Исра сүресі, 482-ші бөлім, 98-101 аяттар
Исра сүресі, 482-ші бөлім, 98-101 аяттар
«Исра» сүресінің 98-99 аяттары:
" ذَلِكَ جَزاوُهُم بأَنَّهُمْ كَفَرُواْ بِآياتِنَا وَقالُواْ أ اَِذَا كُنّا عِظَامًا وَ رُفاتًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ خَلْقًا جَديدًا " ، " أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللّهَ الَّذي خَلَقَ السَّمواتِ وَالأَرْضَ قَادِرٌ عَلَى أَن يَخْلُقَ مِثْلَهُمْ وَجَعَلَ لَهُمْ أَجَلًا لاَرَيْبَ فيهِ فَأَبَى الظَّالِمُونَ إَلاَّ كُفُورًا
"Бұл олардың сазайы. Өйткені, олар аяттарымызға қарсы келді. Және: “Біз сүйектер, тіпті қоқым топырақ болып кеткен кезде жаңадан жаратылып, тірілеміз бе?”, - деді. (98) Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі мерзім жасаған. Онда әсте шек жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді (99).
Осы аяттар қиямет туралы ең көне сауалдар мен күмәндердің біріне жауап беріп, былай дейді: «Кәпірлер Алланың құдіреті осы дүниемен шектеледі деп ойлайды. Сол себепті олар дүние салып, олардың денелері топыраққа айналғанда Құдай енді оларды қайтадан жаратып, қияметтің сотында соттап, жаза мен сый беруге күші жетпейді деп ойлады. Өмір мен өлімнің барлығы Алланың қолында. Оның құдіреті жаратылысты барлық ұлылығымен қамтығанда бір мақұлықты қайта жарату Ол үшін оңай іс. Бірақ күпіршілік пен қырсықтық рухы күнәһар және зұлым адамдардың мұндай ақиқаттарды теріске шығарып, оны қабылдаудан бас тартуларына себеп болады. Себебі мұндай істі қабылдаған жағдайда олар өздерінің бұрыс жолдарын бұдан ары жалғастыра алмайтын болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Қияметті теріске шығарудың тамыры Құдайдың құдіретін шектеулі деп санауда. Әйтпегенде кәпірлердің қиямет болмайды дегенде айтатын ақылға қонымды ешқандай дәлелдері жоқ. 2. Қиямет – физикалық күй. Барлық адамдар қияметте физикалық түрде келіп, өз істерінің сазайын тартады.3. Күпіршіліктің тамыры күнә мен зұлымдықта. Күнәһар күнәның жолын ашу үшін хақ сөзді теріске шығарады.
«Исра» сүресінің 100 аяты:
" قُل لَّوْ أَنتُمْ تَمْلِكُونَ خَزائِنَ رَحْمَةِ رَبِّي إِذًا لأَمْسَكْتُمْ خَشْيَة َ الإِنفَاق ِ وَكَانَ الإنسَانُ قَتُورًا "
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң” де. (100).
Осы аят күпіршілік пен теріске шығарудың тамырларының келесі біріне сілтеме жасап, былай дейді: «Егер сендер бүкіл жаратылыстың иесі болып, барлық нәрсе ықтиярларыңда болса да дүниеқұмар рухтарың сендерге бәрібір содан аздап басқаларға инфақ етуге рұқсат бермеген болар еді. Сендер барлық нәрсені өздерің үшін қалаған болар едіңдер. Бұл жалпыға тән сипат. Сол себепті даму мен кемелдікке жеткісі келген әрбір адам оның бойында жомарттық пен кеңдіктің әдеті мен қабілеті қалыптасуы үшін сонымен күресуі керек. Бұл тура ғылым мен надандық сынды. Адамдардың барлығы алғашында дүниеге жәһіл күйде келеді. Ал даму мен хабардарлыққа жету үшін көп талпыныс пен ұмтылыс жасау керек. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Байлық жинау мен дүниеқұмарлық сараңдық рухын нығайтады. Бұл аспандық тағылымдармен ымыраға келмейтін іс. Сол себепті сарайдағылар діндерді қабылдауға көнбейді. 2.Адамдар табиғаттарынан сараң болғанымен Құдай әрбір адамның өзінің қалауымен осы кемелдікке қол жеткізуі үшін жомарт болудың қабілеті мен негізін барша адамның бойына қалаған.
«Исра» сүресінің 101 аяты:
" وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسى تِسْعَ آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ فَاسئَل بَني إِسْرائيلَ إِذْ جاءَهُمْ فَقَالَ لَهُ فِرْعَونُ إِنِّي لَأَظُنُّكَ يَا مُوسَى مَسْحُورًا "
Расында Мұса (Ғ.С.)-ға тоғыз ашық мұғжиза берген едік. (Таяқ, қолдың жарқырауы, шегіртке, бит, қан, тастан су шығару, теңіздің жарылуы және Тұр тауының көтерілуі. Б.М.К...) (Мұхаммед Ғ.С.) Исраил ұрпақтарынан сұра: Мұса оларға келген кезде Перғауын: “Әй, Мұса! Әрине сені сиқырлаған деп ойлаймын” деген еді. (101).
Осы аят пен осыдан кейінгі бірнеше аят хақ пен жалған екі топтың ойлану тәсілін көрсететін хазірет Мұса мен Перғауын арасындағы сұхбаттарға қатысты. Осы аят былай дейді: «Хазірет Мұса Алла тарапынан тоғыз мұғжизаға, атап айтқанда асаның жыланға айналуы, асамен теңізді жару, асаны сермеп қалғанда он екі бұлақтың ағуы және тағы да басқа жәйттерге ие болды. Олардың мұғжиза болуы толық анық әрі көрнекті болды. Бірақ Перғауынға барған кезде ол Мұсаға «Мұның барлығы сиқыр. Сен басқа сиқыршылар сияқты сиқыр үйренген сиқыршысың. Өзің де басқалардың сиқыры мен жадылауының әсерінде болуың мүмкін» деді. Бұл Хақ сөзі мен хазірет Мұсаның Аллаға иман келтіру және Исраил ұрпағын азат ету туралы қисынды сөздерін қабылдауға дайын емес, оның ашық мұғжизаларын сиқыр мен жады деп атап, тіпті Мұсаны қорлауға ұшыратқан тәкәппарлық пен үстемшілдік рухы. Осы аяттан үйренетініміз:1. Пайғамбарлардың негізгі миссиялары оларды сиқыршылармен шатастыру үшін мұғжизалар мен таңғажайып істерді көрсету емес, керісінше олардың міндеттері адамзатқа жетекшілік ету. Мұғжиза тек дәлелді аяқтап, олардың ресалаттарының шынайылығын дәлелдеу үшін Алла тарапынан ғана көрсетіледі. 2. Пайғамбарлар үйде отырып алып, халық өзі келсін демейді. Олар жанашыр дәрігерлер сияқты адамдарға өздері барады.