Жел 13, 2016 20:23 Asia/Almaty

Мәриям сүресі, 508-ші бөлім, 6-11 аяттар

«Мәриям» сүресінің 6-7 аяттары:

" يَرِثُني وَيَرِثُ مِنْ آلِ يَعْقُوبَ وَاجْعَلْهُ رَبِّ رَضيّاً " ، " يا زَكَريَّا إِنَّا نُبَشِّرُكَ بغُلَامٍ اسْمُهُ يَحْيى لَمْ نَجْعَل لَّهُ مِن قَبْلُ سَميّاً "

"Ол маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!" (6) (Алла): "Әй, Зәкәрия! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты – Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік." (7)

Алдыңғы бағдарламада хазірет Закәрия жұрт оған назыр ретінде берген мал-мүлік пен мүмкіндіктердің өзі көз жұмған соң лайық емес адамдардың қолына түсетіндігіне алаңдағандықтан Құдайдан түзу мұрагер сұрағанын айттық. Осы аяттарда Яқұп әулетінің мұрагерлігіне де сілтеме жасалды. Себебі хазірет Зәкәрияның жұбайы хазірет Сүлейменнің ұрпағынан болды. Ол да Яқұптың ұлы Йаһуданың перзенттерінің бірі еді. Ол да үлкен мұраға ие болды.  Сол себепті Зәкәрияның өзінен кейін болатын мұрагері туралы ойлануы орынды болды. Себебі егер бұл мал-мүлік лайық емес, бейбастақ, күнәһар адамдардың қолдарына түссе қоғамдағы азғындыққа себеп болар еді. Сол себепті дұғаның жалғасында Алладан өзінің орынбасарының лайық, Алланың ризашылығына бөленетін түзу адам болғанын сұрайды. Бірақ кейбір тәпсіршілердің көзқарасы бойынша осы аяттағы «мұра» дегендегі мақсат мал-мүлікке мұрагерлік емес, пайғамбарлық дәреже болып табылады. Алайда осы екі көзқарас бір-бірімен сәйкесе алады. Яғни, Зәкәрия Алладан һәм мал-мүлікке мұрагер болып, һәм өзінен кейін Алла тарапынан «набоват» дәрежесіне де ие болатын перзент сұрайды. Алла Зәкәрияның дұғасын орындап, әр тұрғыдан теңдессіз, одан бұрын ешкім ие болмаған артықшылықтары бар перзент сүйетіндігі туралы сүйінші хабар берді. Оның есімін Құдайдың Өзі таңдап, сәби кезінде оны пайғамдарлық дәрежесіне жеткізді. Яхия сәби кезінде-ақ жоғары ақылға ие болды. Ол үнемі сапарда болғандықтан үйленбей, дүниелік ләззаттар мен шәһуаттан кенде болды. Одан кейін хазірет Иса да осындай себептерге байланысты өмірінің соңына дейін жалғыз күй кешті. Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Перзент қалау – табиғи тілек. Алладан перзент сұрау пайғамбарлық дәрежесіне қайшы келмейді. 2.    Өзіміздің перзенттерімізге ат қоюда мұқият болайық. Себебі есім мәдениет пен ақиданың белгісі.

 «Мәриям» сүресінің 8-9 аяттары:

" قَالَ رَبِّ أَنَّى يَكُونُ لي غُلَامٌ وَكَانَتِ امْرَأَتي عاقِرًا وَقَدْ بَلَغْتُ مِنَ الْكِبَرِ عِتيّاً " ، " قَالَ كَذَلِكَ قَالَ رَبُّكَ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٌ وَقَدْ خَلَقْتُكَ مِن قَبْلُ وَلَمْ تَكُ شَيْئًا "

 (Зәкеря): "Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым" деді. (8) "Міне солайша" деді. Бірақ Раббың: "Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің" деді. (9)

Зәкәрия Алладан перзентті өзі сұрай тұра өзінің тілегінің қандай  түрде орындалатынын білмеді. Өзі мен зайыбы жасарып, перзент сүйе ме, жоқ әлде осындай кәрі күйде оларға Алла Яхияны сыйлайды ма? Бұл сауал мен таңданыс пайғамбарлық дәрежесіне қайшы келмейді. Себебі қалай болғанда да пайғамбарлардың ғылымдары да шектеулі. Олар ғайып ілімінен Алла қалағанды ғана біледі. Жаратылыстың Жаратушысы, табиғаттың заңын орнатқан бәріне үстем Құдайдың табиғи себептерді кеңейтіп немесе шектей алатындығы табиғи іс. Себебі, ол – барлық жаратылыстың әкімі.  Осы аяттардан үйренетініміз:1.Бедеу ерлер мен әйелдер Алланың рақымы мен мейірімінен үміттерін үзбеулері керек. Тәжірибе олардың көбісінің перзент сүйгендерін көрсетті2.Өзіңнің жаратылуың туралы ойлану Алланың құдіретіндегі кез-келген күдік пен күмәнді жояды.

 «Мәриям» сүресінің10-11 аяттары:

" قَالَ رَبِّ اجْعَل لي آيَةً قَالَ آيَتُكَ أَلَّا تُكَلِّمَ النَّاسَ ثَلَاثَ لَيالٍ سَوِيّاً " ، " فَخَرَجَ عَلَى قَوْمِهِ مِنَ الْمِحْرابِ فَأَوْحى إِلَيْهِمْ أَن سَبِّحُوا بُكْرَةً وَعَشيّاً "

«Раббым маған бір белгі бер" деді. (Алла): "Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың" деді. (10) Сонда (Зәкеря) михраптан шығып, қауымына: "Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер" деп нұсқады. (11)

Тәпсіршілердің көзқарастары бойынша, Зәкәрия өзі естіген естіген үннің шайтани сендіру емес, илаһи уәһи болғанын түсіну үшін Алладан белгі көрсетуді сұрады. «Белгісі мынада: үш күн бойы Құдайды зікір етуден басқа, тілің сөйлеуге келмейді. Адамдармен сөйлесе алмайсың. Тілің сау, бірақ Алланы зікір етуден басқа айтқың келген нәрсені айта алмайсың» деген жауап келді. Осы белгі келген соң, өзінің ғибадат орнынан шығатын кезде адамдарды да Алланы зікір етіп, таң және кеш намаздарын орындауға шақырды. Сөйлей алмағандықтан өзінің сөзін адамдарға ишарамен жеткізді. Осы аяттардан үйренетінімз:1.Біздің дене мүшелеріміз Алланың қалауына байланысты. Егер Ол қаламаса, сау бола тұрып, мүше өзінің қызметін орындамайды. 2.Алланы зікір ету және Оған ғибадат ету мезгілдік, кезеңдік емес, күн сайын: таңертең және кешке, әрдайым орындалуы керек.