Жел 15, 2016 18:57 Asia/Almaty

Исра сүресі, 477-ші бөлім, 78-80 аяттар

«Исра» сүресінің 78 аяты:

" أَقِمِ الصَّلاَةَ لِدُلُوكِ الشَّمْسِ إِلَى غَسَقِ اللَّيْلِ و َقُرْآنَ الْفَجْرِ إِنَّ قُرْآنَ الْفَجْرِ كَانَ مَشْهُودًا " 

Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. (Бесін, екінті, ақшам және жашиық намаздары) Әрі таң намазын оқы. (Себебі) таң намазы байқалады (78).

Бес уақыт намаздың уақыттарына сілтеме жасайтын осы аят былай дейді: «Түстен бастап, оны күннің батуы деп атайтын, күн батысқа қарай бет алатын уақытта бесін намазы басталады.  Екінті намазды да қамтитын бұл уақыт түнге дейін ұласады. Аяттың жалғасы намаз уақытының соңын түннің ортасы деп атайды, яғни түн қараңғылығы шыңына жетіп, түннің зұлматы басқа уақыттың барлығынан қараңғырақ болып, жан-жақты тұмшалаған кез түн ортасы саналды.Бұл уақытқа шам және құптан намаздары да кіреді. Осы төрт намаз бір-бірімен жалғасқан. Түн ортасы болған кезде құптан намазының уақыты аяқталып, таң атқанға дейін адамға намаз оқу уәжіп емес. Таң атқан соң таң намазының уақыты болғанда мадақ пен одан кейінгі сүреде Құран аяттары оқылатындықтан "Құран әл-Фаджр" деп өзгертілген. Аяттың соңы қызық жәйтке сілтеме жасап, былай дейді: "Таң намазы байқалады". Рауаяттар негізі бойынша, бұл жердегі мақсат таң намазын түнгі және күндізгі періштелердің байқауы. Түн періштелері кетуді мақсат етсе, күндізгі періштелер келіп, екі топ та намазхандардың таң намаздарын байқайды. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Шариғат ахкамдарының өлшемі баршаға қол жетімді және жалпы халық үшін түсінікті ай мен күн сияқты табиғи істер. Бес уақыт намаз уақыттарының өлшемі күннің шығуы мен ұясына қонуы және батуы болып табылады.  2. Тақуалық міндеттердің уақыты бар. Бұл ислам дінінің адамдардың дамуы мен кемелденуі үшін бағдарламаға ие екендігін, оларға тәртіпті үйрететіндігін көрсетеді. 

"Исра" сүресінің 79 аяты:

" وَمِنَ اللَّيْلِ فَتَهَجَّدْ بِهِ نَافِلَةً لَّكَ عَسَى أَن يَبْعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامًا مَّحْمُودًا "

(Мұхаммед Ғ.С.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі. (Бұл зор шапағат орны. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) (79).

Алдыңғы аяттарда бес уақыт намаздың уақыттарын баяндаған соң осы аят исламның пайғамбарына қаратып былай дейді: "Бірақ сен пайғамбар ретінде қосымша міндетке иесің. Ол түнде ояу болу міндеті. Түннің бір бөлігінде ұйқыдан оянып, жоғары және лайық орынға жетуің үшін намаз бен Құран оқы. Бұл аяттың намаздың атауын атамай, түнде сергек болу принципін баяндағанына қарамастан, рауаяттар негізі бойынша, ондағы мақсат ұйқыдан ояну емес, тәубе, назыр және кешірім сұраумен қатар болатын намазды оқу. Аталмыш уақытта оқылатын намаз пайғамбарға уәжіп болса басқа мүміндер үшін қабылданған. Құранның «Мүззамміл» және «Мүддәссір» сынды басқа сүрелерінде түн намазына сілтеме жасалған. «Сәжде» сүресінің 17 аятында да Алла түн ортасында ғибадат етіп, намаз оқитын адамдарға олардың көзайымдары болатын жасырын сыйлардың уәдесін берді. Ол сыйлар туралы ешкім білмейді. Рауаяттарда да түн намазының да көптеген әсерлері баяндалған. Соның ішінде тән саулығы, ырзықтың артуы, күнәлардың кешірілуі және адамдар арасындағы ғиззат пен шарапат.   Алайда түн намазын оқу әркімнің несібесі бола бермейтін илаһи жетістік. Хазірет Әли (ғ) осы тұрғысында былай дейді: «Адамдардың күні бойғы күнәлары оның түн намазынан мақұрым қалуына себеп болады».  Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Жұрт ұйқыда болатын түн ортасы ғибадат жасап, Алламен оңаша қалып, жақындау үшін ең жақсы уақыт. 2. Пәни және тез өте шығатын дүниелік атақ-даңқтар мен дәрежелер емес, Алланың жанында жағымды дәреже мен деңгейдің  құны бар.  3. Даңқты деңгейге жету жолы адамның кемелденуіне себеп болатын ғибадат пен құлшылық.

«Исра» сүресінің 80 аяты:

" وَ قُل رَّبِّ أَدْخِلْنِي مُدْخَلَ صِدْقٍ وَ أَخْرِجْنِي مُخْرَجَ صِدْقٍ وَاجْعَل لِّي مِن لَّدُنكَ سُلْطَانًا نَصيرًا "

 (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым! Мені (кірер жеріме) шындықпен кіргіз де (шығар жерімнен) шындықпен шығар. Әрі маған өз қасыңнан жеңіс көмек ет” де. (80)

Бұл аят исламдық маңызды дәстүрлердің біріне, яғни шыншылдыққа сілтеме жасап былай дейді: «Барлық істерді бастау және орындау сондай-ақ барлық бағдарламалардың өзегі мен өлшемі рас әрі дұрыс болуы керек. Егер солай болса, Алла да жәрдемдеседі. Адам қиындықтарды жеңіп, мақсаты мен мұратына жетеді. Жұмыстың басталуы мен орындалуы шындық және риясыз, әрі кез келген екіжүзділік пен өзін-өзі көрсетушіліктен ада болуы керек. Осы пәк ниеттің істің соңына дейін жалғасуы да лазым. Шынайы ықыласпен басталып, жұмыс барысында немесе оның соңында адам менмендікке, міндетуге салынып, оның барлық берекесі жойылатындығы кездеседі.  Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз:1. Үнемі ойымыз бен амалымыздың тазалануы мен екіжүзділік пен алауыздықтан аулақ болу үшін Алланың дәргаһынан дұға етіп, Одан жәрдем сұрайық. 2. Жұмыстың басталуына қуанбайық, керісінше теріс салдарға кіріптар болмауымыз үшін бізді әрбір істің соңының жақсы болуы алаңдатуы керек.