Каһф сүресі, 498-ші бөлім, 62-66 аяттар
Каһф сүресі, 498-ші бөлім, 62-66 аяттар
«Каһф» сүресінің 62-63 аяттары:
" فَلَمّا جاوَزا قَالَ لِفَتَاهُ آتِنا غَداءَ نا لَقَدْ لقينا مِن سَفَرِنا هذا نَصَبًا " ، " قَالَ أَرَأَيْتَ إِذْ أَوَيْنَا إِلَى الصَّخْرَةِ فَإنِّي نَسيتُ الْحُوتَ وَما أَنسانيهُ إِلَّا الشَّيْطَانُ أَنْ أَذْكُرَهُ وَاتَّخَذَ سَبِيلَهُ فِي الْبَحْرِ عَجَبًا "
Екеуі ілгерілеп барған кезде Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Азығымызды әкелші, әрине осы сапарымызда шаршадық” деді. (62) “Көрдің бе? Таста дем алғанда балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан-ақ ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізге жол тартты” деді. (63)
Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның хазірет Қызырмен кездесу үшін қаладан шығып, теңіздің жағасында демалған соң өзінің жолын жалғастырғанын айтқан болатынбыз. Бірақ олардың кездесетін орындарының белгісі қолдарындағы балық қай жерде суға секіріп, көзден ғайып болып кетсе сол жерде хазірет Қызырдың келуін күтулері керек болды. Хазірет Мұса жартастың жанында демалып жатқан кезде осы іс орын алып, хазірет Мұсаның сапарласы оған сол оқиғаны айтуды ұмытып кеткен болатын. Осы аяттар былай дейді: «Теңіздің жағасында қарындарының ашқанын басып, балықты пісіріп, жемек болады. Хазірет Мұсаның сапарласының балықтың суға секіріп кеткенін айтатыны дәл сол жер еді. Хазірет Мұса өмірінде көп сапарға шығып, сапар қиындығын көп тартты. Алғашқы сапары Перғауыннан қашып, хазірет Шұғайыпқа жетіп, соның қызына үйлеген кезде болды. Хазірет Мұсаның екінші сапары оның Мысырға оралуы кезінде, пайғамбарлыққа жеткен кезе болды. Үшінші сапары Тауратты алу үшін Тур тауына барған кезде болды. Бұл хазірет үшін көптеген қиындықтар мен сауалдарға толы болған төртінші сапары саналды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Ғылымға қол жеткізу және ғалымдармен кездесу жолында өздерінің илаһи ғылым бұлағымен байланысты болғандарына қарамастан пайғамбарлар да қиындықтарды бастан өткерді.2. Адамның дамуы мен мағрифатқа қол жеткізуі жолында жындар мен адамдардың шайтандары кедергі келтіріп, әр түрде әрекет етеді.
«Каһф» сүресінің 64-65 аяттары:
" قَالَ ذَلِكَ ماكُنّا نَبْغ ِ فارْتَدّا عَلَى آثَارِهِما قَصَصًا " ، " فَوَجَدا عَبْدًا مِنْ عِبَادِنَا آتَيْنَاهُ رَحْمَةً مِنْ عِندِنَا وَعَلَّمْنَاهُ مِن لَدُنّا عِلْمًا "(Мұса Ғ.С.):
“Міне, іздегеніміз осы” деп, екеуі ізінше қайта қайтты. (64) Сонда екеуі өз тарапымыздан оған үлкен игілік беріп, өз қасымыздан алуан ғылым үйреткен құлдарымыздан бірін тапты. (65)
Қалай болғанда да хазірет Мұса мән-жайға қаныққан соң өзінің сапрласымен теңіздің жағасына қайтып оралды. Дәл сол жерден илаһи ғылым мен хикметке ие хазірет Қызырды тапты. Хазірет Қызыр пайғамбар болды ма, жоқ па бұл жөнінде пікір қайшылығы бар. Бірақ әртүрлі дәлелдер бойынша ол хазірет те пайғамбар болды деп айтуға болады. Себебі хазірет Мұса сынды пайғамбардың мұғалімі де оның сөздері мен іс-әрекеті Мұсаға дәлел болу үшін пайғамбар болуы керек. Мұнымен қоса Құран пайғамбарлар туралы көбінесе «абд» «құл» деген анықтаманы қолданған. Бәрінен маңыздысы, осы аят былай дейді: «Оның ғылымы Құдайдан. Пайғамбарлардан басқа ешкім ондай емес». Осы аяттардан үйренетініміз:1. Кейбір ғылымдар ақыл мен тәжірибемен келмейді. Әмбиелердің ғылымы сынды тек қана илаһи ғылымнан бастау алуы керек.2. Дін ғылымын Құдайдың құлы болып табылатын, адамды Аллаға жақындататын адамнан үйрену керек. 3. Адамдардың арасында егер іздесек, шарласақ оларды тапсақ, ғылымдары мен хикметтерінен пайдаланатын Алланың есімдері белгісіз, танымал емес ғалымдар бар.
«Каһф» сүресінің 66 аяты:
" قَالَ لَهُ مُوسی هَلْ أَتَّبعُكَ عَلَى أَن تُعَلِّمَن ِ مِمّا عُلِّمْتَ رُشْدًا "
Мұса (Ғ.С.) о кісіге: “Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?”,-деді. (66)
Хазірет Мұсаның сол сапарда қиындыққа шыдаудағы мақсаты даму мен кемелдікке жету болды. Сол себепті хазірет Қызырды тауып алған кезде шәкірттің ұстазға қатысты әдебін орындау үшін хазіреттен шәкірт болуға рұқсат сұрады. Мұса өзін Қызырдың алдында мойынсұнушы, қарапайым ұстады. Бұл пайғамбарлардың ахлағына жатады. Хазірет Мұсаның өзі Алланың үлкен пайғамбарларының бірі және кітап пен шариғат иесі болғанына қарамастан ішкі ақиқаттар мен Алланың жасырын хикметеріне қол жеткізу үшін шәкірт болып, білім алудан аянбауы керек. Бірақ тәкәппарлық пен мақтаншақтыққа себеп болатын емес, дамудың ұйытқысы болатын білім. Осы аяттан үйренетініміз:1.Әмбиелердің ғылым мен кемелдікке жетудегі дәрежелері әртүрлі. Олардың ғылымдары шектеулі әрі молыға алады.2.Даму мен кемелдікке жету үшін ғылым мен хабардарлық және мағрифат лазым.3.Ұстаздың алдында ғылым талап етуші өзін әдепті және бойсұнған түрде ұстауы керек. Үйренгені оның дамуы мен кемелдігінің ұйытқысы болуы керек.