Каһф сүресі, 496-шы бөлім, 54-56 аяттар
Каһф сүресі, 496-шы бөлім, 54-56 аяттар
«Каһф» сүресінің 54 аяты:
" وَلَقَدْ صَرَّفْنَا في هذَا الْقُرْآنِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلٍ وَكَانَ الْإِنسانُ أَكْثَرَ شَئ ٍ جَدَلًا "
Расында осы Құранды Адам баласы үшін әр нәрсені ашық-ашық баян еттік. Ал Адам баласы көп нәрселерде жанжалшыл. (54)
Алдыңғы бағдарламалардың жалғасында Алланың бұйрықтарына бағынбаған кәпірлер туралы бұрынғы айтылғандардан қорытынды шығару ретінде осы аят былай дейді: «Құдай Құранда адамдар үшін ғибрат болып, дайын жүректердің хақты қабылдауы үшін бұрынғылардың тарихынан олардың өмірлеріндегі ащы да жағымды да оқиғаларды келтірді. Бірақ, өкінішке орай кейбір адамдар хақпен тайталастып, оны қабылдауға дайын емес. Олар қисынды және дәйекті сөздің орнына ұрыс-керіске барады. Олар өздерінің ұждандарын тыныштандырып кердеңдіктері мен бағынбаушылықтары үшін жауап береміз деп ойлайды. Осы аяттан мынадай ой түйеміз: 1.Құран Кәрім адамдарға бағыт-бағдар мен жетекшілік ету үшін бұрынғы адамдар мен қауымдардан әртүрлі үлгілер ұсынып, тәмсіл тілін пайдаланған. 2. Егер адам хақты қабылдау рухына ие болмаса хақ сөздің алдында дауласып, неғұрлым көбірек мысал келтірген сайын, соғұрлым көбірек тайласады.
«Каһф» сүресінің 55 аяты:
" وَما مَنَعَ النّاسَ أَن يُؤْمِنُوا إِذْ جاءَهُمُ الْهُدَى وَيَستَغْفِرُوا رَبَّهُمْ إِلّا أَن تَأْتِيَهُمْ سُنَّةُ الْأَوَّلينَ أَوْ يَأْتِيَهُمُ الْعَذَابُ قُبُلًا "
Қашан да Адам баласына тура жетекші келсе, олардың иман келтірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары. (55)
Осы аят кәпірлердің осы тобының хақты көре, түсіне тұра оны қабылдауға дайын емес қырсықтықтары мен кердеңдіктеріне тоқталады. Оларды хақтың алдында мойынсұндыратын тек бұрынғы қауымдардың тағдыры солардың да бастарына келіп, өлім алдында тұрғандай сезіну ғана сияқты немесе аспан мен жерден келетін Алланың азабын көздерімен көріп тұрғандай болған соң ғана иманды мойындайтын сияқты. Бірақ мұндай иманның құны жоқ екендігі белгілі. Себебі мұндай күйде иман келтіру ерікті түрде емес, қысылтаяң күйде иман келтіру болып табылады. Осы аят шындығында бір жағынан сүйінші сұраса, бір жағынан ескерту жасайды. Сүйіншісі, «егер тәубеге келіп, өздеріңнің өткендеріңнен кешірім сұрасаңдар, Алла қабылдайды» дегені. Ескертуі, «егер хақтың алдында қарсылассаңдар, сендердің де бұрынғы қауымдар сияқты көздерің жойылады» дегені. Бірақ қырсық кәпірлер осы сүйіншілер мен ескертулердің ешқайсына көңіл аудармайды, қабылдамайды.Осы аяттан үйренетініміз:1.Құдай аспандық кітаптар жіберіп, пайғамбарлар тағайындау арқылы ешқандай сылтау қалмас үшін адамдарға жетекшілік жолын көрсетіп, оларға дәлелдерді аяқтады. 2.Күнәлар үшін кешірім сұрау Алланың азабының түсірілуіне кедергі болады. 3.Уағыз бен дәлел-дәйек барлық жерде іске жарамайды. Кейде жаза мен азап та лазым.
«Каһф» сүресінің 56 аяты:
" وَما نُرْسِلُ الْمُرْسَلينَ إِلَّا مُبَشِّرينَ وَمُنذِرينَ وَيُجادِلُ الَّذينَ كَفَرُوا بالباطِلِ لِيُدْحِضُوا بهِ الْحَقَّ وَاتَّخَذُوا آياتي وَما أُنذِرُوا هُزُوًا "
Негізінде елшілерді қуандыру, қорқыту үшін ғана жібердік. Кәпірлер, бос нәрселер арқылы шындықты төмендетуге жағаласады. Әрі апаттарымызды және ескерткен нәрселерімізді тәлкекке айналдырады. (56)
Осы аят алдыңғы аяттардың жалғасында ислам пайғамбарын жұбатып, былай дейді: «Пайғамбар! Кәпірлердің күпіршіліктері сені қапаландырмасын! Себебі пайғамбарлар қорқыту мен ескерту жасаудан басқа міндетке ие емес». Адамдар да хақты қабылдауда немесе оған күпрішлік етуде ықтиярға ие. Бір топтың өздерінің қалауы және еріктерін теріс пайдаланып, Аллаға иман келтірудің орнына кәпір болатындықтары табиғи іс. Мұнымен қоса олар хақты жойып, оның орнын жалғанмен алмастыруды қалайды. Қарсыластардың тәсілдерінің бірі ол мүміндер мен адамдарды қиямет пен ақыретпен сүйіншілеп, тозақ отынан қорқытатын Құран аяттарын қорлап, кемсітіп, оларды келеке етулері. Кәпірлер өздерінің ойлары бойынша мұның барлығына күмән келтіріп: «Ақырет әлемінен келіп, «сендер тозақ азабынан қорқып, осы дүниеде сауық-сайран салмаңдар» деген хабарды әкелген біреу бар ма?» дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1.Пайғамбарлардың ісі адамдарды иман келтуруге мәжбүрлеп, жеккөрініштеріне себеп болу емес, бағыт-бағдар беріп, жетекшілік ету. 2.Қарсыластардың құралы қисын мен дәлел келтіру емес, дауласу және келеке ету.3. Өзіміздің сөзіміз бен қылықтарымызда илаһи белгілерді келеке ету болып саналатын, діни бұйрықтарды масқаралаудан абай болайық. Құран оны кәпірлердің белгілері деп атаған.