Исра сүресі, 483-ші бөлім, 102-106 аяттар
Исра сүресі, 483-ші бөлім, 102-106 аяттар
«Исра» сүресінің 102 аяты:
" قالَ لَقَد عَلمتَ ما اَنزَلَ هوُلاءِ الا رَبُّ السَّموات ِ وَالارض ِ بَصائِرَ وَ انّی لَاَظُنُّکَ یا فِرعَونُ مَثبوُرًا "
Мұса (Ғ.С.): “Расында сен бұлардың көктер мен жердің Рабы түсірген көрнеу мұғжизалары бар екенін білесің. Әй, Перғауын! Шын мәнінде мен сені типыл болады деп ойлаймын”, - деген еді. (102)
.Алдыңғы бағдарламада Перғауынның хазірет Мұсаның мұғжизасын көрген кезде иман келтірудің орнына оны ақымақ және сиқыршы деп атағанын айттық. Осы аят Перғауынға былай деп жауап берген хазірет Мұсаның сөздерін баяндайды: «Мені сиқыршы әрі жәдігөй деп атайтындай, менің жасағаным сиқыр мен жады болған жоқ. Керісінше, әлемдіктердің Пәруәрдігерінің бұйрығымен іске асқан ғажайып мұғжиза болды. Оның өзі күш пен құдірет көрсетіп немесе байлық пен даңққа ие болу үшін емес, халықтың илаһи сөзді қабылдап, олардың парасаттылықтары мен хабардарлықтарының артуына негіз әзірлену үшін дәлелді аяқтау мақсатында көрсетілді. Илаһи жетекшілік пен қырағылықты қабылдамайтын адамның құритындығы табиғи іс. Осы аяттан үйренетініміз:1. Адам кейде хақты біле тұра өзін жәһілдікке ұрындырады. Перғауын Мұсаның рас айтатындығын білді. Бірақ оның сөзін қабылдап, әлемнің Пәруәрдігерінің алдында бойсұнуға әзір болмады. 2. Адамдар бейбастақ және залым басшыларға кіріптар болған қоғамдарда дінді уағыздап, адамдарды хаққа шақыру үшін алдымен басшылардан бастау керек. Себебі мұндай қоғамдарда халықтың түзелуі билікті түзетуге тәуелді. Сол себепті хазірет Мұса алдымен халыққа емес, Перғауынның өзіне барды.
«Исра» сүресінің 103-104 аяттары:
" فَارادَ اَن یَستَفزَّهُم مِنَ الارض ِ فَاغرَقناهُ وَ مَن مَعَهُ جَمیعًا " ، " وَ قُلنا مِن بَعدِهِ لبَنی اسرائیلَ اسکُنُوا الارضَ فَاذا جاءَ وَعدُ الاخِرَة ِ جئنابکُم لَفیفًا "
Ақыр (Перғауын) Исраил ұрпақтарын мемлекеттен шығарғысы келді. Сонда оны, онымен бірге болғандарды суға батырып жібердік (103). Одан кейін Исраил ұрпақтарына: “Бұл жерге (Мысырға) орналасыңдар. Қашан қиямет уәдесі келсе, сендерді жинап әкелеміз” дедік (104)
.Хақ ерлерді олардың үндері халықтың құлағына жетпеуі үшін не жер аудару, не болмаса өлтіру зұлым билеушілердің тәсіліне жатады. Бірақ Перғауын Мұсаның жалғыз еместігін, оны халыққа жетекшілік етуге жіберген Құдайдың қолдаушысы әрі сүйеніші екендігінен қапыл болып, осындай шешім қабылдады. Сол себепті Перғауын мен әскерилері Мұса мен оның қауымын Мысырдан қуып шықпақ болып, соңдарына түскенде Алланың қалауымен олар Ніл өзенінен өтіп, бірақ перғауындықтардың барлығы суға батып кетті. Осылайша Құдай өзінің құдіретін көрсетті. Меккенің мүшріктері де пайғамбарды өлтіруді мақсат еткен кезде пайғамбар да Меккеден кетуге мәжбүр болды. Бірақ Алланың қалауымен пайғамбар Мединеде исламдық алғашқы мемлекет орнатып, өзінің шақыруын кеңейтуде табысқа жетті. Меккені жеңіп алғанда мүшріктер анық түрде қорлыққа ұшырады. Аяттың жалғасы былай дейді: «Перғауынның жойылуымен Исраил ұрпағы өздерінің жерлеріне қоныстанып, Перғауынның кәрінен құтқарылды. Бірақ қияметте де осы екі топ олардың арасында әділетке төрелік жасалу үшін бірге жиналады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Илаһи сүннет пен заң мынадай: Алланың қалауы тағұттардың қалауынан басым болып, олардың мекерліктері мен айлалары илаһи даналықпен залалсыздандырылады. 2. Бұл дүние барлық істердің жазасы мен сыйы берілетін мүмкіндік пен әлеуетке ие емес. Сондықтан Құдай қияметте адамдарды шақырып, хақ негізі бойынша төрелік етіп, жаза тағайындайды.
