Каһф сүресі, 495-ші бөлім, 50-53 аяттар
Каһф сүресі, 495-ші бөлім, 50-53 аяттар
«Каһф» сүресінің 50 аяты:
" وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ كَانَ مِنَ الْجِنِّ فَفَسَقَ عَنْ أَمْرِ رَبِّهِ أَفَتَتَّخِذُونَهُ وَذُرِّيَّتَهُ أَوْلِیاء مِن دُونِي وَهُمْ لَكُمْ عَدُوٌّ بئْسَ لِلظَّالِمِينَ بَدَلًا "
(Мұхаммед Ғ.С. ) сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар ”деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періште сәжде қылған еді. Жыннан болған ол Раббының әмірінен бас тартты. Сонда да Менен оны ұрпақтарын дос етіп, аласыңдар ма“” Олар болса, сендерге дұшпан. (Алла тұрып, шайтанды дос көру.) Залымдар үшін нендей жаман өзгеріс! (50)
Періштелердің Адамға сәжде жасап, шайтанның Алланың сол бұйрығына бағынбау оқиғасы Құранның бірнеше жерінде айтылған. Оның әқайсысы бір тұрғыға сүйенеді. Осы аят былай дейді: «Бұл оқиға жаратылыстың басында ғана орын алып, аяқталды, шайтанның бізбен ісі жоқ деп ойламаңдар». Бірақ негізінен шайтанның жаратылысы періштелердің тегінен болған жоқ. Оның тегі – жын. Жындарға да туу және өлу тән. Олар бүкіл үрім-бұтағымен адамдардың дұшпаны. Сол себепті олар адамды азғырып, тура жолдан тайдыруды мақсат етеді. Осы аят: «Неге абай емессіңдер? Алланың әміріне құлақ қоюдың орнына неліктен шайтанға ересіңдер?» деп ескерту жасайды. Бұл іс нәпсіге зұлымдық жасау болып табылады. Шайтанды Құдайдың орнына қою залымдар соған душар болатын жаман және лайықсыз іс. Осы аяттан үйренетініміз:1. Періштелерден жоғары және Алланың әмірімен періштелер оған сәжде еткен адам, тіпті оған сәжде жасамаған шайтанның жетегіне неге ереді? 2. Шайтан Адамға сәжде жасамағаны үшін илаһи құрылымнан қуылды. Ондай болса Құдай намаз оқымайтын, Оған сәжде етпейтіндерге қандай қатынас жасайтын болады?
«Кәһф» сүресінің 51 аяты:
" مَا أَشْهَدتُهُمْ خَلْقَ السَّمَواتِ وَالْأَرْضِ وَلَا خَلْقَ أَنفُسِهِمْ وَما كُنتُ مُتَّخِذَ الْمُضِلِّينَ عَضُدًا "
Мен жер, көкті жаратқанда және олардың өздерін жаратқанда, оларды керек қылмадым. Сондай-ақ ешқашан аздырушыларды көмекші еткен емеспін. (51)
Шайттанның билігінің қабылдамау туралы алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: Шайтан мен оның серіктерінің әлемнің жаратылысында ролі болған жоқ. Жаратылыс істеріне өздерінің құдіретімен араласа алатындай олардың жаратылыстың құпия-сырынан хабарлары жоқ. Шайтан мен серіктері сендердің өздерің сияқты сендерге ешқашан жәрдем ете алмайтын, сендердің қиындықтарың мен мәселелеріңді шеше алмайтын әлсіз және хабарсыз жаратылыстар болып табылады. Бірақ негізінен Құдай әлемнің істерін басқаруды, соның ішінде адамды кейбір жағдайларда соларға тапсырған және олар болмыс жүйесінің атқарушылары саналатын періштелерге қарсы кез-келген бұзықтық пен азғындықтың тамыры жаратылыс жүйесінде орынға ие емес шайтан мен оның серіктерінен бастау алады.Осы аяттан үйренентініміз:1.Басқару және қамқорлық жасау адамның Жаратушысының ісі. Одан басқа ешкім адамға билік ете алмайды. 2.Құдайдың бұйрығы бойынша әрекет ететін адам Құдай сынды залымдарға көмекке жүгінбей, өзінің тәуелсіздігін сақтайды.
«Каһф» сүресінің 52-53 аяттары:
وَيَوْمَ يَقُولُ نادُوا شُرَكَائِيَ الَّذينَ زَعَمْتُمْ فَدَعَوْهُمْ فَلَمْ يَسْتَجِيبُوا لَهُمْ وَجَعَلْنا بَيْنَهُم مَوْبقًا " ، " وَرَأَى الْمُجْرِمُونَ النَّارَ فظَنُّوا أَنَّهُم مُوَاقِعُوهَا وَلَمْ يَجِدُوا عَنْها مَصْرِفًا "
Қиямет күні (Алла, кәпірлерге): “Өздеріңнің, Менің шеріктерім деп ойлағандарыңды шақырыңдар” дейді. Сонда оларды шақырады. Бірақ олар өздеріне жауап бермейді. Сондай-ақ олардың араларына бір қатерлі орын жасаймыз. (2-С. 166-А.) (52) Күнәкарлар тозақ отын көріп, сонда өздерінің оған түсетіндіктерін сезеді. Бірақ, одан бұрылар жер таба алмайды. (53)
Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді:Шайтанның соңынан еру және өзіне соның билігін қабылдау адамды шеркке душар етіп, бір Алладан алыстатады. Байлар мен билік иелері Құдайдың орнына сондайларды тыңдап, мойындап, соларға табынады. Қияметте мұндай адамдар басқаларды құтқаруды былай қойғанда, тіпті өздерін құтқаратын күшке де ие емес. Шын мәнінде қияметте Құдайдан басқа ешнәрсе іске жарамайды. Осы дүниеде кімнің, ненің соңынан ергенімен сол күні сергелдең күйге түседі. Себебі қанша қалағанымен, дауыстағанымен жауап естімейді. Олар үшін өлім құрдымы тозақ отынан басқа орын жоқ. Осы аяттардан үйренентініміз:1.Егер осы дүние де, ақыретте де Құдайды шақырсақ, жауап естиміз. Бірақ басқаларды шақырсақ, осы дүниеде жауап естуіміз мүмкін. Бірақ олар қияметте біздің қажеттіліктерімізге жауап беретін құдіретке ие емес.2.Шерктің тамыры негізсіз наным-сенімдер болып табылады. Сана мен мағрифатқа ие ақылды адамдар ешқашан шеркке душар болмайды.