Жел 15, 2016 19:14 Asia/Almaty

Исра сүресі, 468-ші бөлім, 45-48 аяттар

«Исра» сүресінің 45-46 аяттары:

" و اذا قرأتَ القرآنَ جَعَلنا بَینکَ و بَینَ الذینَ لا یؤمنونَ بالاخرة ِ حِجابا ً مَستُورا ً " ، " وَجَعَلنا عَلی قُلوبهم اَکنّة ً اَن یَفقهوهُ وَ فی آذانهم وَقرًا وَ اذا ذَکرتَ رَبّکَ فی القُرآن ِ وَحدَهُ وَلّوا عَلی َادبارهِم نُفُورا ً "

(Мұхаммед Ғ.С.) сен қашан Құран оқысаң сенімен ахиретке сенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз (45). Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алған кезінде олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді. (46)

Алла осы аяттарда ислам пайғамбарына қаратып былай дейді: «Мүшріктер мен қияметті қабылдағысы келмейтін адамдар Құранның ақиқаттарын түсінуден мақұрым қалған. Сол себепті сен Пәруәрігерді «жалғыз» деп сипаттаған кезде шеркке шырмалған олар сенен қашып, құрани ағартушылықты түсініп, ұғынуды айтпағанның өзінде, тіпті Құранның ақиқаттарын естуді де қаламайды. Басқаша айтқанда, қияметті теріске шығару діннің басқа да принциптерін, яғни таухид пен пайғамбарлықты да теріске шығаруға себеп болады. Сондықтан Алланың сөзі, яғни Құран Кәрім мұндай адамдар үшін ауыр әрі қиын. Құран мен олардың арасында көзге көрінбейтін перде тұрғандай олар ақиқаттарды көріп, есту қабілетінен кенде болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Егер адам теріске шығаратын деңгейде болса жетекшілік қабілетінен қағылады. Сол себепті Алланың сөзі Алланың елшісінің аузынан айтылса да оған әсер етпейді. 2. Руханилық пен Құрани ақиқаттарды түсінуден мақұрым қалу қырсық адамдар үшін Алланың қаһары мен жазасының бір түрі болып есептеледі.  3. Мүшріктердің Алланың бар екендігіне сенгендеріне қарамастан, олардың қияметті жоққа шығарып, шеркке сенім білдірулеріне байланысты олар іс жүзінде Алланың сөзі мен жолдауын қабылдамады. 

«Исра» сүресінің 47 аяты:

" نَحنُ اعلمُ بما یَستمِعونَ به ِ اذ یَستمِعونَ الیکَ وَ اذهُم نَجوی اذ یَقولُ الظّالموُنَ ان تتّبعونَ الا رَجُلا ً مَسحُورا ً "

Біз олар сені тыңдағанда, қайтып тыңдағандарын және өзара сыбырласқанда залымдардың: “Сендер, жадыланған біреуге ғана ілесесіңдер” дегендіктерін жақсы білеміз. (47)

Осы аятта күпіршіліктің жетекшілері мен дінсіздердің басшыларының сөздері мен қылықтарына сілтеме жасалып, былай дейді: «Құран оқылған кезде олар кей-кейде оны тыңдайды. Бірақ қырсықтық пен қыңырлықтарына бола өздері де қабылдамай, басқаларға да Құранды естуге тыйым салады. Олар пайғамбарды өзінің сөздерімен адамдарды сиқырлап, жадылап алған сиқыршы деп таныстырады.  Осы аяттан үйренетініміз:1. Алла баршаның ішіндегіден хабардар. Одан ештеңе жасырын қалмайды. Ол баршаның мақсат-мүддесін біледі. 2. Діннің дұшпандары жала мен қорлау сөздері арқылы илаһи пайғамбарлардың абыройларына нұқсан келтіргілері келеді. Бірақ илаһи пайғамбарлар кейін шегінбей, барлық нәрсенің Алланың бақылауында екендігін білулері керек.

 «Исра» сүресінің 48 аяты:

" اُنظُر کیفَ ضَربوُا لکَ الامثالَ فضَلّوا فَلایَستطیعونَ سَبیلا ً "

Қара! Олар қандай мысалдар берді. (Ақын, сиқыршы, бақсы, жынды деді.) Олар сөйтіп адасты. Олар енді жол таба алмайды. (48)

Осы аят алдыңғы аяттардың жалғасында пайғамбарды жұбатып, былай дейді: «Олар сені сиқыршы немесе жынды деп атап, сені сондайларға теңегендерімен, саған соққы берудің орнына өздері адасушылыққа ұрынып, ақиқатты түсінуден қапы қалады». Қарсыластар бос сөз сөйлеп, пайғамбарды әркімге жөнсіз байланыстырумен ештеңеге жетпейтіндерін, ақиқаттың жалған сөзбен жасырын қалып, жойылатын нәрсе емес екендіктерін білулері керек. Осы аяттан үйренетініміз:1. Құранның аяттары мен илаһи тұлғалармен қарсыласудағы дұшпандық тәсілдердің бірі олардың мақал-мәтелдер мен тәмсілдер және теңеулерді пайдалануы. 2.Қисынға ие емес адамдар тәмсілдерді пайдаланып, жөнсіз әзіл-сықақ жасап, илаһи тұлғалардың абыройларына нұқсан келтіруді көздейді.2. Илаһи жетекшілерді қорлау – адасушылық пен хақ және хақиқат жолынан бұрылудың факторы. Бұрмалаушылық адамның жолдан тайқып, оның қайтып оралу мүмкіндігі жоқ болатындай, біртіндеп пайда болады