Исра сүресі, 481-ші бөлім, 94-97 аяттар
Исра сүресі, 481-ші бөлім, 94-97 аяттар
«Исра» сүресінің 94 аяты:
" وَما مَنَعَ النَّاسَ أَن يُؤْمِنُوا إِذْ جاءَهُمُ الْهُدى إِلاَّ أَن قَالُواْ أَبَعَثَ اللّهُ بَشَراً رَسُولاً "
Адам баласына Пайғамбар тура жол (Құран) келтірген кезде олардың: “Алла адамды пайғамбар қылып жіберді ме?”, - деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгет болды (94).
Алдыңғы бағдарламада Меккенің мүшріктерінің өздерінің иман келтірулері үшін Алла мен періштелерді көріп немесе оларды қабылдау үшін пайғамбар аспанға барып, өзімен бірге кітап әкелсін деп шарт қойғандарын айттық. Осы аят сол сылтау іздеушіліктердің тамырына сілтеме жасап, былай дейді: «Олар Алланың өзі мен періштелердің түсіп, олармен сөйлесіп, оларды тура жолға салулары керек деп ойлайды. Алла Тағала оларға тілмен жетекшілік етумен қатар іс жүзінде де олар үшін үлгі болатын өздері сынды адамды пайғамбарлыққа жіберді. Олар пайғамбардың өздері сынды адам екендігін, өзінің не айтса соны орындайтындығын, басқалардың да соны істей алатындығын көрулері керек». Басқаша айтқанда, олардың пайғамбардың осал тұсы деп санағандары оның мықты тұсы болды. Пайғамбардың адам болуы оның мықты тұсы болып табылады. Себебі ол адам баласына тән талап-тілектері мен жыныстық қалаулары және қажеттіліктерімен адами кемелдікке жете алды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Пайғамбарлардың хақ және қисынды сөздерінің алдында сылтау іздеушілік адамның өзіне зиян шектіріп, адамды олардың жетекшілігінен мақұрым етеді. 2. Адамның әлемдегі кереметі мен мәртебесі Алла тарапынан ресалаттың биік тұғырына қол жетккізе алатындай жерде.
«Исра» сүресінің 95 аяты:
" قُل لَو كَانَ فِي الأَرْض ِ مَلآئِكَةٌ يَمْشُونَ مُطْمَئِنِّينَ لَنَزَّلْنَا عَلَيْهِم مِنَ السَّمَاء ِ مَلَكاً رَسُولاً "
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер жер жүзінде бейбіт жүргендер, періштелер болса еді, әрине оларға көктен періште елші жіберер едік” дегенді айт (95).
Мүшріктердің сылтау іздеушіліктеріне жауап беріп, осы аят алдыңғы аяттың жалғасында былай дейді:«Егер жер бетінде сендердің орындарыңда періштелер өмір сүргенде оларға жетекшілік ету үшін міндетті түрде періштені пайғамбар етіп жіберер едік. Бұл құлдарына жетекшілік ету үшін олар одан үлгі алып, оның сөзімен қоса ғамалы да оларға үшін дәлел болу үшін заты солардың өздері сияқты пайғамбар жіберетін Алланың сүннеті. Осы аят соған сілтеме жасаған қызық жәйт ол пайғамбарлық ресалаттың қажеттілігі: «Егер жер бетінің барлық тұрғыны періште болғанда және барша рахат пен тыныштықта өмір сүрген болса да, оларға заты өздері сынды елші жіберген болар едік. Себебі құлдардың кемелдігі рахат және тыныштықпен шектелмейді. Сондай-ақ рухани даму мен ілгерілеушілік те лазым. Бұл рухани кемелдікке пайғамбарлар мен олардың жолнұсқауларынсыз жету мүмкін емес. Осы аяттан үйренентініміз:1.Тәрбиенің қажеттілігі тәрбиеші мен тәрбиені қабылдаушымен үйлесімділігінде. Әйтпегенде тілмен уағыз айту жарамсыз. 2. Құлдарға жетекшілік ету үшін пайғамбар тағайындау Алланың кесімді сүннеттерінің қатарына жатады.
