Каһф сүресі, 487-ші бөлім, 11-14 аяттар
Каһф сүресі, 487-ші бөлім, 11-14 аяттар
«Кәһф» сүресінің 11-12 аяттары:
" فَضَرَبْنَا عَلَى آذَانِهِمْ فِي الْكَهفِ سِنِينَ عَدَدًا " ، " ثُمَّ بَعَثْنَاهُمْ لِنَعلَمَ أَيُّ الْحِزبَين ِ اَحصی لِما لَبثُوا اَمَدًا "
Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық (Терең ұйқы бердік) (11). Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін оларды ояттық (12)
.Алдыңғы бағдарламада иманды ерлердің бір тобының өздерінің иманы мен ақидаларын сақтау үшін туған қалалары мен өлкелерінен кетіп, үңгірді паналағандарын, олардың Алладан өздері үшін құтқарылу жолын әзірлеуді сұрағандарын айттық. Осы аяттар былай дейді: «Алланың оларды терең ұйқыға батырғаны сондай, олардың көздері ғана ұйқыға кеткен жоқ, тіпті құлақтары да ұйқыдан оянатындай ешнәрсе естіген жоқ». Осы аяттың «Алла олардың көздерін ұйқыға шомдырды» деудің орнына «Олардың құлақтарына перде қойды» дегені қызық. Бәлкім, мұның себебі адам табиғи түрде ұйқтайды, бірақ олардың оянуларына себеп болатын нәрсе сырттағы дыбыстар мен шу болып табылатындығынан болар. Алла сыртқы факторлар оларды оятпас үшін құлақтарынан есту қабілетін алып қойды. Аяттың жалғасы былай дейді: «Қанша уақыт ұйқтағандарын білу үшін оларды оятқан кезде олар түсінбестікке ұшырады». Осы аяттардан үйренетініміз:1.Егер адамның көтерілісі мен қозғалысы Алла үшін болса, адам мейлі ұйқыда болсын, мейлі ояу болсын, Алла өзінің мейірімі мен жәрдемін оған ыңғайлы тәсілмен жібереді. 2. Адамдар өздерінің жеке және әлеуметтік өмір істерін түсіну мен тануда түсінбестік пен айырмашылыққа тап болғанымен, Құдай барлық нәрсе мен барлық адамға толық иелік етіп, барлық істерден хабардар.
«Каһф» сүресінің 13-14 аяттары:
" نَحْنُ نَقُصُّ عَلَيكَ نَبَأَهُم بِالْحَقِّ إِنَّهُمْ فِتْيَةٌ آمَنُوا برَبِّهِمْ وَزِدْنَاهُمْ هُدًى " ، " وَرَبَطْنَا عَلَى قُلُوبِهِم إِذْ قامُوا فَقَالُوا رَبُّنَا رَبُّ السَّمواتِ وَالْأَرْض ِ لَن نَّدعُوَ مِن دُونِهِ الهًا لَقَدْ قُلْنَا إِذًا شَطَطًا "
(Мұхаммед Ғ.С.) Біз саған олардың хабарын шынайы түрде баян етеміз. Олар Раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықты арттыра түстік. (13) Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар тік тұрып: “Раббымыз, көктер мен жердің Раббы. Одан өзге Аллаға әсте жалбарынбайымыз. Әрине сол уақытта рас қате сөйлеген боламыз” деді. (14)
Каһф сахабаларының хал-ахуалдарын жалпыламам түрде еске алған соң осы аяттар олардың хиджрат етулерінің хикаясын егжей-тегжейлі түрде баяндайды. Алдымен ислам пайғамбарына қаратып: «Адамдардың арасында бұл топ туралы әртүрлі рауаяттар таралған болар. Бірақ Алла тарапынан бұл тұрғысында айтылатын нәрсе ақиқат. Алла ақиқатты айтады» дейді. Олардың неше адам болғандары, қай уақытта өмір сүргендері мен жастарының қаншада болғандары маңызды емес. Маңыздысы, олардың Аллаға деген имандарының болып, сол жолда табандылық танытқандары. Сол себепті Құдай да олардың қиындықтар мен мәселелердің алдында төтеп берулері үшін және материалды рахаттық пен бақуаттылық үшін шынайы өмірден қол үзбеулері үшін олардың жетекшіліктерін арттырып, жандары мен жүректерін осы ерекше жетекшілікпен нығайтты. Негізінен адамдар бұзылған қоғамның алдында үш топқа бөлінеді: бір топ қоғамға сіңіп, халықтың түсі солғын бөлігіне айналады. Олар өздерінің ойлары мен іс-әрекеттерінде ешқандай ерік-жігер мен тәуелсіздікке ие емес. Келесі бір топ өздерін қоғамның азғындығынан сақтап, іштеріне азғындықтың енуіне жол бермейді. Бірақ үшінші топ бұзылған қоғамды пайғамбарлар мен имамдар сияқты түзетеді. «Каһф» сахабалары екінші топқа жатады. Қоғамда қалып, азғындыққа сіңіп кетудің орнына олар өздерінің діні мен имандарын сақтау үшін әрекет етіп, сол жолдағы қиындықтарға төзіп, жандарынан баз кешіп, өздерінің ақидаларын білдіруден тайсалған жоқ. Шерк пен пұтқа табынушылықтың жалғандығын ашық түрде қуаттап, таухид пен бірқұдайға табынушылықты өздерінің ойлары мен имандарының негізі екендігін жариялады. Олар Құдайдың жолынан басқа жолдың бәрін қате және жалған деп білді. Қалай болғанда да Құран Кәрімнің тәрбиелеу әдістерінің бірі болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие мен ғибрат беру үшін өткендегілердің тарихын баяндау болып табылады. Сол себепті Құранның көңіл аударарлық бөлігі бұрынғы өткен қауымдардың тағдырына арналған. Бірақ әртүрлі қауымдар мен халықтардың ақын-жазушыларының қиялдарынан туған аңыз-әпсана емес, шынайы әрі анық оқиғалар. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құдай бұрынғы қауымдардың хикаяларын баяндаушы болуды теріске шығармайды. Бұл хикаяның тәлім-тәрбиедегі ролін көрсетеді. Бірақ бұл жерде әңгіме қиялдан туған емес, шынайы хикаялар жайында болып отыр. 2. Адамның иман жолындағы әрекеті мен талпынысы илаһи қолдау мен жетекшілікке ұласып, иманның артуы мен кемелденуіне себеп болады. 3.Үстемшілдер мен бұрмалаушылар алдында көтеріліс жасау мықты иман мен күшті жүректі қажет етеді. Илаһи мейірімсіз мұндай күшке қол жеткізілмейді.