Мәриям сүресі, 507-ші бөлім, 1-5 аяттар
Мәриям сүресі, 507-ші бөлім, 1-5 аяттар
«Каһф» сүресінің аяқталуымен осы бағдарламада Құранның он тоғызыншы сүресі «Мәриям» сүресін бастаймыз. «Мәриям» сүресі Меккеде түскен. Осы сүреде хазірет Закария, хазірет Мариям, хазірет Иса, сондай-ақ Яхия, Ибраһим, Ысмайыл және Ыдырыс сынды пайғамбарлардың бастан кешкен оқиғаларының бір бөлігі айтылады. Хазірет Мәриямнан басқа ешбір әйелдің есімі Құранда жазылмаған. Құранда әйелдің есімімен аталатын жалғыз сүре – «Мәриям» сүресі.
«Мәриям» сүресінің 1-3 аяттары:
بسمِ اللَّهِ الرَّحْمنِ الرَّحیم ِ" ، " کهیعص " ، " ذِکْرُ رَحْمَتِ رَبِّکَ عَبْدَهُ زَکَریَّا " ، إِذْ نادى رَبَّهُ نِداءً خَفِیًًّا "
Ұғымын Алла біледі (1). (Мұхаммед Ғ.С.) Бұл Раббыңның құлы Зәкерия (Ғ.С.) ға мәрхаметінің естелігі. (2) Ал бір заманда ол Раббына құпия дауыспен жалбарынған еді (3).
Бұл сүре Құранның басқа 28 сүресі сынды жеке әріптерден басталып тұр. Бұдан бұрын Құран сүрелерінің төрттен бірінің басында келетін осы әріптердің адам баласы үшін әлі ашылмаған құпия-сыр екендігін айтқан болатынбыз. Ақырзаманда имам Меһдидің келуімен осы әріптердің сыры ашылады деген үміт бар. Хазірет Зәкәрия Һарунның перзентерінің бірі (Мұса хазіреттің бауыры). Зәкәрияның өзі Исраил әулеті пайғамбарларынан. Есімі Құранда жеті рет айтылған. Құдай Құранда біз бен болашақ ұрпаққа ғибрат болу үшін жақсылар мен жамандарған Өзінің мейірімі мен қаһарын көрсетеді. Осы аяттар хазірет Зәкәрияға деген Алланың мейірімін баяндайды. Ол жұрт көзінен тасада Алладан өзіне перзент сыйлауды өтінген. Оның дұғасының жасырын жасалуы, бәлкім жұрт «бұл шал қартайған шағында аппақ шашымен Алладан перзент сұрап жүр» деп келеке етпеу үшін болған болар. Дегенмен рауаяттар негізі бойынша ең жақсы дұға ол әшкере және айғайлап айтатын емес, жасырын, ақырын жасалатын дұға. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Алланың әулиелерінің атын атап, шақыру Құдай бізге Құранда үйреткен құндылық болып табылады. 2. Алланың рақымы мен мейіріміне бөленуіне негіз қалайтын өмірдегі дұғаныың ролінен қапыл қалмайық. :
" قَالَ رَبِّ إِنِّی وَهَنَ الْعَظْمُ مِنِّی وَاشْتَعَلَ الرَّأْسُ شَیْبًا وَلَمْ أَکُن بدُعائِکَ رَبِّ شَقِیًّا " ، " وَإِنِّی خِفْتُ الْمَوالِیَ مِن وَرائی وَکانَتِ امْرَأَتی عاقِرًا فَهَبْ لِی مِن لََدُنکَ وَلیًّا ً "
"Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді" деді. (4) "Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр.!" (5)Рауаяттар негізі бойынша хазірет Закария мосқал жасқа келсе де перзент сүймегендіктен лайықтылықтары мен біліктіліктері жоқ туыстарының кейбіреулері өзінің мұрагерімін деп таныстыра ма деп алаңдаулы еді. Сол себепті Зәкария дұға тілеп, Алладан мұрагері болатын, өзінен кейін жолын жалғастыратын түзу перзент сыйлауын сұрады. Бірақ мұндай дұға сырттай орындалмайтын болды. Себебі Зәкәрия да, оның зайыбының да қарт болғандықтан табиғи түрде сәби сүйетін мүмкіндіктері болмады. Бірақ Алланың қолы байлаулы емес. Жаратылыс әлемін жаратқан, оның заңдылығын орнатқан Алла –сол заңдардың әкімі. Сондықтан Ол қай жерде қаласа маслихат пен хикмет негізі бойынша, сол заңдардың күшін жоя алады. Ибраһимге отты суытып, оныңкүйдіру қасиетінен айыруы сияқты. Негізінен иманды адам физика мен химияның заңдарын қабылдап, соларды танып, іске жаратуды көздейді. Бірақ Алланың құдіретін табиғаттан жоғары санап, өзі мен өзінің талап-тілектерін материалды заңдардың шеңберінде шектеулі деп санамайды. Оларға табиғи түрде қол жеткізу мүмкін емес біздің мүмкіндіктерімізден тыс тілектерге жетудің ең жақсы жолы дұға тілеу екендігі анық. Бірақ орынсыз, нәпсілік тілектер емес, адам мен қоғамның дамуы мен кемелдікке жетуіне себеп болатын қайырлы дұға. Бірақ маңызды жәйт адам дұға оның ісі мен талпнысының орнын басады деп ойламай, өзінің шамасы келгенше талпыныс жасап, күш салуы керек. Бірақ дұғаның орындалуының илаһи хикметке байланысты екендігіне көңіл аудару керек. Біз барлық талпыныс және дұғаларымызбен тағы да өзіміздің қалауымызға жетпеуіміз де мүмкін. Сол себепті өзімізді талап етуші деп санамайық. Керісінше, Алланың біз білмейтін істерді білетіндігіне сенуіміз керек. Дұғаларымыздың орындалуы біздің мүддемізді көздемеуі мүмкін. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Мүмін пенделер үнемі илаһи мейірімнен үміт күтеді. Себебі илаһи рақымнан үміт үзу бақытсыздыққа себеп болады. 2. Алла адамның талап-тілектерін біледі. Бірақ дұға тілеу адамның Құдайға мұқтаж екендігін біліп, оның басқаларға тәуелді болмай, бойында құлшылық және ықылас рухының пайда болуы мен дамуына себеп болады. 3. Дұрыс перзент – адам дүние салғаннан кейін адамның жақсылықтарының жалғасуына себеп болатын илаһи нығмет.