Каһф сүресі, 500-шы бөлім, 74-78 аяттар
Каһф сүресі, 500-шы бөлім, 74-78 аяттар
«Каһф» сүресінің 74-75-76 аяттары:
" فانطلقا حتّی اذا لَقِیا غُلاماً فَقَتَلهُ قالَ اَقتلتَ نَفساً زَکیّةً بغَیرِ نَفس ٍ لَقَد جئتَ شَیئاً نُکراً " ، " قالَ اَلَم اَقُل لَکَ اِنّکَ لَن تَستَطیعَ مَعِیَ صَبراً " ، " قالَ اِن سَاَلتُکَ عَن شئ ٍ بَعدَها فَلا تُصاحِبنی قَد بَلغتَ مِن لَدُنّی عُذرًا "
Екеуі тағы жолға шықты. Бір ұл бала кездесіп еді, (о кісі) оны өлтірді. (Мұса Ғ.С.): “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің” деді. (74) “Сен менімен бірге жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?”, - деді. (75) “Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас менен саған сылтау табылды” деді. (76)
Алдыңғы бағдарламада Құран Кәрімнің Мұса мен Қызырдың оқиғасын былайша баяндағанын айттық: «Теңіздің жағасында кездескеннен кейін олар кемеге отырды. Қызыр кеменің тесуге кіріскенде Мұса шыдай алмай, наразылық білдіре бастайды». Осы аяттар жалғасында былай дейді: «Кемеден түскен соң екеуі бір өлкеге келіп жеткен кезде Қызыр ешбір дәлелсіз бір жасөспірімді өлтіреді. Қызырдың бұл ісінің Мұсаның қатаң наразылығына ұшырғандығы және Алланың пайғамбарының мұндай іске шыдауының мүмкін еместігі түсінікті жағдай болды». Рауаяттарда ислам пайғамбарының былай деп айтқаны бар: «Егер Мұса сабыр сақтағанда Қызырдан көбірек ғажайыпты байқаған болар еді». Мұса үндемеуге және ештеңе айтпауға уәде бергенімен, сырттай шариғатқа қайшы әрі үндемей қарап тұруға болмайтын жөнсіз іске тыйым салуы керек болды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Шариғат ахкамдары мен шектерін сақтау ахлақтық және әлеуметтік міндеттемелерден маңыздырақ. Ешбір ккелісім мен шарт Алланың келісімшарттарына кедергі бола алмайды. 2.Кімнің бойынан болмасын жөнсіз іс көрініс берсе наразылық білдіру керек. Егер оның ақтайтын себебі болса көрсетуі керек. Басқаша айтқанда, лауазым мен жағдай адамдардың істерін ақтай алмайды. 3. Алланың әулиелері ғылым мен мүмкіндік тұрғысынан бірдей емес. Біреудің жақсы істерінің басқа үшін жаман, жөнсіз көрінуі жиі кездеседі.
«Каһф» сүресінің 77 аяты:
" فَانطَلَقا حَتّی اذا اَتَیا اَهلَ قَریَة ٍ استَطعَما اَهلَها فَاَبَوا اَن یُضَیّفُوهُما فَوَجدا فیها جداراً یُریدُ اَن یَنقَضَّ فَاَقامَهُ قالَ لَو شِئتَ لَتَّخَذتَ عَلَیهِ اَجرا "
Сонда екеуі тағы жүріп, бір кент халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп, Қызыр оны жөндеді. (Мұса Ғ.С.): “Егер қаласаң, бұған жалақы алар едің” деді. (77)
Мұса үшін екеуі де жаман іс болған, яғни Қызыр кемені тесіп, бір жас жігітті өлтірген соң екеуі үшінші кезеңде бір елді мекенге жеткен кезде құлайын деп тұрған дуалды көреді. Екеуі де шаршаған, аш болатын. Бірақ ол ауылдың адамдары оларға ештеңе бермейді. Соған қарамастан Қызыр жалғыз өзі дуалды жөндеуге керіседі. Мұса көмектеспегенімен қоймай, тағы да: «Тіпті бізге ас бермеген адамдарға тегін жұмыс істейсің. Тым құрығанда ақша алсаң етті, тамақ жер едік» деп наразылық білдіреді. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Басқалардың жамандықтары үшін оларға мейірім мен қайырымдылық жасаудан бас тартпайық. Жамандыққа жамандықпен немесе неқұрайлықпен жауап бермейік. Егер Қызыр дуалды жөндемегенде жамандық істемеген болар еді. Өйткені ол міндетті емес болатын. Бірақ қайырымдылығы және жанкештілігімен сол істі жалғыз өзі атқарды. 2.Қажеттілікті сезінген кезде дереу кірісуіміз керек. Басқалардың шақыруын немесе барлық шаралардың әзірленуін күтпеу керек. Тіпті басқалардың сындарына да көңіл аударудың қажеті жоқ. 3.Алланың әулиелері басқаларға ақша тауып, табыс табу үшін көмектеспейді. Олар кейде аш бола тұра басқаларға қызмет етіп, олардан ақы да күтпейді.
«Каһф» сүресінің 78 аяты:
" قالَ هذا فِراقُ بَینی وَ بَینِکَ سَاُنَبّئُکَ بتَاویل ِ ما لَم تَستَطِع عَلَیهِ صَبراً "
“Міне осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын” деді. (78)
Хазірет Мұса нені көрсе де сабыр сақтап, төзуге сөз берген болатын. Бірақ үш ретте де наразылық білдірді. Мұсаның реакциясы бір жағынан табиғи еді. Яғни, Қызыр үндемей қарап тұруға болмайтын іс жасады. Басқа жағынан, бұл Алланың әулиелерінің мүмкіндіктерінің айырмашылығының белгісі болып табылады. Мұса Қызырдың Алла тарапынан оған илаһи құпия-сырларды үйрету үшін тағайындалғанын білді, бірақ бәрібір мұндай істерді қабылдай алмады. Сол себепті бұл байланыс жалғаспай, бір-бірінен тез бөлінуге соқтырды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Тек оқиғаның сыртына ғана назар аудармайық. Біз хабарсыз және жөнсіз шағымданатын олардың ішінде құпия-сырлардың тұнып жататындығы жиі кездеседі. 2.Алланың екі әулиесінің бір-бірінен бөлініп, әрқайсысы өз жолымен кетуі мүмкін. Сол тұрғыдан олардың ешқайсы үшін мәселе туындамайды.