Жел 13, 2016 20:12 Asia/Almaty

Мәриям сүресі, 514-ші бөлім, 41-45 аяттар

«Мәриям» сүресінің 41-42 аяттары:

" وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِبْراهيمَ إِنَّهُ كَانَ صِدّيقًا نَبيًّا " ، "إِذْ قَالَ لِأَبيهِ يَا أَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لَا يَسْمَعُ وَلَا يُبْصِرُ وَلَا يُغْنِي عَنكَ شَيْئًا "

 (Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыбырайым (Ғ.С.)-ды есіңе ал. Негізінде ол турашыл пайғамбар еді. (41) Сол уақытта әкесіне: "Әй, әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?",- деді. (42)

Алдыңғы аяттарда хазірет Зәкәрия мен хазірет Мәриям және хазірет Исаның  өмірлерінің бір парасын баяндаған соң осы аяттар хазірет Ибраһимнің ағасымен сұхбатын баяндап, алдымен хазірет Ибраһимді сипаттауда былай дейді: «Ол шыншыл болды». Шыншыл деген жүрегі мен тілі және ғамалы бір, яғни сөзі мен ғамалы шындық негізінде болатын адам.Хазірет Ибраһимнің әкесі дүние салғандықтан немере ағасы Азер оның қамқоршысы болды. Құран оны әкесіне теңейді. Хазірет Ибраһимнің әкесі мүмін, Құдай жолындағы адам болғанымен немере ағасы шеркке ұшыраған, пұтқа табынушылыққа салынған адам еді.  Сол себепті Ибраһим жұмсақ тілмен, өзімсініп, сауалмен, жанама түрде оған пұттарға табынудың пайдасыздығын түсіндіреді. Тіпті адамдардан төмен, көру және есту қабілетіне де ие емес пұттардың адамдардың істерінің хикметіне күші қайдан жетсін. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Басқаларға жол нұсқау және оларды түзету жолындағы әрекетті қоғамдағы адамдардан бұрын өзіміздің жақындарымыздан бастауымыз керек.  2. Тыйым салынған нәрседен бас тартқызуда жас тұрғысынан шекара жоқ. Мысалы, перзент отбасының үлкеніне жөн сілтей алады. 3.Тыйым салынған нәрседен бас тартқызуда ахлақтық және қоғамдық тыйымдардан бұрын сенім тыйымдарынан бастайық. 

«Мәриям» сүресінің 43 аяты:

" يَا أَبَتِ إِنّي قَدْ جاء ني مِنَ الْعِلْمِ ما لَمْ يَأْتِكَ فاتَّبِعْنِي أَهْدِكَ صِراطًا سَوِيًًّا " 

Әй, әкетайым! Расында маған саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес. Сені тура жолға салайын." (43)

Пұттарға табынудың пайдасыздығын баяндаған соң хазірет Ибраһим өзін пайғамбар деп таныстырып: «Құдай тарапынан маған уәһи түседі. Сол себепті мен сендер білмейтін нәрселерді білемін. Өліменен соң барзақ әлемі мен қияметтің болатындығы мен жасап жатқан істеріміз үшін илаһи сотта жауапкер болуымыз керектігі маған белгілі әрі кесімді. Мен Құдайдың алдында қандай істердің көркем, қандай істердің жаман екендігін білемін. Олай болса, хақ сөзге құлақ сал. Сені тура жолға нұсқайтын нәрсені қабылда» дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Шерктің тамыры ақиқатқа деген жәһілдікте. Сол себепті пайғамбарлардың мақсаты адамдарды шерктің көптеген зияндары мен зардаптарынан хабардар ету болып табылады. 2. Адам кіші болсын, үлкен болсын ғалымның соңынан еруі керек. Ғалым деген адамдардың жасының емес, ғылым мен хабардарлықтың өлшемі 3. Пайғамбарлар адамдарды соған шақырған жол әсірешілдіктен алыс бірқалыптылық пен ортаның жолы.  

«Мәриям» сүресінің 44-45 аяттары:

 " يَا أَبَتِ لَاتَعْبُدِ الشَّيْطَانَ إِنَّ الشَّيْطَانَ كَانَ لِلرَّحْمن ِ عَصِيًّا " ، " يا أَبَتِ إِنِّي أَخافُ أَن يَمَسَّكَ عَذابٌ مِنَ الرَّحْمن فَتَكُونَ لِلشَّيْطَان ِ وَلِيّاً "

"Әй, әкетайым! Шайтанға шоқынба! Өйткені, шайтан Аллаға қарсы болған." (44) Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанға дос болып, қалуыңнан қорқамын." (45)

Пұттарға тыйым салған соң хазірет Ибраһим шайтанның, ең басынан, Адамға сәжде етпеуіне байланысты Құдайға бағынбаушылық танытып, Құдайдың дәргаһынан қуылған сол шайтанның қатерін ескертті. Өзін адамнан артық санап, тәкәппарлығына байланысты Алланың бұйрығынан жалтарған, тіпті бір сәт те адамға сәжде ете алмағанға адамның құлшылық етуі қандай жаман әрі жөнсіз. Хазірет Ибраһим пұттарға табынуды шайтанға табынудың бір түрі деп атап, өзінің қамқоршысын сол істен тыйды. Себебі адамды оның құлы ететінге мойынсұнып, соған бағыну соған ғибадат етіп, соған табынудың бір түрі болып табылады. Өздерінің ақылдары мен ойларынан қол үзіп, ешбір себепсіз және қисынсыз шайтани сендірулердің әсерінен пұтқа табынатындар шын мәнінде шайтанға табынады. Әлбетте Құдай рақымды да мейірімді. Бірақ шайтанның ықпалына түсу адамды рақымды Құдайдың ықпалынан шығарып, әлгі адам Оның рақымынан мақұрым қалады. Осы аяттан үйренетініміз.1. Адамды тыйым салынған істен тыю ол үшін табиғи түрде ащы және жағымсыз болып табылатындықтан, оның бойында қабылдайтын негіз әзірлену үшін онымен жылы және іштарта сөйлеген жөн. Осы аяттарда хазірет Ибраһим төрт рет: «Әкетай!» деді. 2. Адам кейде рақымды да мейірімді Құдайдың ашуына тиіп, азапқа душар болатындай іс жасайды. Бірақ Құдайдың рақымы қашанда оның ызасынан алдыда жүреді.