Жел 13, 2016 20:07 Asia/Almaty

Мәриям сүресі, 516-шы бөлім, 51-56 аяттар

«Мәриям» сүресінің 51 аяты:

" وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ مُوسي إِنَّهُ كَانَ مُخْلَصًا وَكانَ رَسُولًا نَبِيًّا "

(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Мұса (Ғ.С.)-ды есіңе ал. Рас ол, ықыласты, таңдаулы әрі жіберілген пайғамбар еді. (51).

Алдыңғы аяттарда кейбір илаһи пайғамбарлар мен әулиелердің оқиғаларын баяндаудың жалғасында осы аяттар Алланың үлкен пайғамбарларының бірі болған хазірет Мұсаның оқиғасына тоқталады. Осы аятта ол екі атаумен аталған: бірі – елші, екіншісі – пайғамбар. Ол да ресалат пен нобават дәрежесіне ие болды. Елшілік дәрежесінің пайғамбарлық дәрежеден үлкен екендігі анық. Ол уәһи періштесімен тікелей байланыс жасай алады. Елшіге уәһи түсірілумен қатар, ол уәһи тағылымдарын анықтап, оның қоғамда орындалуына да жауапты.  Ықылас туралы да адамдар екі топқа бөлінеді. «Мохлес» - риясыз топ, яғни ғибадатты Құдай үшін орындап, оған шерк қатпаған, күнә жасамаған топ; «мохлас» - Құдай оларды таңдап, шерк пен күнәлардан сақтаған топ. Жалпы халық риясыз, шынайы бола алады. Бірақ олар үнемі шайтанның ықпалының қатерінде болады. Бірақ адамдарға жетекшілік ету үшін таңдалған екінші топты Құдай пәк еткен. Сол себепті шайтан осы топқа әсер ететін жолдан кенде қалған.   .Осы аяттан үйренетініміз:1.    Құдай иманды адамдарға діннің ұлы тұлғаларын еске алып, құрмет тұтуды тапсырған. 2.    Шынайылық рухани деңгейлер мен илаһи дәрежелерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады. 

«Мәриям» сүресінің 52 аяты:

" وَنادَيْنَاهُ مِن جانِبِ الطُّورِ الْأَيْمَن ِ وَقَرَّبْنَاهُ نَجِيًّا "

Оған Тұр тауының оң жағынан дабыстап, сөйлесу үшін өзімізге жақындаттық. (52

Осы аят қысқа тіркеспен хазірет Мұсаның пайғамбарлыққа жету тәсілін баяндап, былай дейді: «Тур тауының етегінде ол аспандық дабысты естіп, илаһи сыбыр мен мінәжаттармен Аллаға жақындады». Құранның басқа аяттарында хазірет Мұсаның Құдаймен тікелей сөйлескені туралы айтылған. Бұл оның Құдайдың алдындағы дегейі мен мәртебесін көрсетеді. Осы аят оны «Құдайға жақындау» деп атады.  Осы аяттан үйренетініміз.1.Құдайға мінәжәт ету адамның Құдайға жақындауына себеп болады. Пайғамбарлар да осы жолды өткерген. 2.Кейбір мекендер киелі. Тур тауы сияқты қасиетті жерлерді қорғау керек.

«Мәриям» сүресінің  53 аяты:

" وَ وَهَبْنا لَهُ مِن رَحْمَتِنَا أَخاهُ هارُونَ نَبيًّا "

Әрі мәрхаметімізбен туысы Һарұнды, өзіне пайғамбар етіп бердік. (53)

" و از رحمت خویش ، برادرش هارون پیامبر را به او بخشیدیم "

Құранның басқа аяттарында хазірет Мұсаның Құдайдан бауыры Һарунды илаһи ресалатты орындау жолында өзіне серік болып, көмектесуі үшін уәзір етуін сұрағаны айтылған. Құдай да оның тілегін орындап, Һарун пайғамбар болса да үнемі бауыры Мұсаға көмектескен. Бұл пайғамбарлардың илаһи ресалатты орындауда уәж айтпастан, өздерінің есімдерінің айтылуын қаламастан, серіктесіп, бір-біріне көмектесткендерін көрсетеді. Осы аяттан үйренетнізім.1.Екеуі де пікірлес, идеялас болған жағдайда екі ағайындының серік болуы нығмет.2.Кейде бірдей мәртебе мен дәреже, деңгейге және бірдей құжатқа ие екі адамның бірінің екіншісінің соңынан ілесуі лазым. Себебі қоғам бір басшы мен бір басқарушыны қажет етеді. 

«Мәриям» сүресінің 54-55 аяттары:

" وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِسْماعيلَ إِنَّهُ كَانَ صادِقَ الْوَعْدِ وَكانَ رَسُولًا نَبيًّا " ، " وَكانَ يَأْمُرُ أَهْلَهُ بِالصَّلوةِ وَالزَّكَوةِ وَكَانَ عِندَ رَبِّهِ مَرْضِيًّا "

(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Ысмайыл (Ғ.С.) ды есіңе ал. Шынында ол уәдесіне берік әрі жіберілген бір пайғамбар еді. (54) Үй-ішіне, намаз бен зекетті орындауды бұйыратын еді. Сондай-ақ Раббының қасында сүйікті еді. (55)

Хазірет Ибраһим мен хазірет Мұсаның оқиғаларын баяндаудың жалғасында осы екі аят Ибраһимнің ең үлкен ұлы Ысмайыл хазіреттің бірнеше ерекшелігін баяндайды. Пайғамбарлардың барлығы уәделеріне адал болғанымен бұл ерекшелік хазірет Ысмайылдың бойынан ерекше көрініс берді. Негізі уәдеге берік болу – илаһи сипат. Уәдеден таю мұнафық, яғни екіжүзді адамдардың белгілерінің бірі. Сөз бен істе және келісім-шарттарға адал болу тіпті кәпірлер де оның пайғамбарлардың бойларында болуын мойындаған, теріске шығармаған қасиеттер. Отбасыға көңіл бөлу, отбасылық тәрбие қоғамды түзетудегі бірінші шара. Сол себепті ислам пайғамбары да жалпы халықты шақырудан бұрын дінді өзінің туған-туыстары арасында насихаттауға міндеттелді. .  Пайғамбарлардың барлық істерінің өлшемі халықтың ризашылығына бөлену емес, Алланың ризашылығы екендігі түсінікті. Сол себепті олар көбірек ізбасар тарту үшін Құдайдың негізгі бұйрықтарынан ешқашанда бас тартпай, соларға табанды болған.  Осы аяттардан үйренетініміз:1.Басқаларды марапаттап, құрметтеудегі өлшем үстірт өткінші істер емес, рухани кемелдік болуы керек.2. Пайғамбарлар қоғамдық жауапкершіліктерімен қоса отбасылық міндеттерге де ие. Намаз бен зекетке мән беру олардың тағылымдарының маңыздысы болып табылады.