Жел 15, 2016 19:01 Asia/Almaty

Исра сүресі, 475-ші бөлім, 71-73 аяттар

«Исра» сүресінің 71 аяты:

" يَوْمَ نَدْعُوا كُلَّ أُنَاس ٍ بامامهم فَمَنْ أُوتِيَ كِتابَهُ بيمينهِ فَأُولَئِكَ يَقْرَؤنَ كتابَهُم وَلاَ يُظْلَمُونَ فَتيلا ً "

(Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне солар (қуанышпен, басшыларымен), кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды. (71)

Әрбір адам ой және әлеуметтік істер бойынша бір басшыны таңдап, соны өзіне үлгі тұтып, өмір істерінде соңынан ілеседі. Құран осы аятта былай дейді: «Адамдар қияметте де сол басшыларымен жиналады. Себебі, ақырет осы дүниедегі өмірдің нақты түрдегі көрінісі. Егер оның ойының жетекшісі нұр мен жетекшіліктің имамы болса, оның да құтқарылатын және жәннәттық болғаны. Егер  оның жетекшісі бұзық, адасқан адам болса ол да қияметте тозақтық болады. Аяттың жалғасы былай дейді: «Қиямет сотында илаһи әділет негізі бойынша төрелік жасалады.  Ешбір адам иненің ұшындай да әділетсіздікке ұшырамайды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қоғамдық немесе идеялық жетекшілердің соңынан ерудің нәтижесі қияметке дейін жалғасады. Қияметте адамдарды олардың жетекшілерінің негізі бойынша бөледі.2. Имамат пен жетекшілік адамның өмірлік мәтінінде қарастырылған. Бұл мәңгілік бақыт немесе бақытсыздыққа негіз қалайды.

 «Исра» сүресінің 72 аяты:

  " وَمَن كَانَ في هَذِهِ أَعْمى فَهُوَ فِي الآخِرَةِ أَعْمَى وَ أَضَلُّ سَبيلا "

Бұл дүниеде шындықты көрмегендер ақиретте де соқыр әрі жолдан адасқан болды. (72)

Алдыңғы аят жетекшінің адамның ақыреттік бақыты немесе бақытсыздығындағы ролін баяндады. Осы аят соның жалғасында адамның бақыты мен бақытсыздығының ішкі факторына сілтеме жасап, былай дейді: «Жетекшінің сыртқы бір фактор ретінде адамның тағдырына әсер ететіндігі сынды пәк және хақты қабылдайтын жүрек немесе керісінше хаққа қатысты таза емес түсініктен кенде жүрек те адамның өмірінде осындай рол атқарады. Сол себепті, адамның қияметте өзінің осы дүниедегі жетекшілерімен жиналатындығы сынды, егер ол осы дүниеде ақылсыз болса қияметте де соқыр, адасқан күйде жиналады. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қиямет – біздің дүниелік істеріміздің көрінісі. Осы дүниеде не ексек, қияметте соны орамыз.  2. Осы дүниедегі түсінімпаздық ақыреттегі түсінімпаздыққа жеткізеді. Осы дүниедегі ақылсыздық қияметтегі адасушылық пен түсінбестікке себеп болады. 

«Исра» сүресінің 73 аяты:

" وَإِن كَادُوا لَيَفْتِنُونَكَ عَنِ الَّذِي أَوْحَينا إِلَيكَ لِتفترِيَ عَلَينا غَيرَهُ وَإِذًا لاَّتَّخَذُوكَ خَليلا ً "

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, саған уахи еткенімізден басқа нәрсені бізге жала жапсыртып бұзуға жақындады. Сол уақытта олар сені дос тұтады. (73)

Пайғамбарлардың ерекшеліктерінің бірі олардың пәктік деңгейге ие екендіктері. Алла өз сөзін дұрыс және кәміл түрде құлдарының құлағына жеткізу үшін пайғамбарларды кез келген қателік пен  күнәдан сақтады. Бұл пайғамбарлар сөзде қателікке душар болмай, Алла оларға уәхи еткен нәрседен басқа ешнәрсені адамдарға жеткізбей, әрекетте де олар адамдардың сенімдерінен шықпаулары үшін қателікке ұрынып, күнәға батпау мақсатында жасалды. Осы аят былай дейді: «Мүшріктер өздерінің қитұрқы сөздері немесе жалған уәделерімен пайғамбарды адамдарды Алла тарапына шақырудан бөгемек болды. Тарихта айтылғандай, Меккенің үлкендері пайғамбарға кісілер салып: «Егер мал-мүлік керек болса, қанша қаласаң соншалықты береміз. Егер сұлу әйелдер керек болса, оларды да береміз. Бірақ адамдарды өзіңнің дініңе шақырудан бас тарт» деген болатын. Пайғамбар оларға жауап беріп: «Құдаймен ант етемін. Егер бір қолымма күнді, екінші қолыма айды қондырсаңдар да өзімінің ресалатымнан бас тартпаймын» деген болатын.   23 жылдық пайғамбарлық кезеңде де пайғамбар Меккеде болсын немесе сол хазірет Мединеде билік еткенде болсын, мүшріктер әртүрлі қалыпта: алдап болсын, қоқан-лоққы түрінде болсын хазіретті өзінің ресалатын жүзеге асырудан бас тартқызбақ болды.  Бірақ хазірет бір қадам да кейін шегінбей, бір сәт те сол жолда аянып қалған жоқ. Осы аят та былай дейді: «Мүшріктер бітім жасап, достасу арқылы сені (пайғамбар) алдап, Алланың жолынан қапыл қалдыруға көп талпыныс жасады. Бірақ Құдай сені олардың айла-шарғыларынан сақтап, олардың азғырушылықтарының саған әсер етуіне рұқсат бермеді». Осы аяттан үйренетініміз:1. Исламдық қоғамның басшылары ояу әрі қырағы болулары керек. Дұшпандардың сырттай достық жобаларымен ислам мен мұсылмандарды әлсіретуді көздейтіндігін білулері керек.2. Адамның діни ақидалары мен ахлақтық құндылықтарының әлсіреуіне себеп болатын кез келген достық Құран көзқарасы тұрғысынан қабылданбайды, керісінше айыпталады.