" وَ بالحَقِّ اَنزَلناهُ وَ بالحَقِّ نَزَلَ وَ ما اَرسَلناکَ الّا مُبَشِّرًا وَ نَذیرًا " ، " وَ قُرآنًا فَرَقناهُ لتَقرَاَهُ عَلَی النّاس ِعَلی مُکثٍ وَ نَزَّلناهُ تَنزیلًا "
Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол шындық бойынша түсті. (Мұхаммед Ғ.С.) сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік (105). Біз Құранды адамдарға тоқырап оқуың үшін бөлімдерге айырып, аз-аздап түсірдік. (106). Аяттар Мұса мен Перғауынның оқиғасын еске алған соң Құран мен пайғамбардың ресалатының мәртебесіне тоқталып, былай дейді: «Бұл Құран да Алла тарапынан хақ түрде түсірілді. Сондай-ақ Жебірейіл тарапынан жарияланып, пайғамбар тарапынан қабылдану жолында Құранның хақиқаты сақталып, ол ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Пайғамбар да Құранның тағылымдары негізінде адамдарға сүйіншілеп, кеңес беруге тағайындалды. Пайғамбар оған ештеңе енгізіп, өзгерте алмайды. Сол себепті Құранға ешқандай жалғандық жол тартқан жоқ». Аяттың жалғасы былай дейді: «Осы илаһи жоғары ағартушылық адамдардың ойлары мен жүректерінен орын алу үшін оны біртіндеп, бөлім-бөлім, аят-аят, сүре-сүре етіп түсірдік. Бұл – өзінің ахкамы мен ағарутшылығын адамдардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сай баяндаған Құдайдың тәрбиелеу әдісі. Аспандық кітаптардың түсірілуі мен хазірет Адам заманынан ислам пайғамбарына дейін көптеген пайғамбарлардың тағайындалу үдерісі де ағартушылықтың біртіндеп түсірілуін көрсетеді. Шынтуайтында, бұл Құранның кемшілігі емес, кемелдігі. Айтатын жәйт, мүшріктер неліктен біртұтас Құран бір жерде, бір уақытта түсірілмейді деп мін тақты. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Құранның кез келген бұрмалаушылықтан аман болуына Алла тарапынан кепілдік жасалған. Илаһи уәһи адамдардың қолына дін аман жетті. 2.Тәлім-тәрбие мен жетекшілік өзінің арналған адамдарына әсер ету үшін біртіндеп жүзеге асырылуы керек. 3. Жаратылыс және шариғат істеріндегі Құдайдың сүннеті – біртіндеп жүзеге асыру болып табылады. Құдай әлемді бір сәтте жарата алатындығына қарамастан алты кезеңде жаратты. Аспандық кітаптар, соның ішінде Құранды алғашынан-ақ барлық ағартушылықты бірден баяндай алатындығына қарамастан біртіндеп түсірді.