Исра сүресі, 484-ші бөлім, 107-111 аяттар
Исра сүресі, 484-ші бөлім, 107-111 аяттар
«Исра» сүресінің 107 аяты:
" قُلْ آمِنُوا بهِ اَو لاتُؤْمِنُوا إِنَّ الَّذينَ أُوتُوا الْعِلمَ مِن قَبْلِهِ إِذا يُتلَى عَلَيْهِمْ يَخِرُّونَ لِلأَذْقَانِ سُجَّدًا "
(Сәжде аяты бар) “(Мұхаммед Ғ.С.): Құранға мейлі сеніңдер мейлі сенбеңдер, бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған кезде етпеттерінен сәждеге жығылады (107).
Алдыңғы бағдарламада «Алла Құранды бірден емес, ислам пайғамбарының ресалаты барысында жиырма үш жылдың ішінде біртіндеп түсірді. Сол себепті қарсыластар сылтау іздеп: «Құран неліктен бірден түсірілмеді. Ондай болса біз оған иман келтірмейміз» десті» деп айттық. Осы аят былай дейді: «Мұндай қисынсыз адамдарға: «Осындай сылтау айтатындай Құдай сендердің иман келтірулеріңе мұқтаж емес. Ғылым мен білімге ие және бұрынғы аспандық кітаптармен таныс адамдар Құран Кәрімнің аяттарын оқу арқылы оның шынайылығын түсінеді. Олар Құранның ұлылығының алдында маңдайлары ғана емес, сондай-ақ олардың беттері мен беттерінің ұшына дейін жерге тиетіндей, сәждеге жығылады» деп айту керек. Осы аяттан үйренетініміз:1. Адамдардың күпіршілігі немесе имандары Құранның ақиқаттығына әсер етпейді. Егер адамдардың барлығы оған күпіршілік етсе, онда адамдардың барлығы өздерінің көздерін басып, күннің бар екендігін теріске шығарғандай болады. 2. Нағыз ғылым деген ол адамды білімі мен ғылым деңгейінің жоғарылауымен діни және рухани ақиқаттардан бойтартқызу емес, адамды Хақтың алдында мойынсұндыру
«Исра» сүресінің 108-109 аяттары:
" وَ يَقُولُونَ سُبْحَانَ رَبِّنَا إِن كَانَ وَعْدُ رَبِّنَا لَمَفعُولًا " ، " وَيَخِرُّونَ لِلأَذْقَانِ يَبْكُونَ وَيَزِيدُهُمْ خُشُوعًا "
Олар: “Раббымызды пәктейміз. Әрине Раббымыздың уәдесі орындалады” дейді. (108) Олар жылап, етпеттерінен түседі (Құран аяттарының оқылуы) олардың ықыласын арттырады. (Бұлар; Кітап иелерінен Мұсылман болғандар. Ж.Р.Х.Ж-Қ.) (109)
Таурат пен Інжілде соңғы пайғамбардың келу уәдесі берілгендіктен, ислам пайғамбарына иман келтірген кітап иелерінің бір тобы «Құдай уәдесін орындады» деп Құдайды пәктеп, мадақтады. Мұндай адамдардың хақтың алдында мойынсұнғандықтары табиғи жағдай. Құран аяттарын неғұрлым көбірек оқыған сайын олардың жүректері жұмсарып, бойсұнушылық танытып, сәждеге жығылулары көз жастары және жылаумен қатар болады. Құран олардың осындай сопылық күйлерін мадақтап, дәріптейді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құран оқудың дайын жүректерге әсер ететіндігі соншалықты, оларды еріксіз Алланы пәктеп, сәждеге жығылып, көздерінің жасқа шылануларына жетелейді. Бірақ бұл мағрифат және Алланың ұлылығы мен Оның сөзін танудан туатын жас. 2. Құран оқу адамды үздіксіз жоғарылатып, адамның бойында барлық кемелдіктің бастауы – хақтың алдындағы мойынсұнушылықты дамытады. 3. Ғибадат кезіндегі жылау, әсіресе сәждеге жығылуда жылау құнды.
