Жел 15, 2016 19:08 Asia/Almaty

Исра сүресі, 471-ші бөлім, 56-59 аяттар

«Исра» сүресінің 56 аяты:

" قُلِ ادْعُوا الَّذينَ زَعَمْتُمْ مِنْ دُونِهِ فَلا يَملِكُونَ كَشفَ الضُّرِّ عَنْكُمْ وَ لا تَحويلا ً "

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Алладан өзге (тәңір деп) ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың қиыншылықтарыңды айықтыруға, сендерден бұрып, жіберуге шамалары келмейді” де. (56)

Нағыз мүміндердің белгілерінің бірі олардың қиындықтар мен мәселелерде Аллаға тәуекел етулерінде. Керісінше кәпірлер мен мүшріктер немесе тіпті имандары әлсіз адамдар басқа адамдар мен жансыз заттар және жануарларды ерекше қасиетті деп санап, өздерінің қиындықтарын солар шеше алады деп ойлайды. Сол себепті Алланың орнына соларға барып, солардан өздерінің өмірлерінің жағдайын өзгертуді күтеді. Осы аят барлық адамдардың жалғыз әрі құдіретті Алладан басқа ешкімнің де ешнәрсенің де өздерінің күштерінің жоқ екендігін, Оның қалауы мен жігерінсіз ешкімнің зиян келтіре алмайтынын немесе зиянды жоя алмайтынын білуі үшін айтылған ескерту. Осы аяттан үйренетініміз:Алладан басқадан үміт күту мүшрік адамдар соған шырмалатын бос қиял. Тек Ұлы Алланың ғана қиындықтарды шешуге күші жетеді. Бірақ Алланы пайғамбарлары да Алланың рұқсатымен мұндай істерді жасай алады. 

«Исра» сүресінің 57 аяты:

" اولئِكَ الَّذينَ يَدْعُونَ يَبتَغُونَ إِلى رَبِّهِمُ الوَسيلَةَ اَيُُّهُم أَقرَبُ وَ يَرْجُونَ رَحمَتَهُ وَ يَخافُونَ عَذابَهُ إِنَّ عَذابَ ربّكَ كانَ مَحذورا ً "

Олардың сиынғандары (періштелер, пайғамбарлар, жындар. К. Б.Ж.М.Р. ) Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. (5-С. 35-А.) Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті. (57)

Әсілі, бұл аят хазірет Исаны Алланың перзенті деп санап, соған табынатын мәсихилерге сілтеме жасайды. Алла осы аятта былай дейді: «Құдайдың орнына соны шақыратын сол Исаның өзі Аллаға неғұрлым көбірек жақындайтын, өзін Аллаға жақындататын жолды іздеуде. Ол да илаһи мейірімнен үміт етіп, Оның азабынан қорқады. Ондай болса неліктен оны Құдай деп санайсыңдар?»Осы аяттан үйренетініміз:Аллаға жақындайтын көптеген жолдар мен тәсілдер бар. Солардың ең жақынын таңдау керек.Алланың рақымы қашанда Оның ашу-ызасынан озық болады. Сол себепті азап қаупінен гөрі көбірек Оның рақымнан үміт күту керек.

«Исра» сүресінің 58 аяты:

"وَ إِن مِنْ قَريَةٍ إِلا نَحْنُ مُهْلِكُوها قَبلَ يَومِِ الْقِيامَةِ أَو مُعَذِّبُوها عَذابا ً شَديدا ً كانَ ذلِكَ فِي الْكِتابِ مَسطُورا ً "

Біз қиямет күнінен бұрын жоқ етпеген немесе қатты азапқа ұшыратпаған ешбір кент болмас. Бұлар Кітапта (Лаухыл Махфұзда ) жазулы. (58)

Құрани аяттар негізі бойынша дүниедегі тіршілік – пәни. Осы жер материгіндегі өмір – шектеулі және аяқталатын өмір. Сондықтан аяттың басында былай дейді: «Қияметтен бұрын жердің астаң-кестеңі шығарылып, адамдардың барлығы өледі. Бұл барлық аймақтар үшін». Бірақ күнә мен бейбастақтық, арсыздық жайлаған кейбір жерлер болса ақыр заманның алдында да илаһи қаһар мен жаза сол аймақ пен оның тұрғындарын қамтып, олардың көздерінің жойылуына себеп болады. Мұның барлығы Алла мен Оның ғылымының жанында анық әрі белгілі. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Дүниенің тіршілігі ешкім үшін және әлемнің еш жерінде мәңгілік әрі баянды емес.2.    Жаратылыс жүйесінің аяқталуы бір күтпеген оқиғаның нәтижесі емес, Алланың даналығы мен қалауының негізі бойынша болатын іс. 

«Исра» сүресінің 59 аяты:

" وَ ما مَنَعَنا أَن نُرسِلَ بالآْياتِ إِلاّ اَنْ كَذَّبَ بهَا الأَوَّلُونَ وَ آتَيْنا ثَمُودَ النّاقَةَ مُبْصِرَةً فَظَلَمُوا بها وَ ما نُرْسِلُ بالآياتِ إِلا تَخويفا ً "

Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз. (59)

Құранның басқа аяттарында да келтірілгендей, кәпірлер мен мүшріктер пайғамбардан көп рет мұғжиза келтіруді сұраған. Соның ішінде оар Меккенің кейбір тауларын алтынға айналдыруды талап еткен. Алла осы аятта былай дейді: «Қырсық адамдар сол белгілерді көріп те иман келтірмейді. Егер мұғжиза адамдардың ұсынысымен орын алса олар оны да теріске шығарып, өздері осы дүниеде қаһар мен жазаға  ұшырайды». Хазірет Салехтің түйесі адамдардың қалауымен болғанда осындай оқиға орын алып, түйені өлтіргені үшін Самуд қауымының көзі жойылды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Алланың қолынан бәрі келеді. Бірақ ісі адамдардың талап-тілектері бойынша емес, хикмет негізі бойынша.2. Қасиеттіліктер мен илаһи мұғжизаларды қорлау осы дүниеде жазаға душар етеді