Каһф сүресі, 490-шы бөлім, 22-26 аяттар
Каһф сүресі, 490-шы бөлім, 22-26 аяттар
«Кәһф» сүресінің 22 аяты:
" سَيَقُولُونَ ثَلَاثَةٌ رابعُهُمْ كَلْبُهُمْ وَيَقُولُونَ خَمْسَةٌ سادِسُهُمْ كَلْبُهُمْ رَجْمًا بالْغَيْبِ وَيَقُولُونَ سَبْعَةٌ وَ ثَامِنُهُمْ كَلْبُهُمْ قُل رَبِّي اَعْلَمُ بعِدَّتِهِم ما يَعْلَمُهُمْ إِلَّا قَليلٌ فَلَا تُمارِ فِيهِمْ إِلَّا مِراءً ظَاهِرًا وَلَا تَسْتَفْتِ فيهِم مِّنْهُمْ أَحَدًا "
Бұлар көрмей-ақ мөлшерменен: “Олар үшеу, төртіншісі иттері” деп, кейбіреуі “Олар бесеу, алтыншысы иттері ” деп, кейі: “Жоқ, олар жетеу, сегізіншісі иттері иттері” дейді. “Олардың санын Раббым жақсы біледі. Адамдардың өте азы ғана біледі” де. Оның үшін олар жайында тартысып, олар үшін ешбіреуінен дәнеңе сұрама. (22)
«Каһф» сахабаларының оқиғасын баяндаған соң осы аят адамдардың бір тобының құдайшыл осы топтың мақсатына назар аударудың орнына талас-тартысқа кірісіп, әр топтың бірнәрсе айтатындығына болжам жасайды. Үш адам немесе бес адам, болмаса жеті адам болуы осы топтың имандары мен ғамалдары және хиджрат етулерінде ешқандай роь атқармайды. Олардың аз немесе көп болулары олардың үлкен істерінің құнына еш әсер етпейді. Бірақ, өкінішке орай, жалпы халық болжам мен жорамалға шалдыққан. Тіпті білмейтін нәрселері туралы да қараңғыда садақ атқандай, пікір білдіреді. Алла осы аятта пайғамбарға былай дейді: «Бұл тұрғысында адамдармен дауласпа. Оларды жайына қалдыр. Олардың саны Аллаға аян». Осы аяттан мындай ой түйеміз:1. Білмейтін нәрсеміз туралы болжам мен жорамал жасап, пікір білдірмейік. Орынсыз және пайдасыз пікірталастан аулақ болайық.2. Тарихи ағымдарды қарастырғанда адамдардың саны мен уақытын емес, қозғалыстардың мақсаттары туралы ойланайық.
«Каһф» сүресінің 23-24 аяттары:"
وَلَا تَقُولَنَّ لِشَيْءٍ اِنِّي فاعِلٌ ذَلِكَ غَدًا " ، " إِلَّا أَن يَشَاءَ اللَّهُ وَاذْكُر رَبَّكَ إِذَا نَسيتَ وَقُلْ عَسى أَن يَهْدِيَنِ رَبِّي لِأَقْرَبَ مِن هذا رَشَدًا "
Еш нәрсені: “Осыны ертең істеймін” деп айтпа. (23) Бірақ: “Алла қаласа (жасаймын) ” (де.) Ұмытқан заман “Раббыңды есіңе ал да туралыққа жақынырақ жолға салуынан үміткермін ” де (24).
Осы аят жалпылама бір нұсқауды баяндайды. Мұның ең бірінші қаратып айтылған адамы ислам пайғамбары болғанымен, бұл барша мұсылманға арналған. Сондықтан оны орындаулары керек. Осы аяттар негізі бойынша мүмін адам келешекке байланысты кез-келген сөз бен істі айтып, ауызға алған кезде «иншалла» деген сөзді де бірге айтуы керке. Бұл һәм мүміннің өзі біліп, һәм еститін адамына «мен айтқан нәрсе Алла қалаған жағдайда болады. Оның қалауынсыз ештеңе орындалмайды» дегенді түсіндіреді. Басқаша айтқанда, иман адамының сөйлегендегі сүйенетін сөзі «иншалла» болуы керек. Құран Йағуб, Шұғайып, Қызыр және Ысмайыл сынды кейбір пайғамбарлардың сөздерін келтіргенде осы тіркесті пайдаланған. Бұл тіркесті айту бос сөйлеу емес, бір мұсылманның танымы мен сенімінің көрсеткіші екендігі белгілі. Әрбір адамның қалау мен ерікке ие екендігіне қарамастан сырттағы кез келген істің адамның қалауына тәуелді емстігі, онда көптеген себептер мен факторлардың роль атқаратындығы анық. Басқаша айтқанда, Алланың қалауынсыз да ешқандай іс орын алмайды. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1.Өзіміздің қалауымыз бен мүмкіндігімізге сүенбейік. Өзімізді Алладан тәуелсіз көрмейік. Шешім қабылдағанда Алланы естен шығармайық.2. Өмір істернде тіпті пайғамбарлардың өздері илаһи жетекшілікке мұқтаж болғанда біз қарапайым адамдар ше? Сондықтан әрдайым Алладан бізді ең жақсы жолға жетекшілік етуді сұрайық.
«Каһф» сүресінің 25-26 аяттары:
" وَلَبثُوا في كَهْفِهِمْ ثَلَاثَ مِائَةٍ سِنِينَ وَازْدادُوا تِسْعًا " ، " قُلِ اللَّهُ أَعْلَمُ بما لَبثُوا لَهُ غَيْبُ السَّمواتِ وَالْأَرْضِ أَبْصِرْ بِهِ وَأَسْمِعْ مَا لَهُم مِّن دُونِهِ مِن وَلِيٍّ وَلَا يُشْرِكُ فِي حُكْمِهِ أَحَدًا "
Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (жыл) арттырды. (309 жыл болды.) (25) “Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де. (26)
Осы аяттар «Каһф» сахабаларының оқиғасына қайта оралып, былай дейді: «Алланың қалауы және еркімен олар 309 жыл үңгірде тірі жатты. Әлбетте не олардың өздері, не басқалар осы уақыттан хабардар болмады. Олардың хал-жағдайларынан жалғыз Алла ғана хабардар болып, оларды 300 жылдан кейін оянатындай жағдайда сақтады. Бір топтың 300 жыл бойы ас-сусыз тірі болуы Алланың мұғжизаларының бірі екендігі даусыз. Алла «Каһф» сахабаларының қозғалысының бяндылығы үшін болашақ ұрпаққа ғибрат пен сабақ болып, сол оқиға тарихта қалатындай іс жасады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Тақырыпты дұрыс сараптауда санды баяндау маңызды роль атқаратын жерде сол сан нақты және анық аталуы керек. «Каһф» сахабаларының оқиғасында олардың ұйқыларының уақыты Алланың құдіретін түсінуде үлкен роль атқарады.2.Алла һәм Ие, һәм Билеуші. Һәм көрінеу және көмес істерді Білуші. Ондай болса Оның билігінен қашып, басқаларды паналау мүмкін емес. Керісінше басқалардан қашып, Оны пана тұтып, жәрдем тілеу керек.