Каһф сүресі, 497-ші бөлім, 57-61 аяттар
Каһф сүресі, 497-ші бөлім, 57-61 аяттар
«Каһф» сүресінің 57 аяты:
" وَمَنْ اَظْلَمُ مِمَّن ذُكِّرَ بآيَاتِ رَبِّهِ فَأَعْرَضَ عَنْها وَنَسِيَ ما قَدَّمَتْ يَداهُ إِنَّا جَعَلْنا عَلَى قُلُوبهِمْ أَكِنَّةً أَن يَفْقَهُوهُ وَ في آذَانِهِمْ وَقْرًا وَإِن تَدْعُهُمْ إِلَى الْهُدى فَلَن يَهْتَدُوا إِذًا أَبَدًا "
Раббыларының аяттары арқылы үгіттеліп, одан бет бұрған және бұрынғы өз қолымен істегендерін ұмытқан кісілерден кім залымырақ? Расында олардың жүректеріне оны түсінбейтін қалтқы және де құлақтарына кереңдік пайда қылдық. (Мұхаммед Ғ.С. ) оларды туралыққа шақырсаң да әрине мүлде жолға келмейді. (57)
Алдыңғы аятта пайғамбарлардың халыққа жетекшілік ету міндетіне жүктелгендіктерін, бірақ мәжбүрлеу құқығына ие емес екендіктерін айттық. Көп адамдардың хақты қабылдамайтындықтары қалыпты іс. Бірақ тағы бір топ күпіршілік жасап, теріске шығарумен қоса пайғамбарлар мен олардың ізбасарларын келеке етіп, тіл тигізушілікке дейін барып, діндарлармен жауласады. Осы аят былай дейді: «Хақты тани тұра хақтан бас тартып, Құдайдың сөзінен теріс айналатын адамдар шын мәнінде көздерін жұмып, құлақтарын бітеп, хақты қабылдауға әзір емес. Мұндай адамдар ешқашан жетекшілік жолына бағытталмайтындықтары түсінікті. Себебі олардың өздері жетекшілікті талап етпейді. Ұйықтап жатқан адаммен өзін өтірік ұйықтаған етіп көрсететін адам арасында айырмашылық бар. Біріншісі, бірнеше рет дауыстап, ескерту жасаса, оянады. Бірақ екінші адам өтірік ұйқыдан қалай оятса да оянбайды. Осы аяттан үйренетініміз: 1.Күнәлардан қапылдық және бұрынғы жаман іс-әрекет рухтың қараюы мен діни ақиқаттарды теріске шығаруға себеп болады.2.Ақиқаттар мен шындықтарды түсіну күшінен айрылу қапыл және илаһи белгілерге мән бермейтін адамдар соған душар болатын илаһи жаза болып табылады.
«Кәһф» сүресінің 58-59 аяттары:
" وَرَبُّكَ الْغَفُورُ ذوالرَّحْمَةِ لَوْ يُؤَاخِذُهُم بما كَسَبُوا لَعَجَّلَ لَهُمُ الْعَذَابَ بَل لَهُم مَوْعِدٌ لَن يَجدُوا مِن دُونِهِ مَوْئِلًا " ، " وَتِلْكَ الْقُرى أَهْلَكْناهُمْ لَمَّا ظَلَمُوا وَجَعَلْنَا لِمَهْلِكِهِم مَوْعِدًا "
Раббың өте жарылқаушы, мәрхамет иесі. Егер оларды қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О заман олар, Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды (58). Олар зұлымдық еткен заманда, сол кенттерді жоқ еттік. Солардың жоқ етілулері үшін де мерзім белгілеген едік (59).
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Осы дүниеде зұлымдар мен күнәһарлардың өліміне себеп болатын Алланың қаһары мен жазасы ерекше жағдайларға қатысты. Жалпы қағидасы мынадай: Құдай рақымының негізі бойынша адамдарды жазалауға асықпайды. Оларды күнәлары үшін айыптап, жазаламайды. Басқаша айтқанда, Құдай рақымы негізінде күнәһарларға өздерінің өткендерінің орнын толтырып, тәубеге келу арқылы қайтып оралу үшін мұрсат береді. Бірақ егер Алланың осы мейірімі мен мұрсатын пайдаланбаса Құдай әділетпен оларға қатынас жасап, кіріптар етеді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Егер адамдардың өздері Алланың рақымына бөленетін мүмкіндікті жойып тастамаса, Құдайдың адамдармен қатынас жасауындағы принципі рақым ету мен кешірім жасау болып табылады. 2.Күнәһарлар Алланың мұрсатына даңдайсымасын. Құдайдың оларға берген мүмкіндігін теріс пайдаланбасын. Себебі Алланың берген мұрсатының аяқталуымен олар үшін азаптан қашатын жол қалмайды. 3.Қоғамдар мен өркениеттерге зауалдың келуі олардың жаман істері мен қоғамдарда зұлымдық пен бейбастақтықтың таралуынан шығады. 4.Үстемшілер мен қанаушылардың Алланың берген мұрсатына кеуде кермеулері керек сынды жәбір көріп, қаналушылар да Алланың мейірімінен үміттерін үзбеуі керек.
«Кәһф» сүресінің 60-61 аяттары:
" وَإِذْ قَالَ مُوسى لِفَتَاهُ لَا أَبْرَحُ حَتّى أَبْلُغَ مَجْمَعَ الْبَحْرَيْن ِ أَوْ أَمْضِيَ حُقُبًا " ، " فَلَمّا بَلَغَا مَجْمَعَ بَيْنِهِما نَسيا حُوتَهُما فَاتَّخَذَ سَبيلَهُ فِي الْبَحْرِ سَرَبًا "
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін” деді. (60) Екеуі екі теңіздің құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда балық сырғып барып, теңізден жол алды. (61)
Осы аят көптеген қызықты жәйттерге толы хазірет Мұса мен Қызырдың оқиғасын бастайды. Тәпсірлерде айтылғандай, Құдай хазірет Мұсаға ғылымы одан көбірек, Қызыр есімді адамның бар екендігі туралы аян береді. Сол себепті хазірет Мұса онымен кездесуді қалап, оның ғылымынан пайдалануды сұрайды. Пәруәрдігер тарапынан «Сендердің кездесетін мекендерің Әл-Бахрейн аймағы» деген аян беріледі. «Оны табу үшін себетке бір балық салып, өзіңмен ал. Балықты қай жерде таба алмай қалсаң, сол жер – сендердің кездесетін жерлерің» дейді. Хазірет Мұса мен серігі Юше теңіздің жағасына жеткенше жол жүреді. Хазірет Мұса үлкен бір тастың жанында демалмақ болғанда серігі ояу отырады. Серігі балықтың қозғалып, теңізге секіргенін көреді. Бірақ Мұса ұйықтап жатқандықтан, оны оятпайды. Хазірет Мұса оянған соң серігі оиғаны оған айтуды ұмытып кетеді. Олар жолдарын жалғасытырып келе жатқанда хазірет Мұса: «Ас әкел, тамақтанайық» деді. Юше оқиғаны айтып, олар балық теңізге секірген жерге қайта баруға шешім қабылдайды. Осы оқиғаның жалғасы келесі аяттарда келеді. Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1.Тіпті Алланың пайғамбарлары да ғылымға жетуге талап білдіріп, данышпанды тауып, оның ғылымынан пайдалану үшін сапардың қиындығына төзеді. 2.Ғылымға қол жеткізгісі келетін адам оны күтіп отырмай, данышпанды өзі іздеуі керек. Ғылымға қол жеткізу жолында талаптану мен ізденістен қол үзбеу керек.