Жел 14, 2016 19:11 Asia/Almaty

Каһф сүресі, 494-ші бөлім, 45-49 аяттар

«Каһф» сүресінің 45 аяты:

" وَاضْرِبْ لَهُم مَثََلَ الْحَيوةَِ الدُّنْيا كَماءٍ أَنزَلْنَاهُ مِنَ السَّماءِ فاخْتَلَطَ بهِ نَباتُ الْأَرْضِ فأَصْبَحَ هَشيمًا تَذرُوهُ الرِّياحُ وَكانَ اللَّهُ عَلَى كُلِّ شَئ ٍ مُقْتَدِرًا "

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға дүние тірлігінен мысал бер: (Дүние тірлігі;) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ Алла әр нәрседен үстем күш иесі. (45).

Алдыңғы бағдарламаларда Құран Кәрім өзінің тәмсілі арқылы кәпірлер мен мүміндердің осы дүниедегі жағдайларын баяндады. Осы аяттар дүниенің жағдайы мен оның істерінің өзгерістерін баяндап, былай дейді: «Дүние азғана жауынмен жасыл түске оранып, қаулап өсіп, азғана ызғарлы желмен қурап, жойылатын тамырсыз шөп сияқты.  Көктемде барлық жер жап-жасыл болса, күзде ағаштар мен шөптер сарғайып, түсіп, қурайды. Дүниенің тұрақсыздығын көру үшін сіздердің өмірлеріңіздің өтуі қажет емес. Жыл сайын шөптердің өмірлерінің қалайша қысқа әрі баянсыз екендігін көресіздер. Өмір істерінің ағымы табиғи түрде алға ілгерілеген жағдайда ғана осылай болады, әйтпегенде көктемей жатып-ақ әртүрлі факторлардың салдарынан шөптің соншалықты уақыт та өмір сүрмейтіндігі жиі кездеседі. Осы аяттан үйренетініміз: 1.Құран – тәрбие кітабы. Ол тәмсіл тілін пайдалану арқылы адамдардың ғибрат алуы үшін болмыстың ақиқаттарын баяндайды.2. Дүниенің тез өтетін, өткінші көріністеріне бауыр баспайық. Іс-әрекет  пен ғамалдарымызда қияметтегі тұрақты және баянды болашақ туралы ойлайық. 

«Каһф» сүресінің 46 аяты:

" الْمالُ وَالْبَنُونَ زينَةُ الْحَيوةِ الدُّنْيَا وَالْباقِياتُ الصّالِحاتُ خَيْرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابًا وَخَيْرٌ أَمَلًا " 

Мал мен балалар – дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы. (46)

Дүниені шөптердің қысқа өмірімен салыстырудан кейін осы аят былай дейді: «Осы дүниеде сендерге әсемдіктің ұйытқысы болып көрінетін нәрселер: байлық пен перзент осылардың барлығы бұл дүниенің көріністері. Қияметте байлық пен перзенттен еш хабар жоқ. Бұлар ол жерде іске жарамайды. Ол жерде саналатын істер мәңгілікке қалатын, ақыретке жететін ізгі ғамалдар ғана. Екіжүзділік, өзін-өзі көрсету немесе басқаларға міндетсу арқылы жасалған істер жойылып, қияметке жетпейді. Сол себепті Құранның басқа аяттары былай дейді: «Ізгі ғамалды ақыретке әкелетін адам бірнеше есе сый алады». Осы аят та былай дейді: «Пәруәрдігердің сыйы сендердің ғамалдарыңнан өте жақсы және артығырақ. Егер үміт пен армандарың болса басқаға емес, Алланың мейірімі мен рақымына үміт артыңдар». Осы аяттан үйренетініміз:1.Осы дүниеде ие болғандарың мен болмағандарың менмендік пен үмітсіздіктеріңе себеп болмасын. Маңыздысы – қиямет. Ол жерде есептеудің өлшемі есім мен атау емес, ғамал.  2. Дүниелік істердің барлығы пәни және баянсыз. Мәңгілік қалатын нәрсе жалғыз ізгі амал ғана. Алла оның сыйына кепілдік берген. 

«Каһф» сүресінің 47-48-49 аяттары

" وَيَوْمَ نُسَيِّرُ الْجبالَ وَتَرَى الْأَرْضَ بارِزَةً وَحَشَرناهُمْ فلَمْ نُغَادِرْ مِنْهُمْ أَحَدًا " ، " وَعُرِضُوا عَلَى رَبِّكَ صَفًّا لَقَدْ جِئْتُمُونَا كَما خَلَقْناكُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍ بَلْ زَعَمْتُمْ أَلَّن نَجْعَلَ لَكُم مَوْعِدًا " ، " وَوُضِعَ الْكِتَابُ فَتَرَى الْمُجْرِمِينَ مُشْفِقِينَ مِمّا فيهِ وَيَقُولُونَ يَا وَيْلَتَنَا مال ِ هَذا الْكِتَابِ لَا يُغَادِرُ صَغيرَةً وَلَا كَبيرَةً إِلَّا أَحْصاها و َوَجَدُوا ما عَمِلُوا حاضِرًا وَلا يَظْلِمُ رَبُّكَ أَحَدًا "

Қиямет күні тауларды жүргіземіз де жерді жап-жазық көресің. Және де Адам баласын олардан ешкімді тастамай жинаймыз. (47) Олар Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: “Бастапқыда жаратқанымыз тәрізді келдіңдер, тіпті сендерге бір уәделі мерзім белгілемедік деп, ойладыңдар” (делінеді.) (48) Ғамал дәптері алдарына қоыйлады. Сонда күнәкарлардың одан қорыққанын көресің. Олар: “Апырым-ай! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті ” дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды. (49).

Дүниенің баянсыздығымен оның істерін баяндаған соң осы аяттар қияметтегі жағдайға тоқталып, былай дейді: «Сендер көріп отырған осы дүние толығымен жойылады. Таулар бөлшектеніп, жер тып-типыл болып, күн мен жұлдыздар сөніп, дүние қара түнекке айналып,  кейін жаңа жүйемен жаңа әлем орнатылады. Тарих бойындағы адамдардың барлығы бір жерде, бір уақытта, тірі күйде Алланың әділ сотында жиналады. Баршаның тағдыры барлық нәрсені жазып, тіркеген кітаптың негізі бойынша анықталды.  Тек күнәһарлар ғана үрейленіп, қорқады. Өйткені осы дүниеде қандай қылмыстары болғанын біледі. Және барлық нәрсенің тіркелгенін, соларды теріске шығарып, қашатын жолдың жоқ екендігін түсінеді. Осы аяттардан үйренентініміз:1.Қияметте адамдардың құзыры олардың осы дүниедегі құзыры сияқты физикалық түрде болады.2. Қияметтен қапыл болу және оған көңіл бөлмеу қиямет күнгі қорқыныш пен қасіретке себеп болады. Қияметте тек адамның әс-әрекеті мен ғамалдары ғана көріеді. Осы дүниеден адаммен бірге қияметке ешнәрсе жетпейді.