Жел 14, 2016 19:23 Asia/Almaty

Каһф сүресі, 488-ші бөлім, 15-17 аяттар

«Каһф» сүресінің 15 аяты:

" هؤُلَاء قَومُنَا اتَّخَذُوا مِن دُونِهِ آلِهَةً لَولَا يَأتُونَ عَلَيْهِم بِسُلْطَانٍ بَيِّنٍ فَمَن أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَى عَلَى اللَّهِ كَذِبًا "

“Мына еліміз, Алладан өзге тәңір тұтты. Бұлар оған байланысты ашық дәлел келтірсе еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақ кім бар?” - деді. (15)

Алдыңғы бағдарламада «Каһф» сахабаларының өздерінің дінін сақтау үшін туған қалалары мен өлкелерін тастауға мәжбүр болып, үңгірді паналаған мүміндердің тобы болғанын айттық. Осы аят бір-бірімен сөйлесіп, нәтижеге жеткен олардың сөздерін баяндайды. Олар сол қауымда дүниеге келіп, соларға тәуелді болса да өздерінің ата-бабаларының дінін қабылдай алмайтындықтарын түсінеді. Өйткені олардың қауымы анық дәлел келтірместен, Аллаға шеріктер қосқан болатын. Бұл бір Алланың өзіне шерік қабылдамайтындығы жағдайында орын алды. Шындығында бұл қауым өтірікті Алламен байланыстырды. Бұл жалған мәселе «Каһф» сахабалары үшін қабылдауға келмейтін болып, олар өздерінің қауымдарының бұрмалаушылықтарына ренжіп, алаңдады. Осы аяттан үйренетініміз:1.Қауымдық және нәсілдік тәуелділіктер бұрыс сенімдерді қабылдауды ақтамайды және орынсыз үйірлестіктерге себеп бола алмайды.2. Өтіріктің өзі – үлкен зұлымдық. Әсілі, Аллаға өтірік таңған адам ең зұлым адам.

«Каһф» сүресінің 16-шы аяты:

" وَإِذِ اعْتَزَلْتُمُوهُمْ وَما يَعْبُدُونَ إِلَّا اللَّهَ فَأْوُا إِلَى الْكَهْفِ يَنشُر لَكُمْ رَبُّكُم مِن رَحمَتِهِ وَيُهَيِّئْ لَكُم مِنْ أَمْرِكُم مِرفَقًا "

(Олар, өзара): “Елдеріңнен де олардың Алладан өзге табынғандарынан да айрылдыңдар; енді үңгірге бекініңдер. Сендерге Раббыларың рахметін шассын! Сондай-ақ сендер үшін істеріңде оңайлық әзірлесін” (16)

«Каһф» сахабалары бір-бірі мен  айналасындағы және туыстарымен сөйлескеннен кейін не өздерінің қауымдарының ақидаларын түзете алмайтындықтарын, не өздерінің дінін осы бұзылған қоғамның ортасында сақтап қала алмайтындықтары туралы нәтижеге жетеді. Сол себепті қаладан кетіп, халықтан бойларын аулақ салуға шешім қабылдайды. Олардың жетекшілері: «Қазір пұттар мен пұтқа табынушылардан алыстағыларың келгенде Алла сендер үшін құтқарылу жолын әзірлеуі үшін мына үңгірді паналаңдар» деп осы жерде айтқан болатын. Осы аяттан үйренетініміз:1.Дін мен ақиданы сақтау материалды рахаттық пен мүмкіндіктерден алыстауға себеп болса да бұзылған қоғамнан көшу лазым іс. Үңгірде таухид пен бірқұдайға табынушылық кеңістігінде өмір сүру шеркке толы кеңістіктегі қалада өмір сүргеннен бек артық. 2. Алла жолындағы көтеріліс пен талпыныс илаһи мейірім түсіп, құтқарылу үшін негіз әзірлейді. 

 «Каһф» сүресінің 17 аяты:

" وَتَرَى الشَّمْسَ إِذَا طَلَعَت تَزاوَرُ عَن كَهْفِهِمْ ذَاتَ الْيَمِينِ وَاذا غَرَبَت تَّقْرِضُهُمْ ذَاتَ الشِّمالِ وَهُم في فَجوَةٍ مِنْهُ ذَلِكَ مِنْ آياتِ اللَّهِ مَن يَهْدِ اللَّهُ فَهُوَ الْمُهْتَدِ وَمَن يُضلِلْ فَلَن تَجِدَ لَهُ وَلِيًّا مُرشِدًا "(Мұхаммед Ғ.С.)

қарасаң, күн шыққан сәтте үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте оларды сол жақта қалдырғанын көрер едің. Олар үңгірдің кең бір жерінде. Бұл Алланың белгілерінен. Алла кімді оңғарса, сол тура жолда. Ал кімді адастырса, сонда оған әсте көмекші, жетекші таба алмайсың. (17)

Осы аят «Каһф» сахабалары үңгірінің жағырапиялық ерекшеліктерін баяндап, оны илаһи белгілердің бірі деп санайды. Себебі үңгір күн сәулесінің нұры ешқашан оның тереңдігіне түспейтін және «Каһф» сахабаларының қиналуларына себеп болмайтын мекенде орналасқан болатын. Бұл іс олар 300 жыл ұйықтаған кезде денелерінің сақталуы үшін қажет болды. «Каһф схабаларының үңгірі қай жерде орналасқан?» деген сауал туралы әрүрлі рауаяттар айтылған. Бірақ олардың ең танымалы екі жер: бірі – Сирияның астанасы Дамаск қаласының маңында; екіншісі – Иорданияның астанасы Амман қаласының айналасында. Оның жанында мешіт те салынған. Бірақ қалай болғанда да «Каһф» сахабаларының мекендік және жағырапиялық жағдайы маңызды емес. Олардың істерінің маңыздысы – өздерінің қалалары мен бақуатты тұрмыстарынан бас тартып, үңгірді паналап, илаһи ерекше жетекшіліктерге ие болуларында. Сол себепті аяттардың жалғасы былай дейді: «Жетекшілік пен тура жолдан тайдыру – Алланың қолында. Бірақ оның өзі адамның талпынысы мен оның өзінің жолын таңдауы негізінде. «Каһф» сахабалары жетекшілікке түсуді қалағандықтан Алла оларға тура жолды нұсқады. Бірақ олардың адасқан қауымы шерк пен пұттан қол үзгілері келмеді. Құдай да оларды өзінің жетекшілігінен мақұрым етіп, жөндеріне қалдырды.  Осы аяттан үйренетініміз:1.Илаһи медет «Каһф» сахабаларына оларды әртүрлі қауіп-қатерден сақтайтын ыңғайлы мекен табуға негіз әзірледі. 2. Алланың адамдары орналасқан әр жер илаһи құдіреттің көрініс беруінің нышаны болып, адамдардың ғибрат алулары үшін илаһи белгі болады.