Каһф сүресі, 486-шы бөлім, 7-10 аяттар
Каһф сүресі, 486-шы бөлім, 7-10 аяттар
«Каһф» сүресінің 7-8 аяттары:
" انّا جَعَلنا ما عَلَی الاَرض ِ زینَةً لَها لنبلُوَهُم ایُّهُم اَحسَنُ عَمَلًا " ، " وَ اِنّا لَجاعِلُونَ ماعَلَیها صَعیداً جُرُزاً "
Біз адам баласының қайсысы жақсы ғамал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық (7). Күдіксіз, біз жер жүзіндегі нәрселерді әлбетте мүлде шөл топырақ ете аламыз. (8)
Алдыңғы бағдарламада исламның ардақты пайғамбарының адамдарға қатысты шексіз жанашырлық танытқанын айттық. Хазірет адамдардың иман келтірмегендеріне байланысты қиналып, азапқа түсті. Құдай пайғамбарына қаратып: «Олардың иман келтірмегендеріне бола, өзіңді қайғы-мұңнан өлтіргің келетін сияқтысың» деді. Осы аяттар былай дейді: «Негізінен Құдай дүние мен жер бетіндегі нәрсенің барлығын табиғи түрде бір топтың соған тартылып, соған беріліп, Құдай мен ақыреттен қапыл қалатындай етіп қалыптастырған». Ырзық пен дүниелік жылтырақтар өткінші, тұрақты емес. Бір күні осынау көздің жауын алатын көріністердің әсері де қалмайды. Шын мәнінде, нығметтер мен ырзық және жылтырауықтар осы нығметтерді пайдаланып, қай адам жақсы іс, сондай-ақ ең жақсы іс жасап және қай адам күнә мен бейбастақтық пен азғындықтың соңына түсетіндігі ажыратылуы үшін адамдарды сынайтын құрал болып табылады. Дегенмен дүние бір қалыпты емес. Кейде көк шалғын мен шаттық болса, кейде құрғақшылық пен реніш кезектесіп отырады. Кейде жеңілдік болса, кейде қиындық. Негізінен осындай әркелкі жағдайда адам өзінің ішкі қасиеттерін көрсетіп, өзін жақсырақ тануы үшін сынақ қажет болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Дүниелік әдеміліктер өткінші. Олар тұрақсыз және мәңгілік емес. Оларды жақсы істер жасау үшін пайдалануға болады. Бірақ оларға тәуелді болудың қажеті жоқ. Себебі соңында барлығы топыраққа айналады. 2. Барлық нығметтер мен мүмкіндіктер адамдарды сынайтын құралдар. Әрбір адам өзінің білетіндігімен жауапты. 3. Жақсы іс істеуде оның саны емес, сапасы маңызды. Құдай бізден ең көп ғамалды емес, ең жақсы ғамалды қалады.«Каһф» сүресінің 9-10 аяттары:
" اَم حَسِبتَ اَنَّ اَصحابَ الکَهفِ والرّقیم ِ کانُوا مِن آیاتِنا عَجَبا " ، " اِذ اَوَی الفِتیَةُ اِلَی الکَهفِ فَقالُوا رَبَّنا آتنا مِن لَدُنکَ رَحمَةً وَهَیِّئ لَنا مِن اَمرِنا رَشَداً
"(Мұхаммед Ғ.С.) үңгірдегілерді және жазуды таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба? (Бір заманда Тарсұс қаласындағы Дақянұс патшаның залымдығынан қашқан адамдар “Кәһф”; солардың бекінген үңгірі. “Рақим”; солардың аты-жөні жазылған тақтай. т.б. рауаяттар бар…) (9) Сонау заманда жігіттер үңгірге бекінді де: “Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді. (10)
«Каһф» сүресін таныстырғанда құрайыш тайпасының ақсақалдарының өздерінің екі адамын ислам пайғамбары туралы зерттеп-тексеру үшін Мединедегі яһуди ғұламаларына жібергенін айттық. Яһуди ғұламалары оларға: «Сендер Мұхаммедтен үш мәселені сұраңдар. Егер жеткілікті және лайықты жауап берсе, пайғамбар болғаны. Әйтпегенде ол жалған» дейді. Алғашқы сауал өздерінің қауымдарынан бөлінген жәуәнмәрттердің тобы туралы болды. Пайғамбардан олардың соңы туралы сұрады. Пайғамбар оларға ертең жауап беретіндігін айтты. Бірақ хазірет «иншалла» деген сөзді айтпады. Жебірейілдің түсуі он бес тәулікке созылып, бұл іс пайғамбарға қиынға соқты. «Каһф» үңгірінің сахабалары нығмет пен бақуаттылықта өмір сүріп жатқан иманды жәуәнмәрттер болған. Бірақ олар өздерінің дінін сақтау үшін дүниеден баз кешіп, тауды паналап, сол жерде үңгірдегі өмірлерін бастады. Олардың оқиғаларының жай-жапсары келесі аяттарда айтылады. Сол аяттарда «Каһф» үңгірінің сахабаларымен қатар аталмыш жігіттер сол жерді паналаған, соңында олардың есімдері тақтаға жазылып, үңгірге ілінген жер мен таудың аты «Рағим» сөзі келеді. «Рағим» сахабалары – «Каһф» сахабаларының басқа бір аты. Себебі «рағим» «рағам», яғни «жазу» деген мағынада алынған. Тарихи кітаптарда «Каһф» сахабаларының оқиғасының хазірет Исаның заманынан кейін Рұм (Византия) билігі жерінде орын алғандығы және сол заманның билеушісінің есімінің Деғианус болғаны келтірілген. Құран Кәрім осы аяттарда өздерінің діні мен имандарын сақтау үшін қаладан үңгірге қоныс аударған «Қаһф» сахабаларын «жігіт» деп емес, «жәуәнмәрт» деген мағынада «фата» деп атайды. Себебі имам Садық былай деген: «Олардың кейбіреулері мосқал адамдар болған. Бірақ имандарына байланысты «фата» деп таныстырылған». Құран Кәрім «Каһф» сахабаларының хикаясын олардың үңгірге қоныс аудру оқиғасынан бастап, олардың бұрынғы жағдайлары туралы мәлімет бермейді. Бірақ олардың қоныс аудару кезіндегі дұғалары олардың мақсаттарының толық әрі кемел, саяси немесе отбасылық және кейбір кездері қалалық өмірден алыстап, қыр мен тауға бас сауғалауға себеп болатын басқа кейбір істердің болмағанын көрсетеді. Олар өздерінің ақидаларын сақтау үшін өмірде қиындықтарға кез болғанымен, Алла тарапынан илаһи мейірім мен рақымға ие құтқарылу жолын іздеді. Осы аяттардан үйренетініміз: 1. Дінді сақтау үй мен отбасын сақтаудан маңыздырақ. Егер лазым болса, қиын да болса хиджрат ету керек. 2.Талпыныс пен ғамалмен бірге болатын дұға мағынаға ие. «Каһф» сахабалары хиджрат етіп, илаһи мейірімге ие болу үшін дұға тіледі. 3. Діни мәдениетте «жәуәнмәрттік» деген сөз дінді сақтап, құндылықтарды сақтау үшін бұзылған ортадан көшіп, дүниеден баз кешу деген мағынаны білдіреді.