Каһф сүресі, 499-бөлім, 67-73 аяттар
Каһф сүресі, 499-бөлім, 67-73 аяттар
«Каһф» сүресінің 67-68 аяттары:
" قالَ انّک لَن تَستَطیعَ مَعِیَ صَبراً " ، " وَ کَیفَ تَصبرُ عَلی ما لَم تُحِط بهِ خُبراً "
Қызыр Мұсаға: Расында сен менімен бірге болуға шыдай алмайсың” деді. (67) “Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр ете аласың ?”,-(деді.) (68)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның илаһи ғылым мен ғайып істерін білу үшін Қызырмен кездесіп, оның ғылым қазынасын пайдалануды сұрағанын айттық. Сол себепті оны іздеп, оқиғаларды бастан кешкен соң оны тапты. Осы аяттар былай дейді: «Дәл ең басынан-ақ хазірет Қызыр хазірет Мұсаға: «Менің істерім сен шыдай алмайтындай, сабыр сақтауыңды қажет етеді. Оның сыры мен құпиясын білмеген кісіге төзу қиын іс» деді. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1.Мұғалім мен тәлімгер өздерінің білім беретін адамдарының мүмкіндіктерінен хабардар болуы керек. Егер қажет деп тапса онымен бірге болу үшін дайын болуға сол ғылымның қиындықтарын оларға ескертуі керек. Келесі аяттардан тіпті Мұса пайғамбардың Қызырдың істеріне төзе алмайтындығын көреміз.2. Реніштер мен дауласушылықтың көбі адамдардың бір-бірінің ойлары мен мақсаттарынан хабарсыз болудан туындайды.
«Каһф» сүресінің 69-70 аяттары:
قالَ سَتَجدُنی اِن شاءَ اللهُ صابراً وَ لا اَعصی لَکَ اَمرًا " ، " قالَ فَاِن ِ اتَّبَعتَنی فَلا تَسئَلنی عَن شَئ ٍ حَتّی اُحدثَ لَکَ مِنهُ ذِکراً "
(Мұса Ғ.С.). “Алла қаласа, мені сабырлы табарсың. Сондай-ақ саған ешбір істе қарсы келмеймін” деді. (69) “Ал онда маған ілессең, саған айтпайынша, менен еш нәрсе сұрама” деді (70).
Қалай болғанда да хазірет Мұса Қызыр хазіретпен бірге болу үшін өзінің дайын екендігін мәлімдеді. Мұса наразылық білдірмеуімен қатар, тіпті ештеңе айтпауға уәде беріп, ештеңе сұрамауға келісті. Тек көріп, естіп, Қызыр әмір еткенді ғана істейтін болды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Егер біреуге бір істі жасауға уәде беретін болсақ, «иншалла» дегенді айтуды ұмытпайық, Алланың қалауын есімізден шығармайық.2.Алланың пәк, бейкүнә әулиелері алдында бойсұнып, бағынайық. Егер бір нәрсенің хикметін түсінбесек, қарсыласпайық.
«Каһф» сүресінің 71-72-73 аяттары:
" فَانطَلَقا حَتّی اِذا رَکِبا فِی السَّفینَةِ خَرَقَها قالَ اَخَرَقتَها لِتُغرِقَ اَهلَها لَقَد جِئتَ شَیئاً اِمراً " ، " قالَ اَلَم اَقُل اِنَّکَ لَن تَستَطیعَ مَعِیَ صَبراً " ، " قالَ لاتُؤاخِذنی بما نَسیتُ وَ لا تُرهِقنی مِن اَمری عُسراً "
Сөйтіп, екеуі жолға шықты да кемеге түсіп, оны тесе бастады. (Мұса Ғ.С.): “Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсыз істедің” деді. (71) (О кісі): “Мен саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсың демедім бе?” деді. (72) (Мұса Ғ.С.): “Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімде қолайсыздық тудырма” деді. (73)
Осы аяттар мен келесі аяттардан Қызыр хазіреттің оқытуының теориялық және сөз түрінде болмағаны, әртүрлі орталар мен жағдайлардағы іс жүзінде оқытудың түрі болғаны түсінікті болады. Қызыр хазіреттің істерінің сырынан хабарсыз хазірет Мұсаның оған наразылық білдірмеу, тіпті сұрақ та қоймау туралы сөз бергеніне қарамастан оның қалыптан тыс, таңғажайып істерін көре тұра үнсіздік таныта алмағаны түсінікті. Олар кемеге отырған кезде алғашқы оқиға орын алды. Қызыр хазірет ешбір дәлелсіз кемені тесуге кірісті. Бұл кеме иесіне зиян мен шығын келтіріп, кеменің ішіндегі жолаушылардың суға батуы мен ажал құшуларына себеп болатын іс. Бұл (сырт көзге) һәм шариғатқа қарсы, һәм ақылға сыймайтын, онымен қоса кемеде болған өздерінің жандарын да қатерге тіккен іс болды. Қарапайым адамнан да мұндай істі күтпеген хазірет Мұса енді Алла тарапынан оған илаһи мұғалім ретінде таныстырылған адамның осындай таңдандыратын іс жасауын көріп тұр. Сол себепті берген уәдесін ұмытып, осы үлкен лайықсыз іске тыйым салды.Бірақ Қызыр хазіреттің жауабы «Сен үндемей, ештеңе сұрамайтын болып келіскенсің» болды. Хазірет Мұса айтқан сөзі үшін өкініп, Қызырдан қатесін ұмытып, оны шеттетпеуді өтінді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Егер Алланың пәк әулиелерінің бірінің ғылымы мен хикметін қабылдасақ, біз үшін таңқалдырарлық болып көрінсе де оның себебі белгілі болып немесе өзі оны түсіндіргенше олардың істеріне наразылық білдірмейік.2. Бұрыс істердің алдында үнсіздік танытуға рұқсат жоқ. Ондай болса хазірет Мұсаның кемені тесуге қарсылық білдіруі дұрыс болды. Жалғыз міні – Мұсаның қарсылығының Қызыр хазіретке берген уәдесіне қайшы болуы ғана.