Жел 14, 2016 20:00 Asia/Almaty

Исра сүресі, 479-шы бөлім, 85-88 аяттар

«Исра» сүресінің 85 аяты:

" وَ یَسئَلونَک عَن ِ الرّوحُ قُل الرّوحُ مِن اَمرِ رَبّی وَ ما اوتیتُم مِنَ العلم ِ الّا قَلیلًا "

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен (рух) жан туралы сұрайды: “Ол Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді” де (85).

Ислам пайғамбарына халық үнемі сұрақ қоятын. Мүміндер дінді дұрыс тану үшін сұрақ қойса, қарсыластар мен кәпірлер адамдардың арасында күмән тудырып, пайғамбардың мәртебесін төмендету үшін сауалдар қоятын. Осы аят сауалдардың біріне сілтеме жасап: «Пайғамбардан рух туралы сұрады» дейді. «Рух» сөзі Құранда 20 реттен артық үш нәрсеге қатысты қолданылған: біріншісі, адамның денесіне үрленетін рух; келесісі, уәһиді хабарлауға жауапты үлкен періште; үшіншісі пайғамбарға түсірілген Құранның өзі мен илаһи уәхи. «Рух» өмірдің мәйегі деген мағынада. Үш жәйт те адам мен адами қоғам өмірінің мәйегі. Пайғамбарға сұрақ қоюшылар адами рух туралы сұрап, ол не және ол қандай  десті. Немесе Құранды түсіретін періште туралы сұрап «ол қандай және пайғамбарға уәһиді қандай жолмен түсіреді» десті. Алла пайғамбарға былай деді: «Осы сұрақты қоюшыларға былай деп жауап бер: «Рухтың заты сендердің сезім мүшелеріңмен түсінетіндей, сезілетіндей материалды істерден емес, керісінше Пәруәрдігер жаратқан материалды емес істерден. Оның не және қандай екендігін сендер түсіне алмайсыңдар. Негізінен сендердің осы әлемнің ақиқаттарына қол жетімділіктерің аз. Сендерге берілген білім мардымсыз. Барлық нәрсені білеміз немесе білетін боламыз деп ойламаңдар». Осы аяттан үйренетініміз:1.Рух – шиеленісті, күрделі және танылмаған, сондай-ақ адамның түсінігінен жоғары илаһи құпиялардың бірі. 2. Адамзат ғылымдарының барлығы Алла тарапынан адамға тарту етілген сый.

«Исра» сүресінің 86-87 аяттары:

" وَلَئِن شئنا لَنَذهَبَنّ بالّذی اَوحَینا الَیکَ ثُمَّ لاتَجدُ لَکَ به ِ عَلَینا وَکیلا " ، " الا رَحمَةً مِن ربّکَ اِنَّ فَضلَهُ کانَ عَلَیکَ کَبیرًا "

Әрине қаласақ, саған уахи еткен Құранды алып алар едік. Кейін Бізге қарсы бір жар таба алмас едің. (86) Бірақ Раббыңның мәрхаметі бойынша қалдырдық. Өйткені, саған Раббыңның кеңшілігі тым зор (87).

Пайғамбарға қатысты ынталандыру және оған қатерлі екпінмен айтылған осы екі аят «пайғамбардың нобоваты мен уәһи және соңғылығы илаһи мейірімдер мен кеңшілік болып табылатын таухидтік істің жалғасы. Пайғамбардың өзінің ештеңесі жоқ. Не нәрсесі болса ол Алла тарапынан. Егер Алла қаласа оған тарту еткен нәрсені қайтарып алады. Бірақ осы аят түсірілетіндей пайғамбардың қателікке ұрынып немесе күдіке душар болмағаны анық. Алайда Алла иман иелеріне назар аударту үшін мәсихилердің хазірет Иса Мәсіх туралы артық айтушылыққа душар болғандары сынды пайғамбарға қатысты әсірешілдікке салынып, шектен шықпау үшін осындай аяттарды түсірді.  Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Нығметтердің қалуы мен түсірілуі Алланың қолында. Ондай болса өзіміздің барымызға масаттанбайық. Егер Алла қаласа бір сәтте барлығынан айрыламыз.2. Құран алдымен пайғамбарды кейін барлық адамдарды осы илаһи мейірім мен рақымға бөлеген Алланың үлкен рақымдарының бірі. 

«Исра» сүресінің 88 аяты:

" قُل لَئن ِ اجتَمَعَت ِ الانسُ وَ الجنُّ عَلی اَن یَأتوُا بمثل ِ هذَا القُرآن ِ لایاتُونَ بمثله وَلَو کانَ بَعضُهُم لبَعض ٍ ظَهيرًا "

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды” де. (88)

.Алдыңғы аятта былай деді: «Құран пайғамбардың өзінікі емес, Алла тарапынан. Егер Ол қаласа оны пайғамбардан қайтарып алады». Осы аят жалғасында былай дейді: «Кейбір қарсыластардың Құранды пайғамбарға немесе басқа адамдарға байланыстыратындықтары қалай? Адамдар ғана емес, тіпті егер жындар да адамдарға көмекке келсе де Құранға ұқсас сөз келтіре алмайды». Бұл «Құран – Жаратушының сөзі. Жындар мен адамдардың барлығы жаратылған мақұлықтар» дегенге дәлел. Егер барлық жындар мен адамдар жиналса да Құдайды жарата алады ма немесе Аллаға мұқтажсыз болатындай іс жасай алады ма?Өкінішке орай, бүгінде дүниеде ұжымдық ақыл шектен тыс қуатталып, секуляристік және зайырлы жүйелер өздерін илаһи уәһиді қажет етпейді деп  санайды. Олар ұжымдық ақыл арқылы әлемнің барлық мәселесін шешеміз деген уәж айтады. Олардың ойларынша, ұжымдық ақыл артық немесе уәһидің мөлшеріндей құнды. Сол себепті олар оны уәһиді алмастырады деп санайды. Құран Кәрім осы аятта былай дейді: «Барлық адамдардың ұжымдық ақылы ғана емес, сонымен қатар егер барлық жындарды да іске жұмылдырса, сендердің ойларың мен пікірлеріңнің жемісі ешқашан илаһи ғылымнан бастау алған уәһи сынды бола алмайды». Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Құран – илаһи мәңгілік мұғжиза. Алла үнемі қарсыластарға «Егер менің кітабым мен сөзімдей әкеле алсаңдар әкеліңдер» деген үндеу тастады. Бұл шақыру пайғамбардың заманына ғана арналған жоқ,  бүгінгі күні де жалғасуда. 2. Адамның ақылы мен ойы жеке түрде болсын, ұжымдасқан түрде болсын, илаһи уәхи мен ғылым сынды әлеуетке ие емес.