«Исра» сүресінің 96 аяты:
" قُلْ كَفى بِاللّهِ شَهِيداً بَيْنِي وَبَينَكُمْ إِنَّهُ كَانَ بِعِبَادِهِ خَبيراً بَصيراً "
Оларға: “Алла сендер мен менің арамда куәлік тұрғысынан жетіп асады. Шын мәнінде Ол құлдарынан толық хабар алушы, аса қырағы” де. (96
)Қарсыластардың қырсықтық танытулары мен сылтау іздеушіліктерінің соңынан осы аятта Алла пайғамбарын жұбатып: «Олардың қисынсыз сөздері сенің көңіліңнің сууына себеп болмасын. Керісінше оларға былай де: «Мен сендердің иман келтірулерің мен растауларың және қолдауларыңды қажет етпеймін. Сендер иман келтірсеңдер де, кәпірге айналсаңдар да Құдай менің ісімнен хабардар және менің пайғамбарлық міндетіме куәлік етеді». Осы аяттан үйренетініміз:1.Пайғамбарлардың арқа сүйерлері – Алла. Сондықтан олар өздерінің сөздеріне табанды. Қарсыластардың алдында артқа шегінбейді.2.Алла пайғамбарлар болсын, мүміндер және кәпірлер болсын баршаның ісінен хабардар. Ешкім илаһи ғылымның аясынан тыс емес.
«Исра» сүресінің 97 аяты:
" وَمَن يَهْدِ اللّهُ فَهُوَ الْمُهْتَدِ وَمَن يُضلِلْ فَلَن تَجِدَ لَهُمْ أَوْلِياءَ مِن دُونِهِ وَنَحْشُرُهُمْ يَوْمَ الْقيامَة ِ عَلَى وُجُوهِهِمْ عُمْياً وَبُكْماً وَصُمّاً مَّأْويهُمْ جَهَنَّمُ كُلَّما خَبَتْ زِدْناهُمْ سَعيراً "
Алла кімді оңғарса, сонда ол тура жолда. Алла кімді адастырса, оған Алладан өзге жәрдемші таба алмайсың. Біз оларды қиямет күні бетімен жер басқан, сақау және саңырау түрде жинаймыз. Орындары тозақ, толастаған сайын оларға жалынын арттыра түсеміз. (97).
Кәпірлер мен мүшріктердің пайғамбармен ерегестерінің соңында осы аят жалпы бір заң ретінде былай дейді: «Жетекшілікке түскен адам деген илаһи жетекшілікті қабылдап, илаһи пайғамбарлардың жолы арқылы жетекшілікке жететін адам. Керісінше пайғамбарларға қарсы тұратын адам илаһи рақым мен жетекшіліктен мақұрым қалып, адасушылық пен бұрыс жолға душар болады. Ешкім, соның ішінде адамзат мектептерінің жетекшілері де адам өзі жолынан қайтып, илаһи жетекшілікті қабылдамайынша мұндай адамды таңдай алмайды. Осы дүниеде хақ сөздермен соны қабылдап, мойындауға әзір болмаған адамның қияметте мылқау, керең, соқыр күйде еңбектеп келетіндігі мен күнәлары мен қылмыстарына байланысты мәңгілік тозақ отында күйетіндіктері қалыпты іс. Осы аяттан үйренетініміз:1.Пайғамбарлардың жолын тастап, идеологиялық, сенім, әлеуметтік және саяси мәселелерде болсын илаһи емес жетекшілердің соңдарынан ерудің адасушылық пен бақытсыздықтан басқа соңы.2. Қиямет – адамның осы дүниедегі істерінің көрінісі. Осы дүниеде қалай әрекет жасасақ, ақыретте сондай қалыпта шақырыламыз. .