Жел 15, 2016 19:06 Asia/Almaty

Исра сүресі, 472-ші бөлім, 60-63 аяттар

«Исра» сүресінің 60 аяты:

" وَ إِذ قُلنا لَكَ إِنَّ رَبَّكَ أَحاطَ بالنّاس ِ وَ ما جَعَلنَا الرّؤيا الَّتي اَرَيناكَ إِلاّ فِتنَةً لِلنّاس ِ وَ الشَّجَرَةَ الْمَلْعُونَةََ فِي الْقُرْآن ِ وَ نُخَوِّفُهُمْ فَما يَزيدُهُمْ إِلاّ طُغْيانا ً كَبيرا ً

"(Мұхаммед Ғ.С. ) бір кезде саған: “Негізінде Раббың адамдарды баураған” деген едік. Саған миғражда біз көрсеткенді (Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) және Құрандағы қарғалған ағашты (44-С.43-А.) адамдарға бір сынақ қылдық. (Өйткені, миғраж уақиғасына да тозақтағы заққұм ағашына да сенбеген.) Оларды қорқытуымыз зор қателесуді ғана арттырады (60).

Осы аяттың басында исламның пайғамбары мен мүміндерді жұбатып: «Дұшпандардың сендердің хақ сөздеріңнің алдында қырсығулары мен қыңырлық танытулары соны іс емес. Алла Тағала да ол жайында толығымен хабардар. Сондықтан дер уақытында олардың жауабын береді» деді. Аят жалғасында пайғамбарға адамдар үшін сынақтың мәйегі болған түске сілтеме жасайды. Құранда пайғамбарға екі түс баяндалды: біріншісі, Бадр соғысы қарсаңында, келесісі Меккенің жеңісі және әл-Харам мешітіне енуге қатысты. Бірақ ол түс Мединеде болса, мына түс Меккеде орын алды. Себебі «Исра» сүресі Меккеде түскен. Басқа жақтан, аяттың жалғасы Құранның басқа аяттарында оны «жиіркенішті ағаш» деп атаған қарғалаған ағашқа сілтеме жасайды.  Яғни қауым мен әулеттің ағаш сияқты тамыры мен бұтақтары бар. Бірақ олардан пасықтық пен жиіркеніштен басқа ештеңе шықпай, олар үнемі қарғыс пен лағынетке ұшырайды. Сүннит және шиіт ғалымдарынан қалған танымал рауаяттарда пайғамбардың түсінде оның мінберінен маймылдардың жоғары шығып бара жатқанын көріп, қатты қапаланып, алаңдағаны жеткен. Жебірейілден оның жоруын сұрағанда ол Бани Омейяд пайғамбар халифатының билігін алады деген. Тарих та Бани Омеяд билігінің сол әулеттің мың ай үкіметі кезінде бүлік болғандығын жақсы көрсетеді.Әсіресе Бани Омеяд арасында бәрінен көбірек бүлік шығарған, Кербала оқиғасын тудырған Язид Бен Муавие болды. Ол Хосейн Бен Әлиді өлтіру арқылы тарихтағы ең үлкен бүлікті жасады. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Алла кейде түс арқылы пайғамбарлар немесе өзінің әулиелеріне ақиқаттарды білдіреді.   2.    Қорқыныш пен ескерту тіпті егер Алла тарапынан және Оның пәк пайғамбарының тілінен айтылса да пәк емес адамдардың жүректеріне әсер етпейді. Керісінше олардың реакциясын тудырып, көбірек бүлік жасауларына себеп болады.

«Исра» сүресінің 61 аяты:

" وَ إِذْ قُلنا لِلْمَلائِكَة ِ اسجُدُوا لآِدَمَ فَسَجَدُوا إِلاّ إِبليسَ قالَ اَ اَسْجُدُ لِمَنْ خَلَقْتَ طينا ً "

Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар!”,-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай: “Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?”,-деді. (61).

Алдыңғы аяттағы қарғыс етілген ағашқа жасалған сілтеменің жалғасында осы аят былай дейді: «Алланың бұйрығының алдындағы тәкәппарлық пен бас тартушылықтың толық үлгісі әу бастан Алланың бұйрығынан бас тартып, қабылдамаған шайтан» дейді. Тарихтағы барлық бүлікшілердің ортақ белгісі олардың басқаларды кемсітіп, қорлауы болып табылады. Шайтан да өзін Адамның алдында артық санап, кемсіткен түрде: «Топырақтан жаратылған мақұлыққа сәжде жасаймын ба?» деді. Бүгін де басшылар мен үстемшілдер өздерін қарапайым адамдардан артық санайды. Діни жетекшілердің әдет-қылықтары болып табылатын адамдардың алдында қарапайым болудың орнына олар үнемі өздерін артық және жоғары санайды.  Осы аяттан үйренетініміз:1. Алланың бұйрығына бағыну періштелік рухтың нышаны. Алланың бұйрығы алдында сылтау іздеп, бас тарту шайтани рухтың нышаны. 2. Ібілістің өзін артық санап, қызғаныш білдіруі адамның топырақтан жаратылуына көңіл аударуға, оның илаһи рухын көрмеуіне себеп болды. 

«Исра» сүресінің 62-63 аяттары:

" قالَ اَرَاَيتكَ هذَا الَّذي كَرَّمْتَ عَلَيَّ لَئِنْ اَخَّرْتَن ِ إِلى يَوْم ِ الْقِيامَةِ لا َحتَنِكَنَّ ذُرِّيَّتَهُ إِلاّ قَليلا ً " ، " قالَ اذْهَبْ فَمَنْ تَبعَكَ مِنهُمْ فَاِنَّ جَهَنَّمَ جَزاؤُكُمْ جَزاءً مَوْفُورا ً "І

біліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасын қырыма бір аламын” деді. (62) (Алла): “ Кет! Енді олардан кім саған ерсе, сонда рас жазаларың жаћаннам болады. Толық бір жаза ” деді. (63)

Ібіліс Адамға сәжде етпегені үшін илаһи дәргаһтан қуылғанын көрген кезде: «Егер мұрсатым болса, оның ұрпағы мен тұқымын қияметке дейін адастырып, көздерін құртуға тырысамын. Азағантайына ғана бақталас бола алмаймын» деді.  Бірақ Алла да адамның кемелдігі мен дамуын оның қалауы мен еркі бойынша өзінің хикметінің негізінде қалыптастырып, сынақтарды сол дамудың негізі бойынша деп санап, Ібілістің сұрағанын қабылдап: «Сенің жолыңмен жүріп, сенің ізбасарың болған кімде-кім сен сияқты тозақтық болады» деді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Шайтан адам мен адам баласының тарих бойындағы ант ішкен дұшпаны болды. Ондай болса абай болайық. 2.Адамдардың көбісі азды-көпті шайтанның азығруыларына түседі. адам шайтанның зиянынан аман Тек аз ғана топ бар. 3.Адам Алланың әмірін немес шайтанның азғыруын қабылдауда еркін. Шайтанның азғырулары адамды еріктен айырмайды.