Исра сүресі, 473-ші бөлім, 64-67 аяттар
Исра сүресі, 473-ші бөлім, 64-67 аяттар
«Исра» сүресінің 64 аяты:
" وَاستَفزِزْ مَن ِ استطَعْتَ مِنهُمْ بصَوتِكَ وَ اَجلِبْ عَلَيهِم بخَيلِكَ وَ رَجلِكَ وَ شَارِكهُمْ فِي الأَمْوَال ِ وَالأَولاد ِ وَ عِدهُمْ وَ ما يَعِدُهُمُ الشَّيطَانُ إِلا غُرُورًا "
(Ей, шайтан!) “Олардан шамаң келгенін даусыңмен әуліктір. Және оларға атты, жаяу түрде келіп, байбаламдап, дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына, балаларына (арамдық араластырып) ортақ бол. Оларға жалған уәде бер ”. (Уа, құлдар!) Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды (64).
Алдыңғы аятта Ібілістің Адамға сәжде жаса деген бұйрыққа бағынбауына байланысты Алла оны өзінің дәргаһынан қуып жібергенде ол Алладан қияметке дейін өзіне мұрсат беруді сұрағанын,Алла да оған мұрсат беріп, бірақ Адам мен оның ұрпағына шайтанның азғыруына түсіп қалмауға ескерту жасағанын айттық. Осы аят алдыңғы аяттардың жалғасында былай дейді: «Ібіліс адамды алдау үшін үнемі бір жолдан ғана енбей, әр түрлі құралдарды пайдаланады. Шайтандар айғайлап, құлақты тұндыратын жарнамаларды пайдаланады. Әскери күштердің жаяу-жалпысы мен аттысы бардай жын-шайтандар да адамға әртүрлі мүмкіндіктер мен құрал-жабдықтар арқылы шабуыл жасап, әртүрлі азғырулар мен жалған уәделер арқылы адамды тура жолдан бұрып, тайдыруды көздейді. Харам жолмен мал табу, ерлер мен әйелдердің арасында заңсыз байланыс орнату, қоғамда некесіз перзенттердің көбеюіне соқтыратын бейбастақтық пен жезөкшелікті тарату осының барлығы шайттанның бағдарламалары болып табылады. Дегенмен, Құдай сан рет адамға шайтанның қатерін ескертіп, оны адамның негізгі дұшпаны деп таныстырды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Дұшпанның жарнамалық және мәдени шабуылы әскери шабуылдан алдыда болады. Осы аятта «дыбыс» сөзі «аттылар» сөзінен бірінші келген. 2. Алдау – шайтанның әдісі. Шайтан бір жақтан адамды күнә жасаға ынталандырады. Басқа жақтан жалған уәделер арқылы оның тәубеге келуін кешеуілдетеді.
«Исра» сүресінің 65 аяты:
" إِنَّ عِبادي لَيسَ لَكَ عَلَيْهِمْ سُلطَانٌ وَكَفَى بِرَبِّكَ وَكيلا "“
Шынайы құлдарым (ерекше және пәк) болса, оларға ықпалың жүрмейді. Пәруәрдігеріңнің қолдауы мен қорғауы (олар үшін) жеткілікті (65).
Шайтанның қатері өте шынайы болғандықтан, Құдай осы аятта өзінің пәк және адал құлдарына шайтан оларға үстемдік етпейінше, оларды бұрмалайтын мүмкіндікке ие еместігін сүйіншілейді. Себебі олар илаһи қолдау мен уәкілдікке ие. Осы ерекше құлдардың илаһи пайғамбарлар мен әулиелерден басталатындығы және иман мен ғамалда тұрақты әрбір мүмін адамды қамтитындығы айқын. Нахыл сүресінің 99 аятында айтылғандай, ( إِنَّهُ لَيْسَ لَهُ سُلْطَانٌ عَلَى الَّذِينَ آمَنُواْ وَ عَلَى رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ )«Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды». (99)Сондай-ақ, Алла «Ағраф» сүресінің 201 аятында былай дейді: «Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді». (201) ( إِنَّ الَّذِينَ اتَّقَواْ إِذَا مَسَّهُمْ طَائِفٌ مِّنَ الشَّيْطَان ِ تَذَكَّرُواْ فإِذَا هُم مُبْصِرُونَ )Осы аяттан үйренетініміз:1. Ғибадат пен Аллаға құлшылық ету адамды шайтанның азғыруларынан сақтандырып, оның әсер етуінің алдын алады. 2. Құдай өзінің пәк құлдарына қолдау көрсетіп, олардың істеріне жауапты болатындығына уәде берген.
«Исра» сүресінің 66-67 аяттары:
" رَّبُّكُمُ الَّذِي يُزْجِي لَكُمُ الْفلكَ في الْبَحْر ِ لِتبتغُوا مِن فَضلِهِ إِنَّهُ كَانَ بكُمْ رَحيمًا " ، " وَإِذَا مَسَّكُمُ الْضُّرُّ فِي الْبَحْر ِ ضَلَّ مَن تَدْعُونَ إِلا إِيَّاهُ فَلَمَّا نَجَّاكُمْ إِلَى البَرِّ اَعْرَضتُمْ وَ كَانَ الإِنْسَانُ كَفُورا ً "
Раббыларың сондай Алла; өзінің кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін теңізде кеме жүргізеді. Өйткені, Ол, сендерге өте мейірімді. (66) Сендер теңізде бір қиыншылыққа душар болған сәтте, Алладан басқа сиынғандарың жоқ болады. (Одан басқаның барлығын ұмытасыңдар) Ал енді сендерді құтқарып, қырға шығарса, жалт бересіңдер. Негізінде адам баласы тым шүкірсіз. (67)
Осы аяттарда Құран илаһи үлкен нығметтердің бірін, яғни байланыстық және тасымалдық ең үлкен жол болып табылатын, сондай-ақ адам үшін тағамдық үлкен қор сол жерде орналасқан теңіздерді санамалап, былай дейді: «Осынау илаһи мейірім мен жақсылықтарға қарамастан адам бәрібір шүкірсіз. Теңізде дауылға немесе басқа оқиғаға душар болғанда ол Құдайды шақырады. Бірақ Алла оны құтқарып, жағалауға шығарған кезде Алланы ұмытып, өзінің нәпсілік тілектерінің соңынан кетеді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Илаһи мейірім мен рақым – мәңгілік. Құрлық пен теңіз – мұның екеуі де илаһи нығмет әрі адамның ырзыққа қол жеткізуі үшін талпыныс жасайтын негіз.2. Қауіп-қатерлер мен оқиғалар қапылдықтың перделерін ашып, адамды шынайы Құдай мен әлемнің Пәруәрдігеріне көңіл аудартады. Бұл табиғи құдайтану болып табылады.