Каһф сүресі, 505-ші бөлім, 102-106 аяттар
Каһф сүресі, 505-ші бөлім, 102-106 аяттар
«Каһф» сүресінің 102 аяты:
" اَفَحَسِبَ الَّذینَ کَفَروا اَن يَتَخِذُوا عِبادی مِن دونی اَولِیاءَ اِنّا اَعتَدنا جَهَنَّمَ للکافِرینَ نُزُلاً "
Кәпірлер мені қойып құлдарымды ие етуді ойлай ма? Расында тозақты кәпірлерге қонақ үй етіп, әзірледік. (102)
Өткен бағдарламаның соңында кәпірлер мен тозақтықтардың кейбір ерекшеліктері туралы айтылды. Осы аят жалғасында былай дейді: «Хақты бүркемелеп, ақиқатты көргілері келмей, оны естуге құлық танытпағандар Алланың орнына Алланың құлдарын өздерінің қамқорлықтарына аламыз дегенде оларды бақытқа жеткізіп, қиындықтарынан құтқарамыз деп ойлады ма? Олар қандай қисын мен дәлелге сүйеніп Алладан қол үзіп, Алланың жаратылысына табынып, жалбарынды? Алладан басқа ешқандай сенімді пананың жоқ екендігін көрген күні олар қандай қасірет тартады десеңізші!..». Осы аяттан үйренетініміз:1.Кәпірлердің Құдай мен қияметті теріске шығаратын дұрыс дәлел-дәйектері жоқ. Олар өздерінің күдік-күмәндары мен ойлары негізінде осындай жолды таңдады. 2. Күпіршілік тек Құдайды теріске шығару емес. Құдайдан басқаның билігін қабылдау да күпіршіліктің бір түрі. п
«Каһф» сүресінің 103-104 аяттары:
" قُل هَل نُنَبّئُکُم بالاَخسَرینَ اَعمالا ً " ، " اَلّذینَ ضَلََّ سَعیُهُم فی الحَیوةِ الدُّنیا وَ هُم یَحسَبونَ اَنَّهُم یُحسِنوُنَ صُنعاَ "
(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге қылығы бойынша зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?”, - де. (103) Олар дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік” деп ойлайды. (104)
Осы аяттар дінге жаңашылдық енгізіп, ырымшылдыққа душар болған кітап иелері болсын, болмаса хақ жолынан тайып, «қарғысқа» ұшырағанның билігін қабылдаған мұсылмандар болсын өздерінің осы дүниедегі іс-әрекеттерін жақсы және жағымды болды деп санаған адамдар туралы айтады. Адамға қауіп төндіретін қатерлердің бірі ол өздерінің істерін жақсы деп, өздерін құтқарылатын және бақытқа жететін адамдар деп ойлауларында. Бірақ перделер ашылып, олардың қапылдық пен тәкаппарлыққа ұшырағандары мен барлық талпыныстарының бекер болғаны белгілі болады. Мұндай адамның үлкен қасіретке душар болатындығы түсінікті. Өйткені ол һәм осы дүние мен дүниелік ләззаттардан қағылды, һәм ақырет әлемінде жұмақ пен мәңгілік нығметтен мақұрым қалды. Осы аяттар адамды орынсыз күдік-күмән мен ойлар және ақиқаттардан қапыл болудың қатері туралы хабардар етіп, бос қиял мен болжам, дүдәмалдарға кіріптар болмауға, ақылға сүйенбей ештеңе істемеу туралы ескерту жасайды. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Көп жұмыс пен талпыныс адамды құтқармайды. Маңыздысы, жолды дұрыс тану және жақсы іс жасауда илаһи түрткіге ие болу. 2. Қиялға салынбай, ақиқатты көретін реалист болайық. Өзіміздің есептерімізге толығымен арқа сүйемейік, себебі біздің есептеріміз шындықпен сәйкеспеуі мүмкін. 105-106 аяттары:
" اولئکَ الّذینَ کَفَََروا بایاتِ رَبِّهِم وَ لِقائِهِ فَحَبطَت اَعمالُهُم فَلا نُقیمُ لَهُم یَومَ القیمَةِ وَزناً " ، " ذلکَ جَزاؤُهُم جَهَنَّمَ بما کَفَروا وَاتَّخَذوا آیاتی وَ رُسُلی هُزُواً "
Міне олар Раббыларының аяттарына әрі Раббыларына жолығуға қарсы келгендер. Сондықтан еңбектері еш болған. Сонда оларға қиямет күні еш мән бермейміз. (105) Олар қарсы келіп, аяттарымызды, елшілерімізді тәлкекке алғандықтары себепті жазалары тозақ. (106).
Осы аяттар ақидада немесе ғамалда, болмаса екеуінде де қиындыққа душар болған адамдардың істерінің соңын тозақ деп атайды. Өйткені, мұндай адамдардың істері сырттай және өздерінің ойлары бойынша жақсы әрі жөн көрінгенімен, олардың қияметте Құдайдың есептеу таразысында ешқандай салмағы мен құны болмайды. Ізгі іс жасаушыларға қатер төндіретін қауіптердің бірі – «хабте амал», яғни ізгі ғамалдардың жойылуы. Күпіршілік және хақты теріске шығару «хабте амалдың», яғни ғамалдың жойылуының маңызды факторларының бірі. Бұл өзінің мердігеріне өмір бойы қызмет етіп, оның бұйрықтары мен нұсқауларын жақсы орындап, бірақ ең соңында онымен ұрсысып, жанжалдасып, өзінің жұмыс берушісінен бөлінетін қызметкер сияқты. Сол ұят қылығы оның 30 жылдық еңбегін шайып жібереді. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1.Кейде бізге үлкен және әдемі болып көрінуі мүмкін істердің сыртына қарамайық. Сол істердің іші қуыс, бос және құнсыз болатындықтары жиі кездеседі. Дауысы қатты, құлақты жарып жіберетіндей, іші қуыс даңғыра сынды.2.Құдайға күпіршілік ету және пайғамбарлар мен Алланың аяттары мен белгілерін келеке ету барлық ізгі істердің жойылуына соқтырады. Адамның ақыреттегі тағдыры оның осы дүниедегі істерінің нәтижесіне байланысты.