Исра сүресі, 469-шы бөлім, 49-52 аяттар
Исра сүресі, 469-шы бөлім, 49-52 аяттар
«Исра» сүресінің 49 аяты:
" وَ قالوا أ اذا کنّا عِظاما ً وَ رُفاتا ً ءَ انّا لَمَبعُوثونَ خَلقا ً جَدیدا ً "
Олар: “Біз сүйектер және қоқыс болған кезде жаңа бір жаратылыспен қайта тірілеміз бе? ”,-деді . (49)
Өткен бағдарламаларда қарсыластардың исламның пайғамбары мен сол хазіреттің ресалаты туралы жөнсіз және қисынсыз сөздері айтылды. Алла Тағала пайғамбарын қорғау түрінде жала жабушылықтар мен қорлау сөздерге қарсы былай деді: «Олардың көздері хақты көруден, құлақтары ақиқатты естуге кедергі болған қырсықтық пен қыңырлыққа душар болған». Осы аят былай дейді: «Олар тек қана пайғамбарлық пен ресалат туралы ғана емес, сондай-ақ қиямет туралы да сауал қойып, қауесеттер тарату арқылы адамдарды күмән мен күдікке душар етеді. Шын мәнінде олардың қиямет пен оның орын алуының мүмкін екендігін теріске шығаратын ешқандай дәлелдері жоқ. Бұл аятта ғана емес, сонымен қатар Құран Кәрімнің басқа да аяттарында қияметті теріске шығарушылар тарапынан ешбір дәлелдер келтірілмеген. Олардың қолдарынан келетіндері таңданыс білдіру, сауал тудыру және мүмкін емес деп айту ғана. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қисынды және Алланың пайғамбарларының сөздеріне қарсы қарсыластар да үнемі сауалдар мен күмәндер тудырып, адамдардың ойлары мен сенімдерін әлсіретуді көздейді. 2. Аспандық діндердің қарсыластары адамның өмірі материалды және пәни дүниемен шектеледі деп санап, адамның мәңгілік тіршілігін түсінуге шамалары келмейді.
«Исра» сүресінің 50-51 аяттары:
" قُل کونوا حجارَة ً اَو حَدیدا ً " ، " اَو خَلقا ًممّا یَکبُرُ فی صُدورِکُم فَسَیَقُولونَ مَن یُعیدُنا قُل ِ الّذی فَطَرَکُم اوّل مَرّة ٍ فَسَیُنغضُونَ الیکَ رُؤُسَهُم وَ یقولونَ مَتی هُوَ قل عَسی اَن یکونَ قَریبا ً "
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Тас немесе темір болыңдар” де (50) “Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. (Қайта тірілтілесіңдер.) ”Сонда олар: “Бізді кім қайта тірілтеді?”,-дейді. Сендерді алғаш рет Жаратушы де. Ондай болса жақында өздерінің бастарын (таңданыс пен теріске шығарудан) сен жаққа изеп, ол күн қашан болады деп сұрайды. “Жақында болатын шығар” де. (51)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Өліп, шіріп, топыраққа айналған адам қайтіп қайтадан тіріледі?» дегендер бұрын да өздерінің топырақ болғандарын, Алланың оларды жаратқандарын ұмытып қалды ма? Мұндай сауалдарымен олар Алланың құдіретіне шәк келтіре ме? Қурап, топыраққа айналған сүйек жеңіл. Егер тас пен темір болсаңдар да өмірдің киімін үстеріне қайта кигізу Алла Тағаланың қолынан келеді». Тас пен темірдің қаттырақ әрі тіршіліктен алыс екендігін айтқан жөн. Бұл тәпсір әлемнің барлық жаратылысының топырақ сынды кейбіреуінің жақынырақ кезеңде, ал тас пен темір сынды кейбіреулерінің алысырақ кезеңде болғандарына қарамастан тірі мақұлықтарға айналу қабілетіне ие екендіктерін көрсетеді. Қияметті теріске шығарушылардың сауалдарының бірі «Қиямет қашан болады?» деген сауал. Құран осы және басқа да аяттарда «Алладан басқа ешкім оның уақытын білмейді. Бірақ қияметтің болатын уақытын білмеу оның негізіне нұқсан келтірмейтіндігі белгілі. Ешкімнің қашан өлетіндігін білмейтіндігі, бірақ ешкімнің бір күні өлетіндігіне күмәні жоқ сияқты» деп жауап береді. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1. Топырақ – өмірдің негізі. Егер адам өлген соң тіршілік мүмкіндігі оларда азырақ тас пен темірге айналса да оны қайтадан тірілту Алла үшін қиын іс емес. 2. Қарсыластардың мүміндердің қиясындары мен дәлелдері алдындағы тәсілі оларды келеке етіп, сенбейтіндіктері. Себебі олардың өздерінің уәждерін дәлелдейтін дәлелдері жоқ.
«Исра» сүресінің 52 аяты:
" یَومَ یَدعُوکُم فتَستَجیبونَ بحَمدِهِ وَ تظنّونَ اِن لبثتم اِلا قَلیلا ً "
Сендерді шақырған күні Оны дәріптей қабылдап, (қабырда) аз ғана жаттық деп ойлайсыңдар. (52)
Осы аят кәпірлер мен мүшріктерге берген жауаптың жалғасында былай дейді: «Сендер теріске шығарған сол күн жақында келіп, сендер барлықтарың қабірден бас көтересіңдер. Алла сендерді қайтадан тірілтіп, қайта өмір сыйлағаны үшін Аллаға шүкір айтып, Оған алғыс айтасыңдар. Бүгін өте алыс және мүмкін емес деп санайтын нәрсенің алыс болмағанын, сендердің өлімдерің мен қияметтің арасында қысқа ғана уақыттың өткенін көресіңдер». Сол күні адам осы өмірдегі өмір мен барзақ кезеңі қаншалықты ұзақ болғанымен ана дүниедегі мәңгілік өмірдің жанында тез өте шыққан сәттер ғана болғанын түсінеді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қиямет – Адамнан бастап оның соңғы перзентіне дейін барлық адам жалпы шақырылатын күн.2. Адамның ақырет өміріне кіруімен дүниелік тіршілік пен содан кейінгі барзақ кезеңі адам үшін өте қысқа әрі ештеңе емес болып көрінеді.