатады.  2.Туралық пен дұрыстық адамның адамдар мен Құдай алдында сүйікті болуына себеп болып, оны жоғары және биік мәртебеге жеткізеді. 

«Мәриям» сүресінің 58 аяты:

" أُوْلَئِكَ الَّذينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِم مِنَ النَّبيِّينَ مِن ذُرِّيَّةِ آدَمَ وَمِمَّنْ حَمَلْنا مَعَ نُوح ٍ وَ مِن ذُرّيَّةِ إِبْراهيمَ وَإِسْرائيلَ وَمِمَّنْ هَدَيْنا وَاجْتَبَيْنا إِذَا تُتْلَى عَلَيْهِمْ آياتُ الرَّحْمن ِ خَرُّوا سُجَّدًا وَبُكِيًّا "

Міне бұлар, Алла өздерін нығметке бөлеген пайғамбарлар. Адам (Ғ.С.) ның және Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеде) тасығандарымыздың ұрпағынан әрі Ыбырайым (Ғ.С.) және Исраилдың ұрпағынан тура жол көрсетіп, таңдаған кісілерімізден. Оларға Алланың аяттары оқылған сәтте жылаған бойда сәждеге жығылады (Сәжде аяты) (58)

Күн сайын уәжіп намаздарда он рет: :‌ " اهدِنا الصِّراطَ المُستَقِيمَ ، صِراطَ الَّذينَ أَنعَمتَ عَلَيهِمْ «Бізге соларға нығмет етілген тура жолды көрсет» деп оқимыз. Осы аят бізге Құдай оларға ерекше нығмет сыйлаған кісілердің пайғамбарлар екендігін, олардың жолдарының тура жол екендігін айтады. Алдыңғы аяттарда хазірет Адам заманынан соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммедке дейінгі Алланың он пайғамбарының есімі аталды. Ыдырыс Адам хазіреттің ұрпағынан болды, Ибраһим Нұхтың немересі болды. Ал Ысқақ пен Ысмайыл және Йағұб Ибраһимнің ұрпағы. Мұса, Һарун, Закария мен Яхия және Иса Исраил ұрпағынан (Яғұб) болды. Алайда осы пайғамбарлардың маңызды ерекшелігі олардың бір Құдайдың ұлылығының алдында, сәжде жасап, жерге жығылып, көз жастарын төгулерінде. Осы аяттан үйренетініміз:1.Ұрпақтың пәк болуы Құдай өзінің пайғамбарларын таңдауда соған көңіл аударған илаһи нығметтердің бірі. 2. Бейкүнә отбасыдан шығудың жалғыз өзі жеткілікті емес. Сонымен қатар ерекше нығметтерге бөленудің лайықтылығы оны табуы үшін адам Құдайдың мүмін пендесі және Құдайға бойсұнушы болу керек.

«Мәриям» сүресінің 59-60 аяттары:

فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضاعُوا الصّلَوةََ وَاتَّبَعُوا الشَّهَواتِ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا " ، " إِلَّا مَن تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صالِحًا فَأُوْلَئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ شَيْئًا "

Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады. (59) Бірақ кім тәубе қылып, ииан келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жаннатқа кіреді. (60)

Алдыңғы аятта Құдайға құлшылық ету Құдайдың пайғамбарлары мен әулиелерінің маңызды ерекшелігі ретінде қарастырылды. Осы аяттар былай дейді: «Құдай жолындағы сол ерлер еткен еңбекке қарамастан солардан кейін келген қауымдар Құдайға құлшылық ету мен табынудың белгісі болып саналатын намазды тастап, тура жолда тайып, өздерінің нәпсілік талап-тілектерінің соңынан ерді. Олар жолдан адасты. Егер олар сол жолдарынан бас тартып, ізгі істер жасап, өздерінің өткендерін түзетпесе оларды жаман салдар күтіп тұр. Өкінішке орай, адамзаттың бүгінгі мәселелерінің бірі қалың көпшіліктің Жаратушының алдында бас имейтіндігінде. Намаз оқитын топтың көбісі намаздың салттарын сақтамай, оны бұзады. Мұндай бұрыс әрекеттің салдары адамзат үшін отбасылық және қоғамдық әртүрлі мәселелер тудыратын нәпсілік және шәһауаттық тілектердің жеңісімен аяқталады Осы аяттардан үйренетініміз:1.Әкелердің еңбектерін жоятын перзенттер мен ұрпақ жиі кездеседі. 2.Намаз – діннің бейнесі. Оны құрту дін мен мұсылмандардың заңын құрту дегенді білдіреді. 3. Шынайы тәубе – сыртқы белгі емес, ішкі өзгеріс. Шынайы тәубе адамды адасушылықтан бақыт жолына нұсқап, тозақтықты жұмақтыққа айналдырады.