Каһф сүресі, 489-шы бөлім, 18-21 аяттар
Каһф сүресі, 489-шы бөлім, 18-21 аяттар
«Кәһф» сүресінің 18 аяты:
" وَتَحسَبُهُمْ أَيقَاظًا وَهُمْ رُقُودٌ وَنُقَلّبُهُمْ ذَاتَ الْيَمِينِ وَذَاتَ الشِّمالِ وَكَلبُهُم باسِطٌ ذِرَاعَيهِ بالْوَصِيدِ لَواطَّلَعْتَ عَلَيْهِم لَوَلَّيْتَ مِنْهُمْ فِرارًا وَلَمُلِئتَ مِنْهُمْ رُعْبًا "
Олар ояу деп ойлайсың. Негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға, солға аунататын едік. Иттері екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер оларды көрсең, олардан ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің. (18)
Алдыңғы бағдарламада Алла өздерінің діні мен ақидаларын сақтау үшін үңгірді паналаған адамдардың ұйқыға шомып, оянбаулары үшін олардың құлақтары ешқандай дыбысты естімейтіндей жағдай әзірледі деп айтқан болатынбыз. Осы аят былай дейді: «Олар көздері ашық күйде ұйқыға шомды. Оларды көрген адам олар ояу, бірақ естімейді деп ойлар еді. Қалай болғанда да, егер адам оларды көргенде үрейі ұшып, қашатындай күйде болған еді». Бұл бәлкім, оларға ешкім зиян келтірмей, олардың жандары қауіп-қатерден қорғалуы үшін болар. Аяттың жалғасы былай дейді: «Олардың денелері сақталу үшін олардың арқалары мен белдеріне зақым келіп, ауруға шалдықаулары үшін оларды бір жақтан екінші жаққа үнемі қозғап отырдық. Басқа жақтан, олардың қарауыл иттері үңгірдің алдында күзетіп жатты. Ол біреу үңгірге жақындауға батылы джетпейтіндей күйде жатқан еді». Қалай болғанда да олар келешек ұрпақ үшін ғибраттың мәйегі болып, «Каһф» сахабаларының денелері мен жандары сақталуы үшін Алла тарапынан барлық шара назарға алынды. Осы аяттан үйренетініміз:1.Егер Алла қаласа, бір үңгірде пайғамбарын өрмекшінің торымен дұшпандардан сақтап, келесі үңгірде мүміндерді қарауыл итпен қорғайды.2.Алланың нығметтерінің бірі адамды ұйқы кезінде оның еркінен тыс жүзеге асатын аунатуы болып табылады.
«Каһф» сүресінің 19-20 аяттары:
" وَكَذَلِكَ بَعَثنَاهُمْ لِيَتَسَاءلُوا بَينَهُمْ قَالَ قَائِلٌ مِّنهُمْ كَمْ لَبثتُم قَالُوا لَبِثْنَا يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمٍ قَالُوا رَبُّكُم أَعْلَمُ بما لَبثْتُمْ فَابْعَثُوا أَحَدَكُم بوَرِقِكُمْ هَذِهِ إِلَى المَدِينَةِ فَلْيَنظُر أَيُّهَا أَزْكَى طَعامًا فَلْيَأْتِكُم بِرِزْقٍ مِنْهُ وَلْيَتَلَطَّفْ وَلَا يُشْعِرَنَّ بِكُمْ اَحَدًا " ، " إِنَّهُمْ إِن يَظْهَرُوا عَلَيْكُمْ يَرْجُمُوكُمْ أَوْ يُعيدُوكُمْ فِي مِلَّتِهِمْ وَلَن تُفلِحُوا إِذًا اَبَدًا "
Осылайша оларды өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардан бір айтушы: “Қанша жатып қалдыңдар?”,-деді. Олар: “Бір күн немесе күннің бір бөлімі жатып, тұрдық” деді. “Қанша жатып, тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі. Мына ақшаларыңмен біреуіңді қалаға жіберіңдер. Сонда тамақтың қайсысы жақсы көріп, сендерге одан қөрек келтірсін. Сондай-ақ сыпайылық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін” десті. (19) “Өйткені, егер қала халқы сендерге ықпал жүргізсе, не сендерді таспен атады немесе діндеріне қайтарады. Ол уақытта ешқашан құтыла алмайсыңдар…” (20).
