Каһф сүресі, 492-ші бөлім, 32-36 аяттар
Каһф сүресі, 492-ші бөлім, 32-36 аяттар
«Каһф» сүресінің 32-33 аяттары:
" وَاضرِب لَهُم مَثَلاً رَجُلَین ِ جَعَلنا لاَحَدِهِما جَنَّتَین ِ مِن اَعنابٍ وَ حَفَفناهُما بنَخلٍ وَجَعَلنا بَینَهُما زَرعًاً " ، " کِلتا الجَنَّتَین ِ آتَت اُکُلَها وَلَم تَظلِم مِنهُ شَیئاً وَفَجَّرنا خِلالَهُما نَهَراً "
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға екі адамның мысалын баян ет: біреуіне жүзімдерден екі бақша қылдық. Әрі екі бақшаның арасын құрма ағаштарымен қоршап, екі бақшаның арасына егіндер өндірдік (32). Екі бақша да жемістерін берді. Одан ешнәрсе кемітпеді. Араларынан бұлақ ағыздық (33).
Осы аяттар және осыдан кейін келетін аяттар қоғамның екі тобы үшін бір мысал болып табылады. Адамдардың бір тобы – Алланың мейірімі және нығметтері арқылы байлыққа қол жеткізген, бірақ менмендік пен тәкәппарлыққа душар болып, соңында кәпір болатын дүниеқұмар адамдар. Келесі топ – үнемі байлардың масқаралаушылығы мен қорлаушылығына ұшыраған, солар тарапынан сорлы саналған кедей, жоқ-жітік топ. Бұл адамдар Аллаға иман келтіру тұрғысынан жоғары орынға ие. Олар дүниеге тәуелділіктен гөрі ақыреттке ие болуды мақсат етеді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Су, топырақ, күн мен тал-терек және егістіктердің барлығы Алла тарапынан берілген нығметтер. Нағыз диқан да Құдайдың Өзі. 2.Мүмкіндіктерді пайдаланып, қолданудағы адамдардың айырмашылығы Алланың хикметі болып табылады. Осы айырмашылықтар байлардың тәккәппарлануы мен кедейлердің үмітсіздікке ұрынуларына себеп болмауы керек.
«Каһф» сүресінің 34-35 аяттары:
" وَكَانَ لَهُ ثَمَرٌ فَقَالَ لِصاحِبِهِ وَهُوَ يُحاوِرُهُ أَنَا أَكْثَرُ مِنكَ مَالًا وَأَعَزُّ نَفَرًا " ، " وَدَخَلَ جَنَّتَهُ وَهُوَ ظَالِمٌ لِنَفْسِهِ قَالَ مَا أَظُنُّ أَن تَبِيدَ هذهِ أَبَدًا "
Оның басқа кірімі де бар еді. Сонда ол жолдасымен сөйлескенде: “Мен сенен мал жағынан молшылықта, әм бас жағынан да үстеммін” деді (34). Ол өзіне зұлымдық еткен түрде бақшасына кірді де: “ Тіпті бұны жоқ болады деп ойламаймын” деді (35).
Бақ пен егістіктің және олардың ағаштарынан көркем көрініс бейнелеген алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Осы бақтардың иесі тәкәппарлыққа салынып, мұндай мүмкіндігі жоқ досының алдында мақтанды. Оның өзінің байлығын зор әрі мәңгілік деп көргені сондай дүние мен оның нығметтері мәңгілік әрі үнемі осындай байлық пен мүлікке ие боламын деп ойлады. Алладан қапыл қалып, күнәға белшесінен батқандықтан оның басында осындай бұрыс ой пайда болған еді. Бұл ешқашан шындыққа жанаспайды». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Дүние мен байлыққа, билікке тәуелді болу зұлымдық пен бүлікке негіз қалайды.2.Өзін жоғары санау, мақтану және басқаларды кемсіту басқаларға зұлымдық жасаудан бұрын өзіне зұлымдық жасау болып табылады. Себебі, бұл адамды хайуанға жақындатып, Алладан алыстатады.
«Каһф» сүресінің 36 аяты:"
وَما أَظُنُّ السَّاعَةَ قَائِمَةً وَلَئِن رُدِدتُّ إِلَى رَبِّي لَأَجدَنَّ خَيْرًا مِّنْهَا مُنقَلَبًا " “
Әрі қияметтің болатындығын да ойламаймын деді. Мүбада Раббыма қайтарылсам, әрине бұдан да жақсы орын табамын” (деді) (36).
Осы аят дүниеге тәуелді болу және соған дандайсудың соңына сілтеме жасап, былай дейді: «Сол адамдардың ісі, тіпті қияметті теріске шығаруға дейін жетеді. Олар болмысты дүниемен шектейді. Жоғарылық талап ету және өзін жоғары санау рухының оларда көптігі сондай мүміндерге: «Егер тіпті сендердің сөздерің дұрыс болып, қиямет болатын болса сендер емес, тағы да біз бақуаттылық пен рахат және тыныштықта боламыз» дейді. Олар мүмкіндіктерге ие болуды өздерінің шүбәсіз құқығы деп санап, Құдай әрдайым ең жақсыны оларға береді деп ойлайтын сияқты. Олар артық туған нәсіл сынды. Табиғаттарынан осы дүниеде де, ақыретте де ең жақсыға лайық сынды. Ақырет – осы дүниенің жалғасы емес, оның нәтижесінің көрініс табуы. Алланың әділ сотында адамдар жаза мен сыйды байлықтары мен мүліктері және биліктерінің негізінде емес, өздерінің ғамалдары негізінде алады. Мұнымен қоса адамның осы дүниеде ие барлық мүмкіндіктері мен қабілет, дарындары адамның Құдайдан сұрағаны үшін емес, Алланың мейірімі мен даналығы арқылы берілген. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Байлық пен билік иман жолында болмаса күпіршілік пен теріске шығарушылыққа соқтырып, адамды тозаққа жібереді. 2.Орынсыз үміт пен армандардың құны жоқ. Жұмақты сылтау үшін емес, ақыға береді.