Жел 14, 2016 20:02 Asia/Almaty

Исра сүресі, 478-ші бөлім, 81-84 аяттар

«Исра» сүресінің 81 аяты:

" وَ قُل جاءَ الحقُّ وَ زَهَقَ الباطلُ انَّ الباطِلَ کانَ زَهُوقًا " 

“Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады” де (81)

.Ислам пайғамбарына қаратып айтылған осы аят оны ақиқаттың жеңісі мен жалғандықтың жойылатындығының сүйіншісін жариялауға жауапты етеді. Осы аят мүміндерге барлық қиындықтар мен тауқіметтерге қарамастан болашаққа үмітпен қарауға және жалғандықтың өзінің барлық көрінісімен соңында жоғалатындығын, оның ұзаққа созылмайтындығын, мәңгілік еместігін біліңдер деген  сүйінші хабарды жеткізеді. «Хақ» деген сөз тұрақты және мәңгілік іс деген мағынада. Себебі үнемі тұрақты әрі мәңгі – тек қана Алла. Басқа істер өзгеріс пен ауысу үстінде. Сол себепті Алланың есімдерінің бірі – Хақ. Оның тарапынан түсірілген нәрсенің барлығы хақ және баянды болады. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Хақтың ізбасарлары аз, ал жалғанның жақтастары көп болғанымен хақтың мәңгіліктігі мен жалғандықтың жойылуы – илаһи сүннет және заң. 2. Хақтың келуімен жалғандық жойылады. Хақтың жақтастары қоғамда хақ жүйесі орнауы үшін талпыныс жасаулары керек. 

«Исра» сүресінің 82 аяты:

" وَ نُنزّلُ مِنَ القُرآن ِ ما هُوَ شِفاءٌ وَ رَحمَةٌ للمؤمنینَ وَلا یَزیدُ الظّالمینَ الّا خَسارًا " 

Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі. (82).

Хақтың мәңгіліктігі мен жалғандықтың жойылатындығын қуаттаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аят хақтың айшықты дәлелдерінің біріне сілтеме жасап былай дейді:«Алла тарапынан түсірілген Құран тек хақтың ізбасарларына, яғн мүміндер үшін ғана пайдалы. Олар Құранның арқасында нұр мен жетекшіліккеие болып, сол арқылы олардың рухани дерттері жазылып, илаһи ерекше рақымға бөленеді. Бірақ қырсықтықтары мен қыңырлықтарына байланысты ақиқаттар мен құрани ағартушылықпен қарсыласатын мүшріктер мен кәпірлер және қарсыластардың рухтарының настықтары мен ластықтары артып, бұрынғыдан көбірек зиян мен зардапқа ұшырайды. Жаңбыр тың және өнімді жерлер үшін шөптердің өсуі мен қуаныш пен шаттықтың мәйегі болса, бірақ сол жаңбыр сортаң жерге жауса ол жер тікенек пен қураған шөптен басқа өнім бермейді.  Құранның шипа болуы адамның рухы мен жүрегімен шектелмейді. Рауаяттар негізі бойынша тіпті оны оқудың өзі тыныштық сыйлап немесе кейбір тән ауруларының жазылуына да себеп бола алады. Бұл бүгінде емдеу орталықтарында ғылыми түрде дәлелденген іс. Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Аллаға деген иман илаһи ерекше мейірім мен рақымға ие болуға негіз әзірлейді.2.     Кәпірлер Алланың бұйрықтарын орындамайтындықтан олардың қарсылықтары күнәларын арттырып, жазаларын ауырлатып, нәтижесінде олардың зиян-зардаптарын көбейте түседі.

«Исра» сүресінің 83 аяты:

" وَاذا اَنعَمنا عَلَی الانسان ِ اَعرَضَ وَنَئا بجانبه ِ وَاذا مَسَّهُ الشّرّ کانَ يَؤُسًا " 

Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды. Қашан оған бір сәтсіздік жетсе, мүлде күдер үзеді. (83).

Осы аят діни және илаһи тәрбие алмаған адамдардың жалпы ерекшеліктерінің біріне сілтеме жасаған. Аят былай дейді: «Нығметтердің барлығының Алла тарапынан болғандығына қарамастан, кейбір адамдардың тәкәппарлық рухтары нығметтерді Сыйлаушыны ұмытып, үстем жағдайда Алланың алдында қарсыласып тұрып, Оның бұйрықтарына бағынбауға себеп болады.   Мұндай адамдардың қиындықтарға бастары шырмалған кезде өздерінің мықты арқа сүйерлері бомағандықтан, сасқалақтап, үмітсіздік пен бойкүйездікке салынатындықтары табиғи жағдай. Бірақ иман иелері Аллаға тәуекел етіп, Оған арқа сүйеп,  ең қиын жағдайларға төтеп беріп, ешқашан болашақтан үміт үзбейді.Осы аяттан үйренетініміз:1. Адамдардың көбісі нығметтерді Аллаға тиесілі деп санап, шүкіршіл болудың орнына, қолдарындағы нәрселерді өздерінің ойы мен қабілеттері және талпыныстарының жемісі деп санап, Алланы ұмытады. Бұл сезім адамдардың көбісінде пайда болуы мүмкін. 2.Мүмкіндіктері аз адамдар бақуаттылық пен тыныштықта қапылдыққа ұрынып, қиындықтар мен тауқіметтерде үмітсіздікке душар болып, сарыуайымға салынады. 

 «Исра» сүресінің 84 аяты:

 " قُل کُلٌّ یَعمَلُ عَلی شاکلَته ِ فَرَبُّکُم اَعلمُ بمَن هُوَ اَهدی سَبیلًا " 

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі” де (84).

Осы аят адамдардың қылықтары мен істеріндегі рухани сипат пен мінез-құлықтың роліне сілтеме жасап былай дейді: «Адамдардың мінез-құлықтары мен ішкі сипаттары олардың өмірдегі әрекеттері мен қылықтарының тәсілін анықтайды. Бірақ сол мінез-құлық пен рухани сипат екі маңызды фактордың ықпалында. Біріншісі – тұқымқуалаушылық, екіншісі – тәрбие. Біріншісі отбасынан алынады. Екіншісі, ортадан (отбасы, мектеп және қоғам ортасы). Дегенмен ішкі және сыртқы екі фактордағы үстем нәрсе екеуін де жеңе алатын адамның өзінің ықтияры.  Нәтижесінде оны қалыптастырып, оның қылығын көрсететін тең күш адамның тұқымқуалаушылығы, тәрбиесі және ықтияры мен қалауы. Осы аяттан үйренетініміз:1.Адамның қылығы оның жеке тұлғасының ойы мен рухани және ахлақи ерекшеліктерінің айнасы. 2. Нас ойлар мен ниеттер және түрткілер бұрыс қылықтарға негіз дайындайды. Ондай болса, олардан бойды аулақ салу керек.