Осы аяттар «Каһф» сахабаларының сол ұзақ ұйқыдан оянғаннан кейінгі әңгімелерін баяндап, былай дейді: «Оларды ерекше қалыпта ұйықтатқандай, өлімге ұқсас ұйқыдан қайтадан ояттық. Олар өздерінің үңгірде тұрақтаған уақыттары туралы пікір қайшылығына душар болды. Бірақ бір нәтижеге жете алмаған соң оны Алланың ғылымына тапсырды. Бірақ олардың барлығының аш екендіктері, үңгірде жейтін ештеңе таба алмайтындықтары қалыпты жағдай еді. Сол себепті араларындағы біреуді қалаға барып, таза ас дайындап, үңгірге алып келуге жұмсайды. Алайда ол азық-түліктің ақшасын төлеген кезде дүкен иесі ескі тиынды көріп, күдіктеніп қалады. Барлық сақтықтарға қарамастан, мәселе жария болып, адамдар мен патшаның құлағына жетті». Келесі аят сол оқиғаны баяндайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Кәһф сахабаларының оқиғасы адамдарды қияметте тұрғызуға қатысты Алланың құдіретінің үлгісі2.Мүмін құпияны сақтаушы және қырағы болуы керек. Дұшпанның басқа жолдар арқылы бойлауы мүмкін екендігіне қарамастан, өзінің мүмкіндігінше қауіпсіздік негізін сақтауы керек. 3.Иман иесі кез келген асты жемейді. Олар үшін астың таза және халал болуы маңызды.
«Каһф» сүресінің 21 аяты:
" وَكَذَلِكَ أَعْثَرْنَا عَلَيْهِمْ لِيَعْلَمُوا أَنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَأَنَّ السَّاعَةَ لَا رَيْبَ فِيهَا إِذْ يَتَنَازَعُونَ بَيْنَهُمْ أَمرَهُمْ فَقَالُوا ابْنُوا عَلَيْهِم بُنْيَانًا رَبُّهُمْ أَعْلَمُ بِهِمْ قَالَ الَّذِينَ غَلَبُوا عَلَى أَمْرِهِمْ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيْهِم مَّسْجِدًا "
Осылайша, Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шәксіздігін әлемнің білуі үшін оларды бұларға мәлімдедік. Сол кезде бұлар; өзара олар жөнінде тартысуда еді. Кейі: “Олардың үстіне үй салыңдар ” деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық” деді. (21)
Үш жүз жыл бұрынғы тиынды көріп, жұрт олардың «Каһф» сахабалары екендіктерін түсініп, көп адам үңгір жақты бетке алып, жолға түсті деп айттық. Басқа жақтан, азық-түлік қамдау үшін қалаға келген адам жылдамдатып, үңгірге қайтып оралып, оқиғаны оларға айтып береді. Олардың Алладан өлім тілегендері дәл осы жерде болатын. Алла да олардың тілектерін орындады. Бірақ адамдар олардың бастарына жеткен кезде олар дүние салған болатын. Бірақ денелері 300 жылдан кейін толығымен аман-сау қалған еді. Бұл Алланың адамдарды тірілту және өлтірудегі құдіретінің бір белгісі. Сол жерде бір топ оларға арнап ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасайды. Бірақ бұл оқиғаны қиямет-қайымды дәлелдейтін тірі құжат деп санаған түзу мүміндер бұл хикаяның ешқашан ұмытылмауына талпыныс жасады. Сол себепті осы әрекетті қалдыру үшін таухидтік айтып, олардың зираттарының жанында Алланың аты сол жерде мәңгілік сақталуы үшін мешіт саламыз десті. Осы аяттан үйренетініміз:1.Бұрынғылардың тарихындағы илаһи құдіреттің ескерткіштері мен белгілері ғибрат пен тәлім-тәрбиенің мәйегі болуы үшін сақталуы керек.2. Алланың әулиелерінің мазарлары мен қабірлерінің үстінен мешіт салу құрани тамырға ие. Егер оларға ескерткіш ретінде құрылыс салынуы керек болса, мешіттен артық не болуы мүмкін.