Исра сүресі, 466-шы бөлім, 37-40 аяттар
Исра сүресі, 466-шы бөлім, 37-40 аяттар
«Исра» сүресінің 37-38 аяттары:
" وَلا تمش ِ فی الارض ِ مَرَحا ً انّکَ لن تخرقَ الارضَ وَلن تبلغَ الجبالَ طولا ً " ، " کلّ ذلکَ کانَ سَیّئهُ عندَ رَبّکَ مَکروها ً "
Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың (37). Осы барлық жаман нәрселер Раббыңның қасында жек көрілген (38).
Алдыңғы бірнеше бағдарламада кісі өлтіру, зина жасау, жетімдерге әділетсіздік пен зұлымдық жасау, кемітіп сату сынды ұят және жек көрінішке себеп болатын істерден аулақ болу туралы әртүрлі діни бұйрықтар айтылды. Осы аят бұйрықтар жиынтығының соңында әлеуметтік ахлақтық және маңызды бір бұйрыққа сілтеме жасап, былай дейді: «Адамдардың арасында жүрген кезде тәкәппар, кердең адамдар сынды жүрме. Жерді тесіп жіберетіндей болып аяғыңды баспа, өзіңді таулардан биік етіп көрсеткің келгендей мойныңды соншалықты созба. Керісінше мойынсұнып, басыңды төмен салып, қадамыңды ақырын, байыппен бас. Бұл – Құранның «Фурқан» сүресінің 63 аятында да соған сілтеме жасалған Алланың дұрыс пенделерінің нышаны. Ия, ислам уәжіптер мен тыйымдарды қамтитын істердің міндеттерімен қатар соларды сақтау адамның ахлақтық дамуы мен өсуіне себеп болатын көп бұйрық та берген. Осы аяттан үйренетініміз:1. Тәкәппарлық сөйлеу мен көзқарастағы ғана емес, сондай-ақ тіпті жүрген кезде де айыпталатын, жағымсыз іс.2. Ұят істер барлық діндерде құпталмайды. Себебі негізінде мұндай істер Алланың алдында жек көрінішті.
«Исра» сүресінің 39 аяты:
" ذلکَ ممّا اَوحی الیکَ رَبّکَ منَ الحکمَة ِ وَلا تجعل مَعَ الله ِ الها ً آخَرَ فتلقی فی جَهَنّمَ مََلوما ً مَدحوُرا ً "
(Мұхаммед Ғ.С.) міне осы Раббыңның саған уахи еткен хикіметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: сөгіс берілген, мәрхаметтен қуылған түрде тозаққа тасталасың. (39)
Осы сүренің 22 аятынан 38 аятына дейін Алла тарапынан көптеген бұйрықтар баяндалды. Бұл аят сол бұйрықтарды уәһи түрінде пайғамбарға түсірілген илаһи хикметтер деп атайды. Осы аяттардың бірінші мазмұны шерктен аулақ болу туралы болды. Осы аят та аяттардың осы жиынтығының соңында тағы да шерктен аулақ болуды қуаттап, шерктің салдары сөгіс пен айыптау және илаһи рақымнан мақұрым қалу деп атайды. Жоғарыда айтылған аяттан мынадай тұжырым жасаймыз.1. Алланың бұйрықтары негізсіз емес, хикмет пен маслихат негізі бойынша. Бірақ кейбір жағдайларда біз илаһи бұйрықтың маслихатын таппауымыз, бірақ Алланың даналығына сенетін болғандықтан оны қабылдауымыз мүмкін. 2. Илаһи бұйрықтар мен заңдардан аттап, адамзаттың бұйрықтарына ілесу заң істері бойынша Аллаға шерк қосудың бір түрі саналады. Соңында ол өкініш пен сөгіске себеп болады.
«Исра» сүресінің 40 аяты:
" افاصفاکُم رَبّکُم بالبَنینَ وَاتّخذَ مِنَ المَلائکة ِ اناثا ً انّکُم لتقولونَ قَولا ً عَظیما ً "
Раббыларың сендерге ұлдарды арнап, өзіне періштелерден қыз етіп алды ма? Шынында әлбетте ауыр сөз сөйлейсіңдер. (40).
Мүшріктердің арасында таралған бүгінгі күні де періштелер туралы сурет салып немесе соларға арнап ескерткіштер жасауда көрінетін ырымшыл наным-сенімдердің бірі періштелерді әйел затынан деп санаулары. Періштелер адамдар сияқты қыз немесе ұл деп бөлінбейді. Олардың арасында ешқандай жұптастық жоқ. Мүшріктердің қыздарды ұят пен пәстіктің себебі деп санай тұра, періштелерді Алланың қыздарына балағандары қызық. Осы жерде мына нәрсені айтқан жөн. Қыз балалар да ұлдар сияқты илаһи сый. Олардың арасында адами құндылық тұрғысынан ешқандай айырмашылық жоқ. Сол себепті жәһілдіқ қоғамдарда кең таралған қыздарды қорлау ісі жалған және ырымшылдықтан туындаған. Бірақ Құранның мақсаты оларды өздерінің қисындары бойынша сынға алып: «Сендер өздеріңе соны ар санайтын нәрсені Пәруәрдігерлеріңе қосатын қандай адамсыңдар?» дейді.Қалай болғанда да осы аят аталмыш ырымшыл наным-сенімді теріске шығарып, былай дейді: «Алла Тағала күш-қуаттың белгісі және байлық жинаудың құралы болатын ұлдарды сендерге беріп, Өзі періште қыздарды Өзіңе алды ма? Бұл не деген әділетсіз және ынсапсыз түсінік пен төрелік!» Өкінішке орай, Алланың перзенті бар деген сенім исламнан бұрынғы кейбір аспандық діндерден көрініс беріп, олардың таза әрі пәк сенімдерінің бұрмаланушыққа ұшырауына себеп болған еді. Құран былай дейді: «Тарихтың бір кезеңінде яһудилер Алланың пайғамбары болған Узаирды Алланың перзентіне балады. Мәсихилер Алланың үлкен пайғамбары болған хазірет Мәсіхті де Алланың ұлы деп қасиетті санап, оған табынды. Бұлар аспандық діндердің ізбасарлары арасындағы шеркке ластанған сенімдер болды». Осы аяттан үйренетініміз:1.Алланың презенті, ұлы не қызы бар деген ой негізсіз әрі мағынасыз сөз. 2.Өздері үшін қаламайтын нәрсені Аллаға қалайша телуге болады? Қалайша материалды емес, абстракты әлемнің жаратылстары періштелерді жынысқа бөліп, соның негізі бойынша билік етуге болады?