«Исра» сүресінің 110 аяты:
" قُلِ ادْعُوا اللّهَ أَوِ ادْعُوا الرَّحْمَنَ أَيًّا ما تَدْعُوا فَلَهُ الأَسْمَاءُ الْحُسنَى وَلاَتَجهَر بِصَلاَتِكَ وَلاَتُخَافِتْ بِهَا وَابتَغ ِ بَيْنَ ذَلِكَ سَبِيلًا "
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. Намазды жариялап та құпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста. (110)
Рауаяттарда пайғамбардың Әл-Харам мешітінде дұға тілеп: «Иа Аллаһ иа Рахман» деп айтқаны келтірілген. Біреулер хазірет бірі – Алллаһ, екіншісі – Рахман атты екі Құдайды шақырып отыр деп ойлайды. Осы аят түсіп, былай деді: «Екеуі де Бір Құдайдың есімдері. Бұл екі есімнен басқа Құдайоның әрқайсысы Оның кемелдігінің көрінісін баяндайтын көптеген есімдер мен сипаттарға ие. Сондықтан Құдайды осы есімдердің қайсысымен болса да атай аласыңдар». Сондай-ақ пайғамбар өзінің намазын дауыстап оқыған әр кезде мүшріктер дауыстап өлең оқып, хазіреттің мазасын алатын. Хазірет ақырын оқыған кездері сахабалары естімейтін. Сол себепті осы аят дауыстап және ақырын оқудың арасындағы орташа оқуға кеңес береді. Негізінен ислам ғамал мен ғибадаттың тәсілі мен сапасына көңіл бөледі. Әсіресе намаз ерекше дәстүрмен оқылуы керек. Осы аяттан үйренетініміз:1. Олардың жеке бастарымен байланыстары жоқ немесе оған қайшы адамдардың көптеген есімдері сияқты емес, мазмұн мен жолдауға ие ең жақсы есімдер мен сипаттар есімдер мен атаулар арасында сәйкестікке ие Құдайдың есімдері.2. Ислам – орташалық пен бірқалыптылықты қуаттайтын дін. Тіпті намаз оқығанда да орташа дауыспен оқу керек.
«Исра» сүресінің 111 аяты:
" وَقُلِ الْحَمْدُ لِلّهِ الَّذِي لَمْ يَتَّخِذْ وَلَدًا وَلَم يَكُن لَّهُ شَريكٌ فِي الْمُلْكِ وَلَمْ يَكُن لَّهُ وَلِيُّ مِنَ الذُّلَّ وَكَبِّرْهُ تَكبِيرًا "
“Барлық мақтау, бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігі болмаған сондай-ақ әлсіздіктен көмекшісі болмаған Аллаға лайық” де. Және Оны өте ұлықта (111).
Құранның кейбір сүрелері Алланы мадақтаудан басталады. Осы сүре де Алланы мадақтаудан басталып, Оны ұлықтап, тәкбір етумен аяқталады. Бірақ бұл мадақтау және пәктеумен қатар келген ұлықтау мен алғыс айту. Себебі осы аят Алланы кез-келген шерік, жұбай және перзенттен пәк санап, Оны кез-келген әлсіздік пен дәрменсіздіктен алыс деп атайды. Әлбетте мұндай Құдай Оған тәкбір айтып, Оны ұлық санауға лайық. Осы аяттан үйренетініміз:1. Құдай пайғамбар мен барлық мүміндерге «Алхамдуллилаһ», «Собһан Аллаһ» сияқты зікір айтуды тапсырған.2. Құдай абсолютті түрде мұқтажсыз. Құдай әке-шеше, жұбай және перзентке мұқтаж емес. Ондай болса Оны басқа адамдар сиқяты деп санамайық. Оны мұндай істерден пәк санайық.