Жел 14, 2016 19:58 Asia/Almaty

Исра сүресі, 480-ші бөлім, 89-93 аяттар

«Исра» сүресінің 89 аяты:

" وَلَقَدْ صَرَّفْنَا لِلنَّاسِ فِي هَذَا الْقُرْآن ِ مِن كُلِّ مَثَل ٍ فَأَبَى أَكْثَرُ النَّاس ِ الّا كُفُورًا "

Расында Біз бұл Құранда адам баласы үшін әр нәрсенің мысалын ашалап, баян еттік. Сонда да адамдардың көбі бас тартып, мүлде қарсы келді (89)

.Алдыңғы бағдарламада Құран «Егер барлық жындар мен адамдар Құран сынды кітап әкелгілері келсе де әкеле алмайды» деді. Осы аят былай дейді: «Құранның ерекшеліктерінің бірі ол адамның өміріне қатысты барлық істерде: жеке бас істерінен бастап қоғамдық істерге дейінгі тақырыптарды баяндап, әртүрлі және шешендікпен баяндау арқылы сөзге ерекше тартымдылық сыйлауында. Мұның өзі Құранның ғажайып ерекшелігінің бірі». Аяттың жалғасы былай дейді: «Бірақ адамдардың шүкірсіз рухтары Құран мен Хақ сөзіне көңіл аударудың орнына одан теріс айналып, оның ақиқаттарын теріске шығаруға себеп болады». Осы аяттан үйренетініміз:1.Тәлім-тәрбие беру тәсілдерінің бірі тақырыпты Құран соны өте көп пайдаланған тәмсіл арқылы баяндау болып табылады.2. Көп адамдардың шүкірсіздіктері мен теріске шығарулары Құранның шынайылығына нұқсан келтірмейді. Себебі хақ пен жалғандық көпшілік пен азшылыққа тәуелді емес.  

 «Исра» сүресінің 90-91 аяттары:

" وَقَالُواْ لَن نُّؤْمِنَ لَكَ حَتَّى تَفْجُرَ لَنَا مِنَ الأَرْض ِ يَنبُوعًا " ، " أَو تَكُونَ لَكَ جَنَّةٌ مِّن نَّخِيل ٍ وَعِنَبٍ فَتُفَجِّرَ الأَنْهَارَ خِلالَهَا تَفجِيرًا " 

Олар: “Бұл жерден сен бізге бастау ағызғанға дейін саған әсте сенбейміз” деді. (90) “Немесе сенің құрмадан, жүзімнен бір бақшаң болсын. Сонда оның араларынан өзендер ағызып қоярсың” (91).

Мүшріктердің Құранның мұғжиза болуын теріске шығарып, пайғамбарға: «Сенің пайғамбарлығыңа куәлік етуіміз үшін бұрынғы пайғамбарлар сияқты құрғақ жерден бұлақ шығарып немесе өзендер ағызу сынды материалды және табиғи мұғжизалар көрсет» десті. Пайғамбарлар Алланың қалауымен өздерінің ресалаттарын дәлелдеу үшін мұғжизалар әкелген. Бірақ адамдар нені қаласа оларға соны әкелуге міндетті болған емес. Кейбір жағдайларда сондай болса, мынадай ескерту жасалынды: «Егер адамдардың қалауы бойынша мұғжиза көрсетілсе және адамдар оны теріске шығарса сол қауымға Салехтің қауымы сынды илаһи азап жіберіледі».  Осы аяттардан үйренетініміз:1. Пайғамбарлардың міндеті адамдарға жетекшілік етіп, жол нұсқау болды. Бірақ адамдардың көпшілігі бақ пен алтын және байлықты құдірет пен ұлылықтың белгісі деп санап, пайғамбарлардың негізгі мақсаттарынан бейхабар болды. 2.Діни жетекшілер адамдардың көңілін аудару үшін олардың орынсыз талап-тілектеріне назар аудармаулары керек. 

«Исра» сүресінің 92-93 аяттары:

" أَو تُسْقِطَ السَّمَاءَ كَمَا زَعَمتَ عَلَيْنَا كِسَفًا أَوْ تَأْتِيَ باللّهِ وَالْمَلآئِكَةِ قَبِيلًا " ، " أَوْ يَكُونَ لَكَ بَيْتٌ مِّن زُخْرُفٍ أَوْ تَرْقَى فِي السَّمَاء وَلَن نُّؤْمِنَ لِرُقِيِّكَ حَتَّى تُنَزِّلَ عَلَيْنَا كِتَابًا نَّقْرَؤُهُ قُلْ سُبْحَانَ رَبِّي هَلْ كُنتُ إَلاَّ بَشَرًا رَّسُولًا "

“Не ойлағаныңдай аспанды үстімізге кесек түрінде түсірерсің. Яки Алланы, періштелерді бетпе-бет келтірерсің” (92). “Не болмаса, алтыннан бір үйің болсын. Яки аспанға шығарсың. Сонда да бізге оқитын бір Кітап түсірмейінше, көкке шыққандығыңа әсте сенбейміз” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббымды пәктеймін! Мен бір адам баласы Пайғамбар ғанамын” де (93).

Қарсыластардың сылтау іздегендіктерін баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар олардың келесі бір орынсыз талап-тілектерін былайша баяндайды: «Уәде ететін сол азаптарың аспаннан түсіп, біздің көзімізді жояды. Немесе саған уәхи түсіреміз деп уәж айтатын Құдай мен періштелерді  біз де көру үшін жерге түсір. Өзің аспанға көтеріліп, өзіңмен бірге біз соны оқуы үшін кітап немесе хат алып кел». Пайғамбардың сылтау іздеушіліктер мен әдепсіздіктердің алдындағы жауабы мына бір сөзден артық болмады. Ол: «Мен де сендер сияқты мені Алла жаратқан жұмыр басты пендемін. Мені мен сендердің арамыздағы жалғыз айырмашылық – Оның сөздерін сендерге жеткізу үшін Алланың менің мойныма жүктеген пайғамбарлық міндеті ғана. Менің айтатыным сендердің пайдаларыңды көздейді. Өзім үшін сендерден ештеңе қаламаймын» деді. Негізінен мұғжиза ақыл тұрғысынан жүзеге аспайтын іс емес. Бірақ табиғи түрде осы материалды дүниеде орнамайды. Қарсыластардың кейбір талап-тілектері ақыл тұрғысынан жүзеге аспайтын істер болды. Мысала, адамдар оларды көру үшін Құдай мен періштелерді жерге түсіру сияқты. Себебі олар дене емес. Біздің көзіміз тек қана денелерді көреді. Тіпті денелердің белгілерінің кейбіреулерін көру мүмкін емес.  Денелердің тартылыс күші мен магниттік ерекшелігінің екеуі де заттың ерекшелігі болғанымен оларды көзбен көру мүмкін емес.Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1.Көп адамдардың ақылы олардың көздерінде. Олар нені көрсе тек соны ғана қабылдайды. Әлемде көзбен көру мүмкін емес көптеген ақиқат бар.  2.Пайғамбарлар өздері тарапынан ештеңе істемейді. Олар илаһи әмірлерге бағынады. Алла да хикметсіз ештеңе жасамайды.